Нәруыздардың қоректік қызметі Нәруыздардың дамып келе жатқан ұрық (жұмыртқа, уылдырық, сүт ақуыздары және т.б.) үшін негізгі қорек көзі болып табылады Сондықтан жануар организміне организмде түзілмейтін алмастырылмайтын амин қышқылдары үнемі түсіп отыру қажет.
Нәруыздардың тасымалдау қызметі
Нәруыздар қан арқылы суда ерімейтін қосылыстарды, мысалы альбуминдер май қышқылдарын, билирубинді, гормондарды, глобулиндер – липидтерді, металдарды тасымалдайды. Гемоглобин газдарды тасымалдайды.
Нәруыздардың қорғаныштық қызметі
Иммундық жүйе ерекше ақуыздар иммуноглобулиндердің (антиденелер) синтезін қамтамасыз етеді. Осы нәруыздардар ағзаға бөгде заттар немесе бактериялар түскен кезде жауап ретінде түзіледі. Қансыраудан сақтайтын қан ұю үрдісіне қатысатын фибриноген нәруызының қызметі де қорғаныштық болып табылады.
Нәруыздардың жиырылу қызметі
Жиырылу қызметі дегеніміз – кеңістікте қозғалу қабілеттілігі, жүрек жұмысы, тыныс алу, ішектің жиырылуы (перистальтика), тамырлардың тарылуы және кеңеюі бұлшықет ақуыздары (актин, миозин) арқылы іске асады. Актомиозиндік комплекс жоғары АТФ-азалық белсенділікке ие.
Нәруыздардың реттеуші қызметі
Зат алмасуын реттейтін көптеген гормондар химиялық табиғаты жағынан ақуыздар, пептидтер немесе амин қышқылдарының туындылары болып табылады. Гормондармен байланысатын жасуша рецепторларының табиғаты да ақуыз болып табылады. Нәруыздар қышқылдық-негіздік тепе-теңдікті (ҚНТ), орта рН-ын, қанның онкотикалық қысымын (альбуминдер) реттеу арқылы ағзаның гомеостазын тұрақты сақтауға қатысады.
Электротрансформациялық қызметі
Нәруыздардың электротрансформациялық қызметі электрлік және осмостық энергияны макроэргтердің (АТФ) энергиясына айналдыруымен сипатталады.
Генетикалық ақпараттың тасымалдануына қатысуы
Гистондарға жатпайтын нәруыздар (ферменттер және фермент емес ақуыздар) ДНҚ, РНҚ синтезіне және осы үрдістердің реттелуіне қатысады.
Нәруыздардың құндылығы
Құнды нәруыздар - олардың құрамында барлық 8 алмастырылмайтын амин қышқылы бар, (адам ағзасында синтезделмейтін аминқышқылдар), оларға жатады: валин, лейцин, изолейцин, треонин, метионин, фенилаланин, триптофан, лизин.
Құнды белоктарға жатады, мысалы, альбуминдер, глобулиндер, сүттің казеиногені, балық уылдырығындағы ихтуллин
Егер нәруыздығ құрамында ең болмағанда бір алмастырылмайтын амин қышқылы жетіспесе, онда ақуыз құнсыз болып саналады (коллаген, эластин, кератин, миозин)
Достарыңызбен бөлісу: |