Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жындардың да пайғамбары ма?



Pdf көрінісі
бет24/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
21. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жындардың да пайғамбары ма? 
 
Аллаһ елшісінің пайғамбарлығы адамзатпен қоса жындарды да 
қамтыған. Жаратушы Хақтың бар екеніне адамдардың бірі сеніп, бірі шүбә 
келтіргені сияқты жындардың да мұсылман-кәпірі бар. Пайғамбарымыз 
(с.а.с.) Меккеде жүргенде жындар келіп Құран тыңдағандары жайлы қасиетті 
аятта: «Бір кезде саған жындардың бір тобын Құран тыңдауға жіберген едік. 
Олар сенің алдыңа келгенде біріне-бірі «үндемеңдер» десті. Құран оқылып 
біткеннен кейін олар өз қауымдарына ескертуші ретінде қайтты. Барып «Уа, 
жұртым, біз Мұсадан кейін түсірілген алдыңғы кітаптарды растайтын
ақиқатқа бастайтын кітапты (Құранды) тыңдадық. Уа, халайық, Аллаһтың 
жаршысын (Мұхаммедті) қабылдаңдар және Аллаһқа иман келтіріңдер. 
Аллаһ сендердің күнәларыңды кешіріп, жан түршігерлік азаптан құтқарады» 
делінген («Ахқаф» сүресі, 29-31) .
Кейбір деректерде Аллаһ елшісіне (с.а.с.) Құран тыңдау үшін 
жындардың бір рет келгендігі айтылса, енді бір жерде екі рет келгендігі 
білдірілген. Аллаһ тағала пайғамбарына жындарды ескертіп, оларға Құран 
оқуын әмір еткен еді. Сол себепті бірде сахабалардан Ибн Мәсғудты жанына 
алып, жын қауымына барған. Екеуінің хикметке толы осы жолғы сапарын 
Абдуллаһтың (р.а.) өзі былай деп еске алады:
«Хаджундағы тау соқпағына барғанымызда Аллаһ елшісі (с.а.с.) жерге 
шеңберлеп сызды да, «Осы жерден тапжылма», – деп, өзі Құран оқи бастады. 
Артынша әлдебіреулердің айғай-шуы естілді. Мен расулаллаһқа (с.а.с.) 
бірдеңе болып қалмас па екен деп алаңдай бастадым. Жанымда тұрған ол көз 
алдымда көмескіленіп бұлдырай бастады. Сағымдай бұлдыраған бірдеңе 
арамызды бөліп тұрғандай көрінді. Тіпті даусын естуден қалдым. Артынша 
күннің бетін бұлт торлағандай болған қараңғылық бірте-бірте сейіле бастады 
да, көзімнің алды шайдай ашылды. Пайғамбарымыз (с.а.с.) менен не 
көргенімді білгісі келді, мен ақ киім киген өңі қара әлдекімдерді 
байқағанымды айттым. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Бұлар Нұсайыптың 
жындары», – деп түсіндірді. Демек, расулаллаһтың (с.а.с.) адамдарға ғана 
емес, жындарға да хақ жолды үйретуге келгені хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет