Нұрлан Сайлауұлы Әкім Алымуддинұлы


 Исламда оқу-жазуға ерекше мән бере тұрып



Pdf көрінісі
бет23/123
Дата17.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#181333
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123
Байланысты:
Шаңғы күтімі,сақтау А.Назира 2
sabak-565495ce091d6, Сравнение антивирусов
20. Исламда оқу-жазуға ерекше мән бере тұрып 
Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қара танымауының астарында нендей 
хикмет жатыр? 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) уахи келмей тұрып қырық жылын 
меккеліктермен бірге өткізді. Жақындары оның жастайынан бері тыныс-
тіршілігін бес саусақтай білетін. Тіпті Пайғамбарымыз өзге елдерге жасаған 
сапарларына да жалғыз шықпайтын. Егер жалғыз шыққан болса, дереу ол 
біреуден сабақ алды, білім үйренді, сосын пайғамбар болды деп жала 
жабулары кәдік еді. Онсыз да қызғаныштың қырқасынан аса алмайтын 
кейбіреулер Пайғамбарымыздың қара танымайтынын біле тұра, қасақана 
оқу-жазуға жүйрік деп көрсетуге тырысты. Қырсықтық пен іштарлыққа 
басқан, соқыр сенімнің серкелері «Мұхаммед уахиды өз ойынан шығарып 
жүр», – деп Аллаһқа иман етуді ар санайтындары да кездесті. Бөтеннің 
қаңсығын таңсық көретін енді бірі «Мұхаммед Таурат пен Інжілдің сөзін 
арабшалап айтып жүр» деп қаралайтын, сондықтан бұл сылтауларын іске 
асырмау үшін, барлық нәрсені алдын-ала білуші Аллаһ тағала пайғамбарлық 
үшін оқу-жазу білмейтін Мұхаммедті (с.а.с.) таңдады. Құран кәрімде бұл 
мәселе: «
Сен Құраннан бұрын ешқандай кітап та оқымаған едің, жазу да 
жазбағансың. Олай болмағанда адасып жүргендер күмәнданар еді
»
(«Анкабут», 48 )деп баяндайды.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) үмми (қара танымаған) еді. Аллаһ тағала 
хикметпен оқу-жазуды білмейтін пайғамбар жіберді.


Расулаллаһтың (с.а.с.) өмір сүрген заманы мен ортасында медресе де, 
кітап та болмаған. Бұл діннің көне мәдениетке негізделіп құрылуы мүмкін 
бе? Әрине, жоқ. Онсыз да Меккеде қара танитындардың саны саусақпен 
санарлық қана еді. Ал егер Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұстаз алдын көрсе, мұндай 
мағлұмат бізге міндетті түрде жетер еді.
Сахабалардың Аллаһ елшісіне (с.а.с.) деген махаббатының көрінісін 
пайғамбарлар тари- хы жайындағы кітаптардан кездестіреміз. Кішігірім 
естеліктердің өзі үлкен мұқияттылықтың нәтижесінде арада қаншама 
ғасырлар өтсе де, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. Ал егер расулаллаһтың 
(с.а.с.) өз қолымен жазған кез келген хаты болғанда, оның бізге жетпей қалуы 
мүмкін емес еді. Оның жалғыз ұстазы Аллаһ тағала екені аян.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың хикметімен үмми болды. Құранды 
Жәбірейіл періштеден ауызша қабылдап, сахабаларға да ауызша жеткізіп 
отырды. Маңыздысы, Құран аяттарының жатталып, көкірекке салынып, 
санамызға сіңуінде болмақ.
Сағд ибн Химардың жеткізген бір риуаятындаАллаһ тағала 
Пайғамбарымызға (с.а.с.): «Шындығында, мен сені сынаймын, (басқаларды 
да) сенімен сынаққа саламын. Саған сондай кітап түсіремін, оны су да шайып 
кете алмайды (жүректе жаттаулы сақталады). Сен оны ұйқылы күйде де, ояу 
күйде де оқисың», – деген, тағы бір хадисте: «Егер Құран бір теріде жазулы 
болғанда, оны от өртей алмайды, өйткені ол көкіректе жаттаулы түрде 
сақталған. Тілге жеңіл, жүрекке төреші. Үні мен мағынасы мұғжиза», – 
делінген, сондықтан болса керек Исламға дейінгі үмбеттер, мұсылмандарды 
сипаттағанда: «Олардың кітаптары көкіректерінде», – деп жаттанды, ми мен 
санаға сіңген, жүректен орын алған Құранның ақиретке дейін 
сақталатындығын айтқан (Ибн Касир, «Анкабут» сүресі, 48-аяттың тәпсірі) .
Үйрену әлдебір нәрсені білуге деген мұқтаждықтан тумақ. Аллаһ 
тағаладан тікелей уахи келгендіктен, Расулаллаһ (с.а.с.) ілімді бөтен кісіден 
үйренуге мұқтаж болмады. Әйтпесе, оның қара танымауын ілімге мән 
бермеуінен деу ағаттық. Алғашқы аят «Оқы!» – деп басталып, Құранның 
бірнеше жерінде кітапқа, ондағы жазылғандарға ант етіліп «Білімділер мен 
білімсіздер тең бе?» – деген салыстырулар түсірілді. Ары-беріден соң, 
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Бәдір соғысында қолға түскен тұтқындардың 
сауаттыларын өздерінің сахаба- ларына сабақ үйреттіріп, ақысына бостандық 
бергізді. « Білім алу мұсылман әйел мен мұсылман ерге міндет », – деп 
сахабаларды білімге қызықтырды. Терең үңілсек, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) 
оқу-жазу білмеуі оның пайғамбарлық ерекшелігі.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһтың хикметімен үмми болды. Өзге 
философия немесе мәдениеттен әсерленбеген, ойы саф еді. Құран таза 
көңілге уахи етілді. Расулаллаһтың «Біз үмми үмбетпіз» деген сөзін де осы 
жағынан қарастыру керек. Бұл хадис- шәріп сауатсыздықты насихаттаудан 
аулақ, керісінше, адасқан пәлсапамен санамызды уламауға бұйырады. 
Сахабаларға да сол кездегі Рим мен Парсы мәдениетінің ықпалы тимеген. 
Құранды түсіну үшін өзге еңбектердің көмегіне жүгінуге мұқтаж емес еді. 
Тарих беттерін парақтасақ, Исламның жік-жікке бөлініп, адасқан 


ағымдардың шығуы Исламға жат мәдениет пен философияның араласуынан 
туындады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет