Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет96/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   292
Тәлім-тәрбие туралы
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса, кішіден сұра.

Біліп тұрсаң да, сұрап ал.


Ойын түбі – от, ой түбі – алтын.


Көзі соқырдан көңілі соқыр жаман.


Ақылдассаң – шешерсің,


Ақылдаспасаң – кем кесерсің.
Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені.

Сыйлассаң сыйымды боласың.


Ұлық болсаң кішік бол.


Өзін-өзі мақтаған


Өліммен тең.

Талап – талмас қанат.


Өнер-білім туралы

Оқу – білім бұлағы,


Білім - өмір шырағы.

Оқу – білім азығы,


Білім – ырыс қазығы.

Ақыл – тозбайтын тон,


Білім – таусылмайтын кен.
Оқу түбі – тоқу.
Ойна да күл, оқы да біл.

Ақыл көпке жеткізеді,


Өнер көкке жеткізеді.

Өнерлінің қолы алтын,


Өлеңшінің сөзі алтын.
Өнерлі бала сүйкімді.

Өнер – ағып жатқан бұлақ,


Ілім – жанып тұрған шырақ.

Бой жетпеген жерге ой жетеді,


Қыран жетпеген жерге қиял жетеді.

Өнерлі жігіт өрде озар,


Өнерсіз жігіт жер соғар.
(Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы: Бірінші том (VI ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезең / Ред. алқасы Шаяхметов Ш.Ш. т.б. Құраст. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы, Рауан, 1994. – 320 бет.50-54 - беттер)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет