«Неке (ерлі-зайыптылық) жңне отбасы туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-іv кодексі


- бап. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту



Pdf көрінісі
бет89/295
Дата08.02.2022
өлшемі0,99 Mb.
#119178
түріКодекс
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   295
Байланысты:
Неке

64-
бап. Баланың атын және (немесе) тегін өзгерту
1. Ата-аналарының екеуi де тегiн өзгерткен кезде кәмелетке толмаған балалардың тегi 
өзгередi. 
Бала он алты жасқа толғанға дейiн ата-аналарының бiрлескен өтiнiшi бойынша 
тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала отырып, баланың атын, сондай-ақ оған 
берiлген тектi ата-анасының екіншісінің тегiне өзгертуге рұқсат береді. 
2. Неке (ерлі-зайыптылық) тоқтатылған немесе неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп 
танылған жағдайда бала өзiне туған кезде берiлген тегін сақтайды.
3. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда 
ресімдеместен бөлек тұрса және бала өзімен бiрге тұратын ата-анасы оған өзiнiң тегiн 
бергiсi келсе, тіркеуші орган бұл мәселенi баланың мүдделерiне қарай және нотариатта 
ресімделген басқа ата-ананың пiкiрiн ескере отырып шешедi. Ата-ананың тұратын жерiн 
анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке 
қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден 
дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.
4. Егер ата-аналары некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын тіркеуші органда 
ресімдей отырып, бөлек тұрса және бала өзімен бірге тұратын ата-анасы оған өзінің тегін 
бергісі келсе, тіркеуші орган бұл мәселені ата-аналарының екіншісінің пікірін 
ескерместен, баланың мүдделеріне орай шешеді. 
5. Егер бала бiр-бiрiмен некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты емес) адамдардан туса және 
әкесi заңды тәртiппен анықталмаса, тіркеуші орган баланың мүдделерiн негiзге ала 


отырып, оның тегiн анасының осындай өтiнiш жасаған кезде болған тегiне өзгертуге 
рұқсат етеді.
6. Он жасқа толған баланың аты және (немесе) тегi заңды өкілдердің қатысуымен 
алынған оның келiсiмiмен ғана өзгертіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   295




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет