Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет101/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   292
Тамаққа қатысты
тыйымдар мен ырымдар

  • Қолды жумай тамақ жеуге болмайды. Қол жуғанда қолдың әрбір саусағын жеке-жеке жуады.

  • Дастарқан басында адамдар жасына қарай отырады. Тамақ әуелі үлкен кісінің алдынан бастап қойылады.

  • Ыстық тамақты, шайды үрлеп суытпайды. Тамақтың құты кетеді.

  • Тамақты және шайды өте ыстық немесе салқын күйінде ішуге болмайды. Тамақты аз-аздан алып, асықпай шайнап жейді.

  • Тамақты шынтақтап жатып, түрегеп тұрып немесе тым еңкейіп отырып жеуге болмайды. Тамақты отырып жеген дұрыс.

  • Дастарқан басында мағынасыз әңгімелер айтуға болмайды. Тамақтану кезінде әрбір адам өзін-өзі ұстай білуі, мүмкіндігінше аз сөйлеуі керек.

  • Тамақты, нанды қалдырмай, тауысып жеп қою керек. «Жаманнан жарты аяқ ас қалады» деген сөз бекер айтылмаған.

  • Тамақ ішіп болған соң тұрып кетуге болмайды. Өйткені тамақтану соңынан ас қайырылып, бата беріледі. Үй иесіне жақсы тілек айтылады.

  • Ас ішіп болған соң, «тойдым» демейді, «қанағат» деген жөн.

(Қазақы тыйымдар мен ырымдар / Құрастырушы авторы Құралұлы А. – Алматы:
Өнер, 1998. – 64 бет. 5-6,25-26,30-33 - беттер)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет