Қабыну процесіне тән сипатқа қарай жедел және созылмалы паранефит деп саралайды. Жедел паранефрит бастапқыда экссудативті қабыну стадиясынан өтеді, мүның өзі кері дамуға ұшырауы немесе ірінді стадияға ұласуы мүмкін. Егер паранефральдық қлетчаткадағы ірінді процесс тарап жайылуға бет алса, онда өдетте фасция аралық перделер ірігкыдырайды да, ірің бел өңірінің неғұрлым осал тұстарына -Пти және Лесгафт-Грюнфельд үшбұрыштарына қарай ағылады. Процесс одан әрі дамыған жағдайда ірің паранефралдық клетчатка шегінен асып, ішперде арты клетчаткасының флегмонасын түзеді. Флегмона ішекке, ішперде қуысына немесе плевралдық қуысқа, қуыққа немесе шап өңірі терісінің астына, бел бұлшық етінің бойымен тарауы, ал жапқыш саңылауы арқылы саннын ішқі бетіне өтуі мүмкін.