n — жыл саны немесе V = 600 + 100 (n – 1) формуласы бойынша:
V — тәуліктік зәр көлемі;
n — жас саны.
Керек емес заттарды шығару үшін балаға үлкендерге қарағанда көп су керек. Сусыздану балаларда жылдам дамиды. Омырау алатын балалар оны толық меңгереді және бүйрек арқылы заттар өте аз бөлінеді. Осыған байланысты төмен функционалды мүмкіндік кездерінде, су-тұз алмасуын реттейтін жүйе қызметі төмен болған жағдайда, бала ішкі ортаның тұрақтылығын ұстап тұрады. Омырау сүтін басқа тағамдармен алмастырған кезде буйрекке түсетін күштеме жоғарылайды, бөлініп шығарылатын өнімдер саны көбейеді, бүйрек үлкен қысыммен жұмыс жасайды, зәр қышқылдығы өзгереді. Бүйрек қан мен жасушадан тыс сұйықтық алмасуының осмостық регуляциясына, қышқыл-сілтілі тұрақтылықтың реттелуіне қатысады.

Шумақша капиллярларында жүретін плазма ультрафильтрациясы көмегі арқылы нефронның белсенді функциясы нәтижесінде зәр түзіледі, түтікшелерде су, глюкозаның кері сіңірілуі, ағза құрылымына қажетті синтез бен секреция іске асады. Шумақшалардың фильтрлеуші мембранасы арқылы қан плазмасынан төмен молекулярлы суда еритін құрылымдар өтеді. Бүйрек фильтрі жасушалық элементтер мен ақуыздарды өткізбейді.