«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- тарау. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ



Pdf көрінісі
бет92/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   295
Байланысты:
Неке

11-
тарау. АТА-АНАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
68-
бап. Ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігі
1. Ата-аналардың өз балаларына қатысты тең құқықтары және тең мiндеттерi (ата-ана 
құқықтары) болады. 
2. Осы тарауда көзделген ата-ана құқықтары балалары он сегiз жасқа (кәмелетке) 
толғанда, сондай-ақ кәмелетке толмаған балалары некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) 
кезде тоқтатылады. 
69-
бап. Кәмелетке толмаған ата-аналардың құқықтары
1. Кәмелетке толмаған ата-аналардың баламен бiрге тұруға және оның тәрбиесіне 
қатысуға құқығы бар. 
2. Некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған), кәмелетке толмаған ата-аналар өздерінде 
бала туған жағдайда және өздерінің ана және (немесе) әке болуы анықталған кезде олар он 
алты жасқа толған соң ата-ана құқықтарын өз бетiнше жүзеге асыруға құқылы. Кәмелетке 
толмаған ата-аналар он алты жасқа толғанға дейiн қорғаншылық немесе қамқоршылық 
жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган балаға қорғаншы тағайындайды, ол 
баланың кәмелетке толмаған ата-аналарымен бiрге оны тәрбиелеуді жүзеге асырады. 
Баланың қорғаншысы мен кәмелетке толмаған ата-аналары арасында туындаған 
келiспеушiлiктерді кәмелетке толмаған баланың және ата-аналарының мүдделері мен 
құқықтарын ескере отырып, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды 
жүзеге асыратын орган шешеді. 
3. Кәмелетке толмаған ата-аналардың жалпы негiздерде өздерiнiң әке және ана болуын 
тануға және оған дау айтуға құқығы бар, сондай-ақ өздері он төрт жасқа толғаннан кейiн 
сот тәртiбiмен өз балаларына қатысты әке болуды анықтауды талап етуге құқығы бар. 
70-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет