Кейс-технологиясы білім алушыға оқу-әдістемелік кешен түрінде берілген ақпараттық білім ресурстарын әр түрлі ақпарат тасымалдауыштарды қолданып өз бетімен (кейстер) пайдалана алуға мүмкіндік береді. Телекоммуникациялық құралдар білім алушы, оқытушы және топ мүшелерінің байланысын, сондай-ақ оларды қосымша ақпараттық ресурстармен қамтамассыз ету үшін қолданады. Жеке және топ ішінде өткізілетін ашық сабақтарға (консультацияларға) елеулі рөл беріледі, оларды арнайы дайындалған оқытушы өткізеді.
Сабақтағы Кейс-технологиялардың негізгі кезеңдері :
2) Тақырыпқа байланысты әрбір сұрақты оқушылар жоспарлы және дәйекті түрде талқылайды, кейбір мәселелерді жеке, кейбіреуін топпен орындайды, жеке көмек көрсетіледі;
3) Мұғалім оқытылатын тақырыпты міндетті түрде қорытады, кемшіліктерді анықтайды, зерделейді, түсініңксіз сұрақтарға жауап береді, жояды;
4) Өтілген бөлім, не тақырыпқа диагностика жасалады.
Кейс-технологиясының артықшылықтары:
Оқушы берілген тақырып бойынша ұсынылған барлық материал көлемін көре алады;
тіпті ауырған жағдайда оқушы босатылған сұрақтарды көріп олармен өз еркімен жұмыс жасай алады;
Мұғаліммен сөзсіз бағаланатын, сыныптастар алдында кеңесші ретінде сөз сөйлейтін кейбір оқушының қорытынды сабаққа неғұрлым жақсы дайындалуға деген ынтасы туады;
Жыл соңында оқушыда барлық оқылған тақырыптар бойынша оқу-әдістемелік кешені жиналып тұрады, оларды ол емтихан кезінде қайталау ретінде пайдалана алады.
Интернет – технология ғаламдық және жергілікті компьютерлік желілерді қолданып білім алушылардың ақпараттық білім беру ресурстарына қол жеткізу, әдістемелік, ұйымдастырушылық, техникалық және бағдарламалық құралдарды қалыптастыру және оқу үдерісінің субьектілерін оның орналасқан жеріне қарамастан басқару. Интернет-технологияны іске асырудың басты кезеңі болып қашықтағы оқу-әдістемелік материалдарымен қамтамассыз ету үшін, оқу үдерісінің ағымдағы ақпаратын алу (off - line) оқытушы – кеңесшілермен қарым-қатынас жасау және т.б. үшін автоматтандырылған электрондық қызмет көрсету.
Дальтон-технологиясы еркіндік, дербестік, ынтымақтастыққа негізделеді. Бұл технология шығармашылық тапсырмалар жүйесі (дальтон - тапсырма), зертханалық жұмыстар (жеке және ұжымдық оқу-танымдық өзіндік жұмыс), сенім атмосферасын құру, жауапкершілік,