Амин қышқылдарының жіктелуі АҚ жіктеледі
радикалдың құрылысы бойынша: ациклді және циклді;
функционалды топтар бойынша: моноаминмонокарбон (МАМҚ) – гли, ала, сер, цис, тре; моноаминдикарбон (МАДҚ) – глу, асп; диаминмонокарбон (ДАМҚ) – лиз, арг;
радикалдардың полярлығы бойынша: полярлы және полярсыз. Полярлы бөлінеді: ионогенді және ионогенді емес (1 кесте);
физиологиялық маңызы бойынша АҚ алмастырылатын, шартты түрде алмастырылатын және алмастырылмайтын. Алмастырылмайтын АҚ (три, фен, лиз, вал, тре, мет, лей, иле) жануар ағзасында синтезделмейді, сондықтан үнемі тағаммен түсіп тұруы керек.
Шартты түрде алмастырылатын (арг, гис) ағзада жеткіліксіз түрде синтезделеді, сондықтан олардың мөлшері тағаммен толықтырылуы тиіс.
Алмастырылатын амин қышқылдары ағзада синтезделеді.