Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


Жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адамды



Pdf көрінісі
бет22/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
Жаратқан Раббыңның атымен оқы. Ол адамды 
ұйыған қаннан жаратты. Оқы, Раббың ең жомарт, адамға қаламмен 
жазу- ды және білмегендерін үйретті
» («Алақ», 1-5) деген Аллаһтың 
сөздерін айтты. Жәбірейіл періште өзінің алғашқы міндетін атқарғаннан 
кейін көзден ғайып болды. Нұр тауынан ұзақтап бара жатқанда 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) тағы да ерекше бір күй кешті. Басын көтеріп көкке 
қарағанда, Жәбірейілді көрді. Періште Аллаһтың сәлемін жолдады.. 
Расулаллаһ (с.а.с.) қорыққанынан қалшылдап кетті де, үйін бетке алып 
тұра жүгірді. Ентіге басып табалдырықтан аттай бере жұбайы Хадиша 
анамызға (р.а.): «Үстіме бірдеңе жабыңдар», – деді. Үстін қымтап жапқаннан 
соң қорқынышы сейілейін деді. Терең ойға батып: «Өз-өзімнен 
үрейленемін», – дегенде Хадиша анамыз: «Қорықпа, Аллаһ сені жерге 
қаратпайды, өйткені сен жақындарыңа көмектесіп, қиналғандарға қол ұшын 
бересің, мұқтажды киіндіріп, қонақты қуана қарсы аласың және мұңайғанға 
дос бола білесің», – деп оның игі істерін айтып, жұбатқан еді (Бұхари, Бәдүл -
уахи, 7.) . Олай болса, бұл оқиғаданПайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің пайғамбар 
болатынын білмегендігін мынадай ретпен тұжырымдаймыз:


Үңгірде уахи келген кездегі халі мен үңгірден шыққаннан кейінгі 
үрейіне қарап өзіне уахи келетінін білмегендігін және күтпегендігін 
байқаймыз. Егер білген болса қорықпас еді және бұл жағдайды Хадиша 
анамызға айтып үрейленбес еді.
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Өз-өзімнен үрейленемін» деуі оның бұған 
дейін уахи келетінін, пайғамбар болатынын білмегендігін көрсетеді.
Хадиша анамыз Пайғамбарымыздың басынан өткізген жағдайын ағасы 
Уарақа ибн Науфалға жеткізген болатын. Сонда ол Хадиша анамызға: «Егер 
айтқандарың рас болса, ант етемін, ол – Мұса мен Исаға келген Намус әкбар 
(Жәбірейіл). Сөз жоқ, Мұхаммед (с.а.с.) – осы үмбеттің нәбиі. Бар да осыны 
жеткіз. Өз- өзіне берік болсын »( Мауарди, Аламун-нубуа, 1/275), – деп 
айтады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінің пайғамбар екендігін білсе, Хадиша 
анамыздың немесе оның ағасы Уарақаның айтқанын тыңдауды қажет 
етпейтін еді.
Біреу жазушы болуды қаласа, ол қолына қалам алып, кітап оқып, жазу 
жазып дайындалатыны сөзсіз. Ал Аллаһ елшісі (с.а.с.) сол заманның 
ағысымен жүріп оқу-жазуды білмеген, пайғамбарлыққа дайындық ретінде 
үйренбеген де. Әйтпесе, жазу-сызуды үйренуі де мүмкін еді. Алайда Аллаһ 
тағала оны пайғамбар ету арқылы, сол заманның және ақиретке дейінгі 
аралықтағы барлық ақын-жазушылар мен білікті ғалымдардан үстем етті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет