Апгар шкаласы: анықтамасы, белгілері.
Анықтамасы
Апгар шкаласы- бала дүниеге келген кезде балаға баға беру кестесі
Тексерудің қортындысында сәбидің жағдайы 0–10 балл аралығында бағаланады:
7–10 — жағдайы жақсы, денсаулығында ешқандай ауытқу жоқ;
5–6 — жағдайы орташа, денсаулығында аздаған ауытқу бар;
3–4 — жағдайы нашар, денсаулығында айтарлықтай ауытқу бар;
0–2 — жағдайы өте нашар, сәби өмірі қатерде.
Критерийлері:
А – activity – бұлшықет тонусы мен белсенділігі;
Р – pulse – жүрек соғысы;
G – grimace response – жаңадан туылғандарға тән шартсыз рефлекстердің болуы;
A – appearance – терісінің түсі және күйі, денесінің сыртқы көрінісі;
R – respiration – тыныс алуы және шыңғыруы.