Несеп – жыныс жүйелерінің бейспецификалық қабыну аурулары



бет5/10
Дата06.02.2022
өлшемі1,28 Mb.
#81462
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
уро-2

Уретерит

Паранефрит

  • Паранефрит — бүйректің айналасындағы майлы клетчатканың қабынуы. Егерде бүйректің фиброзды капсуласы қабынатын болса перинефрит деп аталады. Паранефрит стафилококтан, ішек таяқшасынан және микроорганизмдердің басқа да түрлерінен болады.

Паранефрит

  • Біріншілік және екіншілік паранефрит деп сараланады. Біріншілік паранефрит бүйрек ауруы жоқ уақытта, ағзадағы шалғайдағы іріндеп қабыну ошақтарынан (панариций, фурункул, остеомиелит, пульпит және т.б.) гематогендік жолмен паранефралдық клетчатканың инфекциялануы салдарынан пайда болады. Оның дамып өршуіне бел өңірінің жарақаттануы, суықтию және басқа да экзогендік факторлар себепші болады.
  • Қосалқы паранефрит бүйректегі іріндеп-қабыну процесінің асқынуы ретінде пайда болады: бір жағдайда іріңнің бүйректегі қабыну ошағынан (бүйрек карбункулы, бүйрек абсцесі, пионефроз) паранефралдық клетчаткаға тікелей тарап жайылуынан, енді бір жағдайларда (пилонефрит кезінде) лимфалық жолдармен жөне гематогенді түрде тарауынан болады. Паранефралдық клетчаткаға инфекция көрші органдардағы қабыну ошақтарынан да келіп түсуі мүмкін (параколит, ретроперитонит, параметрит, парацистит, аппендицит, бүйрек абсцесі, өкпе плевриті кезінде жөне т.б.) Екіншілік паранефрит мұндай жағдайлардың 80 процентінде кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет