Біріншікезеңде(2017-2018жж.)зерттеу мақсатына сәйкес материалдар, ресми құжаттар деректері жинақталып, талдау жасалды, ғылыми аппарат негізделді; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың озық тәжірибелері жинақталды; зерттеу мәселесінің теориялық және теориялық негіздері, мәселенің ғылымда зерттелу жайы айқындалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың негізгі ұғымдары мен олардың мәні айқындалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың мәні мен мазмұны зерделеніп, тәжірибелік эксперимент жұмыстарының бағдарламасы жасалып, анықтау эксперименті жүргізілді.
Екінші кезеңде (2018-2019 жж.) педагогтарды инклюзивті оқытуға даярлаудың құрылымдық моделі жасалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалып, оларды жүзеге асырудың әдістемесі жасалды; білім беру бағдарламалары, оқу-әдістемелік кешен жасалды; білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтардың даярлығын қалыптастыру бойынша эксперимент жүзеге асырылды, аралық кесінділер алынды.
Үшіншікезеңде(2019-2022жж.)білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық моделін апробациядан өткізу және тиімділігін тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерістен өткізілді; эксперимент жұмысы кезеңінде алынған аралық, қорытынды нәтижелерге салыстырмалы талдау жасалды және статистикалық өңдеу жұмыстары жүргізілді.
білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педаготарды даярлаудың құрылымдық моделі жасалды;
педагогтарды білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалды;
білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың әдістері мен формалары және оның тиімділігі тәжірибелік эксперимент жүзінде тексерілді.