Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарының білім беру жұйесінде, кәсіби біліктілігін жетілдіру орталықтарында және қосымша білім беруде пайдалануға болады.
«Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау» оқу-әдістемелік кешені;
Ұсынылған әдістемелік жүйені жоғары оқу орындарындағы білім беруде пайдалануға болады.
Диссертациялық зерттеуде қол жеткізілген нәтижелер мен олардың негізінде жасалған нақты ғылыми-әдістемелік ұсыныстарды, зерттеу материалдарын білім беру ұйымдарында болашақ инклюзивті оқыту педагогтарын даярлайтын оқу орындарында, колледждердің тәжірибесінде, педагог кадрлардың біліктілігін көтеру мен қайта даярлау ұйымдарында пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға даярлау – кәсіпорын мен оқу орнының бәсекеге қабілетті мамандарды инлюзивті білім беруге бірлесе даярлайтын инновациялық үдерісі. Білім беру ұйымдарында педагогтарды инклюзивті оқытуға даярлау мақсаты мен міндетіне, теориялық ұстанымдарына, мазмұны мен көрсеткіштеріне сай мотивациялық-құндылық, танымдық, іc-әрекеттік, өлшемдік компоненттерінің өзара тығыз байланыстылығын қарастыратын құрылымдық моделі.
1. Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың педагогикалық шарттарды жүзеге асырумен қамтамасыз етеді, яғни ұйымдастырушылық-: білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық моделі негізінде әзірлеу және енгізу; теориялық - дуальді білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау мазмұнын құрастыру, технологиялық-дуальді білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың әдістері мен формаларын айқындау, оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, мониторингтік - педагогтарды білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға даярлығы деңгейін кезеңдік мониторингін жүргізу; өзін-өзі жетілдіру деңгейі, денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды инклюзивті оқытуды жүзеге асыруға оң көзқарас қалыптастыру, педагогикалық-психологиялық сүйемелдеу.
2. Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың әдістері мен формалары тәжірибеге ендірілуімен іске асырылады.