Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің



бет7/11
Дата22.04.2020
өлшемі64,45 Kb.
#64139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Kursovoi 774 docx

Тақырыптық картина – өмір белестері көрсетілген шығарма. Тарихи, батальдық,тұрмыстық, анималистік,интерьер жанрлары тақырыптық картинаның салалары болып табылады.

Тарихи жанр – адамзат,қоғам өміріндегі тарихи оқиғаларды, құбылыстарды бейнелеу.

Батальдық жанр – әскери өмір тіршіліктері, соғыс жағдайындағы іс-әрекеттерді бейнелеу.

Тұрмыстық жанр – адамдардың күнделікті өмірде, тұрмыс тіршілігінде өтіп жататын түрлі оқиғалар мен құбылыстарды бейнелеу.

Анамалистік жанр – (латнның «анима»-жануарлар) сөзіннен шыққан. Жануарлар мен хайуанаттардың бейнесін бейнелеу. Пейзажға қатысы маринистік жанрда-теңіз беті құбылыстары мен оқиғаларын және адамдардың олармен күресуін бейнелеу.

Балалардың жан-жақты дамуы мақсатында бейнелеу ісін қолдану арқылы үйренуі қажет. Сурет салуды ұйымдастыруда балаларға айналаны бақылату, саяхаттар мен мақсатты серуендерге апару,көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамыту, оны сурет салу барысында жеткізе білуге баулу, шығармашылыққа үйрету көзделеді. Сурет салу барысында іскерлік дағдыларды меңгертуде заттық, сәндік және мазмұнды сурет салғызу кезінде баланың бейнені күрделендіруін, қағаз бетінде дұрыс орналастыруын, мазмұн бере білуін қадағалау, ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен әрекет етуге бағыттау. Баланың ынта-ықыласын ескере отырып,дербестікке, өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Іскерлік дағдыларды меңгертуде бейнелеу іс-әрекетінің түрлеріне қарай құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің жолдарын көрсету.

Сурет салу заттардың формасын талдауға және оны ұқыпты бақылауға үйретеді, дүниені тануға, ойлауға және эстетикалық дамуға көмектеседі. Сурет өнері ойлауды дамытып, кеңістікті көру, образды елестету қабілетін арттырады. Мектепке дейінгі ұйым бағдарламасында сурет салудың төрт түрі қарастырылады, олар: нұсқаға қарап сурет салу, сәндік сурет салу, тақырыптық сурет салу,өнер туралы әңгіме. Нұсқадан қарап сурет салу сурет және кескіндеме жұмыстарымен айналысуды көздейді, сәндік сурет салу ою-өрнектерді көркем конструкциялау, ою-өрнек элементтерін және т.б жұмыстарды қарастырады. Өнер туралы әңгімеде балалар-кескіндеме, графика, мүсіндеу, сәулет өнері ескерткіштерімен танысады. Бұл аталған әрбір оқыту жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне,шығармашылық қабілеттеріне, дүние танымына жан-жақты дамуына ықпал етеді.

Графика гректің «графо» жазамын,сызамын, сурет саламын деген сөзінен шыққан. Жалпы графика дегеніміз- ақ және қара түстердің негізінде,қатаң сызықтармен салынған сурет. Ақ түс ретінде қағаз, қара түс ретінде қарындаш, көмір т.б материалдар қолданылады.Сонымен қатар жұмыстың түріне қарай түстердің шектеулі түрлерін де пайдаланады. Графика шығармалары адам баласы өмірінің барлық кезеңдерінде кездеседі.
Мүсін, яғни «скульптура» сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды,мүсін жасауды білдірген. Кеңінен пішіндеу арқылы жасалған шығармаларда осы ұғыммен білдірілген. Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол,оның басты әсерлік құралы аймақтық форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш,металл, тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Сурет салуды оқыту мақсаттарының бірі көркемдік білім мен қатар эстетикалық тәрбие беру. Эстетикалық тәрбие-тек өнерге ғана емес сонымен қатар өмірдегі,ғылымдағы,табиғаттағы әсемдіктің барлық түрлері мен формаларына тарту болып табылады. Эстетикалық тәрбие баланы игілікті істерге, әсемдікке, адамгершілік істерге баулиды. Әсемдіктің барлық қыр сырын түсіну мен сүйе білу әр бір адамға рухани байлығы үшін ғана емес, еңбекте де жетістікке жету үшін қажет. Балалардың әсемдікке деген талғамдарың ояту үшін тәрбиеші балаларлың назарын өмірдегі сұлулыққа аударып, оларды байқауға , қабылдауға, сезуге, құана білуге үйретуі тиіс. Сурет салумен айналысудың ең басты міндеті-балаларға қоршаған өмір шындығын тануға көмектесу, байқағыштығын дамыту, оларды дұрыс көре білуге үйрету. Сурет салуда балалар қоршаған заттарды, олардың түрлі формаларымен,түстерімен, өлшемдерімен және басқа да ерекшеліктерімен танысуы тиіс. Сурет салу кезінде бала заттың формасын, құрылымын, түстер мен реңдік қатынастарын кеңістікте орналасуын зерттейді, сол арқылы оларды ұтымды да жан-жақты, нақты қабылдауға үйренеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда сурет салуға үйрету балаларға өмірді кең көлемде және жан-жақты көре білуге жаттықтырады. Сурет салуға үйрету екі міндетті шешуге ықпал етеді: балалардың көру арқылы қабылдауын дамыту және олардың көргендерін ой елегінен өткізу дағдыларын қалыптастыру.



Мектепке дейінгі ұйымдарда бейнелеу өнерін оқытудың маңызы-сурет сала білу. Тәрбиеші алғашқы сурет сабағында балаға сурет өнерінің адам өміріндегі рөлін ашып көрсетуі тиіс. Сурет салу кез келген іс-әрекетке, мамандыққа қажет. Сурет салудың қарапайым түрін меңгеру адамға машина деталдарының, үй құрылысының жоспарын жасауға, қарапайым заттардың формасын салуға керек. Кейде біз біреуге таныс емес, бір жерге қалай бару керектігін түсіндіру үшін жолдың бағыттарын сурет арқылы түсіндіреміз мысалы, Ғалым Ш.Уалиханов Қашқарияға барған сапарында сурет салудың көптеген көмегіне жүгінген.
Сурет салуда ырғақ,пішін,түрлі-түстерді сезіну бірте-бірте дами бастайды.Өйткені заттарды бақылау ,оларды қабылдау,талдау және одан кейін бейнелеку процесінде тәрбиеші балалардың назарын осы эстетикалық сапаларға аудару керек.Балалардың өздеріне көбірек ұнайтын ,олардың көңілін еліктіретін түстерді таңдай білуі қалыптасады.
Заттардың нағыз түсін түсіну жүзеге асады. Балалардың ойы жүйесіз,қарапайым болса да тәрбиеші балалардың бейнелеу қабілетін дамыта отырып,оларға өз беттерімен мамұны бар суреттерді ойлап табуға ұсынып отыруы керек.Балалар сурет салғанда,суретпен жеткізе алмағандарын ауызша сөзбен айтып толықтырады. Мысалы : күректің суретін салып «Менде мынандай күрек бар онымен құм қазамын,атама көмектесемін» деген сияқты толықтырулар айтады.
Сондай- ақ тәрбиеші сурет сабағында балалардың жеке- дара ерекшеліктерін ескере отырып,қай балалаға қандай іс-әрекет түрінде , кімге қалай сөз түрінде ескертулер жеткілікті екенін білгені абзал.
Мектепке дейінгі ұйымдарда сурет салуды оқытуда балаларға реалистік суреттің қарапайым негіздерін, ептіліктері мен дағдыларын меңгерту қажет. Тәрбиеші балаға қарындашты қалай ұстау керкетігін, сызықты қалай жүргізу қажеттігін, қағаз бетіне заттардың көлемін қалай бейнелеу керектігін көрнекті түрде салып көрсетеді. Сонымен қатар сурет салуға қажетті әр түрлі материалдармен, құралдармен таныстырып,суретті қандай әдістеме арқылы орындау керектігін айтып түсіндіреді. Сурет салғанда қағазға қатты күш салмауы керек. Сол қолмен қағазды басып отырмаса ол жылжи береді. Балалар қарындашпен, бояумен жұмыс жасағанда қолды бір қалыпты,үзіліссіз қимылдаған жөн. Әйтпесе сызық қисық кетіп, салып жатқан форманың бұзылуына әкеліп соғады.Тәрбиеші осы техникалық дағдыларды үнемі орындалуын қадағалап отыруы маңызды.
Тәрбиеші балалардың сурет салуға дұрыс отыруын қадағалау керек. Қатты еңкеймей,кеудесін столдың жиегіне төсемей,қолдарын шынтағына дейін стол үстіне қойып керек.Егер тәрбиеші балаларды орындыққа кең отырғызса,онда тұлғаның дұрыс қалыптасуына ықпал етеді.Ал жиі отырғызса онда тұлғаны дұрыс ұстау дағдысы қиынға соғады.Балалар қарындаш пен қылқаламды оң қолдарына бас бармақ пен ортаңғы саусақтарының арасына үстінен сұқ саусақпен, саусақтарын қатты қыспай ұстап және қарындаштың ұшына тым жақын ұстамауы керек.
Екінші сәбилер тобында сурет салу барысында қолданатын әдіс-тәсілдері:
Екінші сәбилер тобындағы балаларға затты бейнелеудегі тәсілдерді үйретуден бастаған жөн. Балалар заттардың пішіні,бояуы, көлемнің әртүрлі екенінен мәлімет алады. Балаларға әртүрлі пішіндегі заттарды дөңгелек, тік бұрыш, үшбұрыш, тік сызықтармен олардың қиылысуын бейнелеуін үйретеді. Бір бөлімді заттардың формасы және көлемі жағынан бірнеше бөлімдерден құралған заттарды бейнелеуге болатының меңгерген жөн.
Заттардың пішінін меңгеру үшін міндетті түрде қолдың қозғалысын ауада 1-2 рет қайталату керек. Заттардың жай түрінен , күрделіге ауысып отыру керек . Екінші сәбилер тобындағы бала пішін тудырушы қозғалыстарды игерген сайын кез келген заттың бейнесін жеңіл, еркін жасай алады. Ең бастысы - балалардың заттың пішіні мен қозғалыстар аралығындағы байланысты түсінуін қадағалау керек. Қандай да бір сурет салмастан бұрын тәрбиеші балаларды заттың пішінімен таныстырып отыру керек.Тәрбиешнің ұсынған тақырыбы әр түрлі болса оқу процесі де қызық және әсерлі болады. Мысалға дөңгелек пішінді үйретудің өзінде әртүрлі тақырып алуға болады. Доп,кішкентай шарлар,жүзім деп тақырыптарды ауыстырып отыру керек.

Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында тәрбиеші балалардың қиялын дамытуға көп көңіл бөлуі қажет. Тәрбиеші өнердің мәнін қарапайым, түсінікті түрде бала санасына жеткізе білуі тиіс. Ол үшін сурет салудың түрлерінің ерекшеліктерін атап көрсетіп, олардың жанрларына түсінік беру қажет. Бейнелеу өнерімен таныстыру өнердегі және өмірдегі әсемдікті түсінуге, отан мен табиғатты сүюге бағытталады. Әңгіме барысында тәрбиеші балалардың назарын өмір шындығының көркемдік бейнелеуі мен орындау техникасына талдау жасау арқылы өнер шығармасын тани білуге үйретеді.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін неғұрлым оңай әсерлік құралдары түрлі түсті пайдалану болып табылады. Бейнелеу өнерінде түс көркем ойды, шығарма идеясын білдірудің маңызды құралы болып табылады. Оның пайдаланылуы шығарма мазмұнымен тығыз байланыста болады. Оның өзіндік маңызы жоқ. Түс контрастары картинадағы басты нәрсені бөліп көрсету үшін пайдаланылады; түс көңіл күйді білдіреді; кара күңгірт өң-мұнды картиналарда болады. Мектеп жасына дейінгі бала түсті мұншалықты алуан түрде пайдалана алмайды, сондықтан да алғашқыда оны заттың нақты бояуын байланыссыз игілік ретінде қабылдайды. Бала қарындаштың, бояудың қандай да бір түсінен ләззат алып, онымен барлығын қатар бояп шығады. Бірақ балалар түсті заттың образымен образымен байланыстыра алады, кейде түс ассоциациясы жағынан оның қиялына әлдеқандай образ тудырады: қызыл-жалау, жидектер; жасыл-шөп, шырша.

Көптеген бояу түстерімен таныса отырып, 4-5 жастағы балалар оларды бейнені әсем, сәнді етуге көмектесетін әсерлі құралдар ретінде пайдаланады. Мұнда да нақты бояу түсінің бұзылуы байқалады, өйткені баланы алдымен түстердің ашық үйлесімі өзіне тартады.


Бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты балалар бақшасында бір жастан жеті жасқа дейінгі балаларды көркемдік тәрбиелеуге болашақ тәрбиешілерді даярлау. Балалардың жан-жақты дамуы мақсатында балалардың бейнелеу ісін қолдану арқылы үйрену қажет. Сурет салуды ұйымдастыруда айналаны бақылату, саяхаттар мен мақсатты серуенге апару, көргендерін ой елегінен өткізіп, танымдық қасиеттерін дамыту, оны сурет салу барысында бере білуге баулу дербестікке шығармашылыққа үйрету негізделеді. Сурет салу іс-әрекетімен айналысу барысында іскерлік дағдыларды меңгертуде сәндік, заттық және мазмұнды сурет салғызу баланың біртіндеп, бейнені күрделендірілуін, қағаз бетінде дұрыс орналастыруын, мазмұн бере білудің ұқыпты жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылықпен әрекет етуге бағыттау. Баланың ынта-ықыласын ескеріп, дербестікке өз бетінше шешім қабылдауға үйрету. Еңбек нәтижесіне жетуде шыдамдылыққа,төзімділікке баулу.
бейнелеу өнері бірнеше өнер саласының өмірге келуіне себепкер болған өнер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет