1 БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА ИНКЛЮЗИВТІ ОҚЫТУҒА ПЕДАГОГТАРДЫ ДАЯРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың теориялық негіздері және құрылымы.
Қазіргі таңда жалпы жалпы зерттеу жұмыстарында, соның ішінде білім беру саласындағы зерттеулерде теориялық негіздерді зерттеу, жүйелеу жұмыстары Білім беру жүйесінің және инклюзивті оқытудың теориялық негіздерін көптеген ғалымдар зерттеген. Зерттеулердің ортақ мәселесі тұлғаға бағытталған тұғырлардың нысаны жеке тұлға болып отыр (А.Г.Асмолов, Е.В. Бондаревская, В.А.Ситаров).
Философия инклюзивтік оқытуды дені сау тұлғалар мен денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлесе өмір сүру болмысының нысаны ретінде қарастырады. Философиялық тұрғыдан инклюзивтік білім беруді ендіру мен дамыту заңдылықтарының теориялық негіздерін әзірлеу тарихи-философиялық, онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, антропологиялық, әлеуметтік, теориялық аспектілерде жүзеге асады. Отандық және шетелдік ғалымдар инклюзивтік білім беруді зерттеуде теориялық, философиялық және ғылыми теориялық ұстанымдарға сүйенеді.
Теориялық тұғырларды инклюзивті оқыту тұрғысынан қарастырған бірнеше ғалымдар болды. Соның ішінде А.В.Бахарев өзінің диссертациялық зерттеуінде субъект-субъектілік, тарихи және өркениеттік тұғырларды ұсынады. Ғалымның пікірінше, субъект- субъектілік тұғыр мүмкіндіктері шектеулі жандардың белсенді түрде өзін-өзі әлеуметтік анықтауын, өзін-өзі жүзеге асыруын және өзін-өзі дамытуын және мәдениетті игеруін білдіреді. Тарихи тұғыр инклюзивті білім беруде баланы оқыту мен тәрбиелеу үдерісі қоғамдағы болып жатқан тарихи өзгерістерге қатысты жаңғырып отыратындығын білдіреді. Өркениеттік тұғыр инклюзивті оқытуды дені сау және денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың бірлесе өмір сүру болмысының нысаны ретінде қарастырады [53].
В.Ф. Петрова, М.Ш. Хасанов, Б.А. Джаамбаевалар инклюзивті оқытудың теориялық негіздерін сипаттай отырып, «әлеуметтік тұғыр» ұғымын қолданады. Ғалымдар әлеуметтік тұғырды тұлға мен әлеуметтік ортамен байланыстыра қарастырады, әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықпалы мен оны жандандыру шарттарын негіздейді [54].
Біздің ойымызша, педагогикалық проблемаларды зерттеудің теориялық ұстанымдары Ш.Т. Таубаеваның «Педагогиканың философиясы және әдіснамасы» еңбегінде толық көрсетілген. Айта кететініміз, Ш.Т.Таубаева педагогиканың теориялық тұғырын ғылымның даму бағыттарына сәйкес үлкен 3 топқа бөліп көрсетеді:
1) Мегатеориялық тұғырлар (жаратылыстану-ғылыми, гуманитарлық);
2) Макротеориялық тұғырлар (мәдени, синергетикалық, инновациялық, экологиялық);
3) Микротеориялық тұғырлар (тұлғалылық, жүйелілік, әрекеттік және т.б.) [49, с.104]. Енді білім берудің теориялық тұғырларын жүйелей келе, сызбада беріп отырмыз (Кесте 1).
Кесте 1 - Теориялық тұғырлардың жүйеленуі
Достарыңызбен бөлісу: |