Нормативтік сілтемелер



бет23/31
Дата14.09.2023
өлшемі1,1 Mb.
#181073
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31
Байланысты:
ДИПЛОМ Гулсая Рысдаулет
курсера 23-24 1 сем
Диссертациялық жұмыстың атауы

Диссертациялық
жұмыстың авторы

Қорғаған
жылы

1

Формирование инклюзивной компетентности будущих учителей в процессе профессиональной подготовки

Хафизуллина Ильмира Наильевна

2008

2

Педагогические условия организации раоты с подростками с ограниченными возможностями здоровья на уроке музыки

Бахромеева Александра
Борисовна

2009

3

Организационно-педагогические условия обучения детей с ограниченными возможностями здоровья средствами инклюзивного образования

Артюшенко Наталья Петровна

2010

4

Механизм управления инновационным
проектом по внедрению инклюзивной модели образования в вузе

Кондратьева Сардана Ивановна

2010

5

Сравнительный анализ общего инклюзивного образования в странах запада (Канада, США,
Великобритания) и России

Мельник Юлия Владимировна

2012

Кесте 7 жалғасы

6

Модель инклюзивного образования в условиях муниципальной образовательной
системы

Мѐдова Наталия Анатольевна

2013

7

Формирование готовности учителей начальных классов к работе в условиях
инклюзивного образования

Оралканова Индира Адылкановна

2014

8

Подготовка педагогов к работе в условиях
инклюзивного образования

Кузьмина Ольга
Сергеевна

2015

9

Социально-профессиональная адаптация обучающихся с ограниченными возможностями здоровья в условиях инклюзивного среднего профессионального
образования

Гудожникова Ольга Борисовна

2016

10

Современное состояние и тенденции развития
инклюзивного образования за рубежом

Сигал Наталья
Германовна

2016

11

Providing Quality Education for Children with Disabilities In Developing Countries: Possibilities and Limitations of Inclusive
Education in Cambodia

Diana Kartika



2017

12

Педагогическое сопровождение преодоления инновационных барьеров педагогов инклюзивного образования

Петров Дмитрий Александрович

2017

13

Formação inicial do pedagogo e a experiência no pibid educação inclusiva na ufc: saberes, práticas
e vivências

Ana Larisse do Nascimento
Maranhão

2017

14

Формирование деонтологической готовности будущих педагогов к работе в условиях
инклюзивного образования

Аубакирова Сауле Джамбуловна

2017

15

Профессиональная подготовка педагогов к проектированию инклюзивного образовательного пространства (на примере
подготовки магистров)

Ромашевская Екатерина Сергеевна

2017

16

Инклюзивті білім беру жағдайында болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануға даярлау

Оралбекова Алия курбановна

2017

17

Жоғары оқу орындарында мүгедек студенттерге білім берудің ұйымдастырушылық-педагогикалық
шарттары

Мажинов Бағдат Молдахметұлы

2017

18

Inklusive Lehrerbildung für Sonderpädagogen
und Regel-schullehrkräfte im Primarbereich in Bayern und Korea

Suk Nam

2017

Осы диссертациялық жұмыстардың ішінде инклюзивті білім беруге педагогтарды кәсіби даярлау бағытында жүргізілген зерттеу жұмыстарына назар аударайық.
Алдымен ғалым О.С. Кузьминаның педагогтарды инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істеуге даярлау кезінде мотивациялық-құндылық, кәсіби құзыреттілік сапаларын және инновациялық қызметке дайындығын қалыптастыруға мүмкіндік беретін технологиялар кешенін пайдалану туралы пікірі қызығушылық турдырды. Ғалымның пікірінше, инклюзивті білім беру жағдайында педагогтарды даярлаудың негізі:
- жеке-белсенділік;
- аксиологиялық тәсілдер.
Жеке-белсенділік тәсіл педагогтарды даярлауда олардың кәсіби және жеке сипаттамаларын сапалы өзгертуге, олардың кәсіби қызметін өзгертуге бағытталған. Аксиологиялық тәсіл педагогтардың кәсіби және жеке дамуының көрсеткіші болып табылатын жеке педагогикалық құндылықтарды қамтиды.
Педагогтардың инклюзивті оқытуға даярлығы мотивациялық- құндылық, операциялық-белсенділік және рефлексивті-бағалау дайындығын қамтиды. Инклюзия жағдайында педагогтерды жұмысқа даярлау моделі педагогтардың кәсіби құзыреттілігін, кәсіби қабілетін дамытуға бағытталған мазмұндыжәне ұйымдастырушылық компоненттерден тұрады. Кәсіби құзыреттілік тұжырымдамасының логикасындағы мазмұндық компонент қажетті тәсілді таңдауды анықтайды және құрылымдық элементтері инклюзивті білім беруді дамытудың анықталған тенденцияларын ескере отырып жүйеленген және қалыпты және мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда педагогтардың жаңа кәсіби тәжірибесін қалыптастыруға бағытталған модульдік компонентті қамтиды. Ұйымдастырушылық компонент білім алушылар мен педагогтардың бірлескен қызметін ұйымдастырудың технологияларды пайдалана отырып жүзеге асырылатын кәсіби міндеттерді шешуге бағытталған жүйелі тәсілі ретінде сипатталады [132]. А.К. Оралбекова педагог өзінің педагогикалық қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін білімдер мен дағдылар жиынтығын меңгереді. Бұл педагогтың бойында құзыреттіліктердің қалыптасуын қажет етеді. Құзыреттілік педагогтың жеке тұлғалық қасиетіне айналуы тиіс және педагог келесі құзіреттіліктерді игереді:
- психологиялық құзыреттілік;
- ғылыми-теориялық құзыреттілік;
- тәжірибелік құзыреттілік;
- психофизиологиялық құзыреттілік;
- физиологиялық құзыреттілік [42].
Ana Larisse do Nascimento Maranhão педагогтың бастапқы қалыптасуы инклюзивті білім беру тұжырымдамалары мен парадигмаларын, теориясы мен практикасын игеруден басталады дейді. Педагогтың бастапқы дайындығының негізгі өзегі – білім. Ғалымның пікірінше, педагогтың алғашқы білімі оқу практикасының кәсіби практикамен байланысты. Педагогтың кәсіби даму мүмкіндігі мүмкін болатын практикалық шындықпен байланысады. Педагогтың білімі оның саналы кәсіби білімін дамыту үшін теория мен практика арасындағы тиімді тұжырымға ықпал ететіндігін көрсетеді [133].
ҚР БҒМ Ғылым комитеті қаржыландырған инклюзивті білім беру бойынша гранттық ғылыми жобалар:
- 2643/ГФ4 «Теоретико-концептуальные основы развития инклюзивного образования в Казахстане». Мухамедханова А.К. (2015- 2017);
- 4072/ГФ4 Роль и место искусства в творчестве людей с ограниченными возможностями». Мусагулова Г.Ж. (2015-2017);
- AP05134037 «Формирование дистанционной образовательной среды вуза для обучения маломобильных (неподвижных) студентов- инвалидов». Мовкебаева З.А. (2018-2020);
- AP05134666 «Подготовка педагогических кадров к профессиональной деятельности в условиях инклюзивного образования». Абильдина С.К. (2018-2020);
- AP05130202 «Управление процессом оценки учебных достижений обучающихся с особыми образовательными потребностями». Аутаева А.Н. (2018-2020);
- AP08856309 «Научно-методическое сопровождение волонтерской деятельности студентов в рамках инклюзивного образования». Абильдина С.К. (2020-2022);
- AP08857092 «Организация довузовской подготовки лиц с ограниченными возможностями здоровья в системе инклюзивного высшего образования». ЖакипбековаС.С. (2020-2022);
- AP08856467 «Развитие инклюзивного общества: роль модели образования и социального государства (всеобщего благосостояния), опыт скандинавских стран». Жүсіпбек Ғ.Ө. (2020-2022);
Көріп отырғанымыздай, гранттық жобаларда инклюзивті білім берудің келесі аспектілері зерттелген:
- инклюзивті білім берудің теориялық және концептуалдық негіздері;
- инклюзивті оқытуға педагогтарды даярлау;
- инклюзивті қоғамды дамыту;
- мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды оқыту мәселелері.
Сонымен қатар зерттеу тақырыбына байланысты Web of Science және Scopus базаларында жарияланған ғылыми мақалаларға, монографиялық зерттеулерге шолу жасадық. Аталған материалдарды зерделей келе, инклюзивті білім беру мәселесінің зерттелуін төмендегіше топтастырдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет