Жарияланымдар. Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жазылған барлығы 2 ғылыми жұмыс жарық көрген.
Диссертация құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыс компьютермен теріліп басылған, ол кестемен, суретпен безендірілген. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі аталымнан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты, тақырыптың өзектілігі, зерттеу жұмысының мақсаты, пәні, нысаны, ғылыми болжамы мен міндеттері, теориялық негіздері, жетекші идеясы, зерттеу әдістері мен кезеңдері, ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы, практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылған қағидалар тұжырымдалып нақтыланды, зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы, зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі баяндалды.
«Білім беру ұйымдарында инклюзивтік оқытуға педагогтарды даярлаудың теориялық негіздері» атты бірінші тарауда зерттеу мәселесі бойынша еңбектерге теориялық талдау жасалынып, білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың теориялық негіздері анықталды, «білім беру ұйымдарында инклюзивтік оқыту» ұғымының мәні нақтыланды, мазмұны мен құрылымы айқындалды. Білім беру ұйымдарында инклюзивтік оқытуға педагогтардың даярлығының қазіргі жағдайы, зерттелуі сараланды. Білім беру ұйымдарында инклюзивтік оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық- мазмұндық моделі әзірленді.
«Білім беру ұйымдарында инклюзивтік оқытуға педагогтарды даярлау бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар» тақырыбындағы екінші тарауда білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың педагогикалық шарттары айқындалды. Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың әдістері мен формалары анықталды. Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың құрылымдық моделі апробациядан өткізілді. Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау бойынша эксперименттік-тәжірибе жұмыстары өткізілді.Тәжірибе жұмыстарының нәтижелері сараланды, талдау жасалды.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері мен тұжырымдары түйінделді, эксперименттік іс-тәжірибелер негізінде білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлауды жоғары оқу орнының оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану туралы ғылыми- әдістемелік ұсыныстар берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |