Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет97/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   292
ҚАЗАҚЫ ТЫЙЫМДАР МЕН ЫРЫМДАР


Адамның іс-әрекетіне қатысты
тыйымдар мен ырымдар

  • Адамға қарап қолды шошайту әдепсіздік болып саналады.

  • Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды, бұл да әдепсіздік белгісі.

  • Жуған қолды сіліксе, ырыс-несібе кетеді.

  • Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.

  • Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске салады.

  • Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.

  • Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру – жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.

  • Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарай түшкіруге, түкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды, бұл қылықтардың бәрі де әдепсіздік болып саналады.

  • Адамға қарап керілмейді, әдепсіздік болып саналады.

  • Жатқан кісінің үстінен аттамайды.

  • Кемтар адамға күлуге болмайды. Кемтар адамға күлсең, өз басыңа келеді.

  • Екі езуді керуге болмайды, себебі бұл әдепсіздік болып саналады.

  • Ішекті тартуға болмайды, жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.

  • Түнде айнаға қарамайды. Адам түнде айнаға қарағанда қатты шошынуы мүмкін.

  • Итті, мысықты тебуге болмайды. Өйткені әрбір жан-жануардың киесі болады.

  • Жақын адамға пышақ, мылтық сыйламайды.

  • Басты маңдайдан бастап жуады. Өйткені жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады.

  • Өтірік жылауға болмайды. Бұл қайғы-қасірет шақыратын жаман ырым.

  • Адамға мылтық оқтануға болмайды.

  • Шелектегі суға ауызды батыруға болмайды.

Ырымдар

  • Ұртын не тілін тістеп алған адамның үйіне ашыққан адам келеді.

  • Адамның оң көзі тартса – қуанады, сол көзі тартса – ренжиді.

  • Үйге кешке немесе түнде «кеш жарық» деп келу керек.

  • Жиенін ұрған адамның қолы қалтырайды деп саналады.

  • Қазақ басымыз көбеймей қалады деп адам санамайды.




Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет