Синергетикалық қағида мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды оқыту процесінің мазмұны мен ұйымдастырудағы өзгерістердің жүйелілігін, пәнаралық байланысты, мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды, олардың отбасын толығымен психологиялық және педагогикалық қолдау мен сүйемелдеуді қарастырады.
Синергетика қағидалары мен шарттарының педагогикалық теория мен практикаға енгізілу мәселесі өзекті. Педагогикалық синергетиканы білім беру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі оқытудағы педагогтардың тұлғалық қалыптасуына бағытталған көп факторлы өзара әрекеттесудің синтезі ретінде қарастырады [73, б. 22-26].
Ғылыми қоғамдастықта педагогикалық үдерісте синергетика қағидалары мен тұжырымдамаларын, түсініктерін қолдануға тек оң ғана емес, сонымен қатар теріс көзқарастар бар. Адамның әмбебаптығы оның еркіндігін, өмірдің алуан түрлі жағдайларында басқа адамдармен дұрыс қарым-қатынас мәтініндегі рухани құрылымын білдіреді. Синергетика қағидалары гуманизм мен дамушы педагогиканың қағидаларына қайшы келмеуі, керісінше, олар өз кезегінде оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістеріне кедергі жасамауы үшін білім мен тәрбие беруде әртүрлі тәсілдерді үйлесімді біріктірудегі қолданыс мәселесі қозғалады.
Жеке-тұлғалық қағидасы мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың функционалдық жағдайын диагностикалау, жеке траекториясына негізделген жеке оқу жоспарын, жеке оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын, мүмкіндігі шектеулі тұлғалармен жұмыс жасауға мүмкіндік беретін вариативті білім беру ортасының болуын қамтиды.
Тұлға - адамның жеке ерекшеліктері мен мінез-құлық сипатының құрылымы. А.Маслоу ұсынған тұлға теориясы биологиялық және жеке қажеттіліктерден тұрады [74].
А.И. Анцыферова көзқарасы бойынша, тұлға дамып қалыптаса отырып, адам жеке әлеуметтiк мүше болып табылады [75, б.10].
Жеке тұлғаның өзіндік белсенділігін қолдау қағидасына денсаулығына байланысты мүмкіндіктері шектеулі баланың жеке ерекшеліктері есепке ала отырып, өзін-өзі тану мүмкіндіктерін дамыту, педагогикалық қолдауды кезең-кезеңмен жсопарлы жүзеге асыру, оқыту процесінде одан әрі білім беру бағытын анықтау жұмыстары жатады.
Жеке тұлғаның өзіндік белсенділігін дамытуда қабілеттілік ерекше орын алады. Қабілеттілік дегеніміз - білімді өте жоғары деңгейде меңгеру нәтижесіне байланысты адамның көптеген іс әрекеттерге икемі болуы, шеберлігінің тез қалыптасуы. Шығармашылық қабілет - адамның әлі ешкім білмейтін жаңа бір бейнені өз бетінше құруымен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болмасын жаңалық ендіру арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.
Жеке тұлғаның белсенділігі өз игіліктерінің басымдылығымен, жеке басының мүддесі, беделінің басым болуымен туындайды. Өзін-өзі белсендендіру қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұлғалар - бұл өзін-өзі танытқан адамдар, олардың қызығушылық пен шығармашылық ойлау қабілеті негізгі мақсатын көрсетеді.
Енді білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың жоғарыда аталған бес қағидасын бейнелейміз (Сурет 4 ).
Сурет 4 - Білім беру ұйымдарында инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлаудың қағидалары
Инклюзивті білім беру арнайы қағидаларды басшылыққа алады, олар:
- адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне қолдауына және достығын зәру;
- білім алушылардың жетістігі олардың қолынан не келетіндігінде;
- түрлі құбылыстар адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді [76]. Инклюзивті оқытудың теориялық-философиялық негіздерін жалпылау келесі ұстанымдарды қалыптастыруға мүмкіндік беретіндігін анықтадық:
- ғылымилық ұстанымы инклюзивті оқытудың теориялық- теориялық негіздерін, бағдарламалық-әдістемелік құралдарды әзірлеуді, нәтижелерін талдауды және мониторингтеуді, технологияларды тиімді бағалауды, тәуелсіз сараптама жүргізуді қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |