Балаға қатысты тыйымдар мен ырымдар
Нәрестенің бетіне ай сәулесін түсірмейді. Ай сәулесі бетіне түссе, ол ауруға шалдығады.
Баланы ожаумен ұрса, ырыс-несібе кетеді.
Баланы сыпырғышпен ұрмайды. Сыпырғы тиген бала жаманшылыққа ұшырайды.
Балаға үлкен адамның алдын кесіп өтуге, үлкендердің сөзіне араласуға болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.
Қыздардың ұлдарды тебуіне болмайды. Бұл көргенсіздік болып саналады.
Үлкен кісіге бірінші сәлем беру керек.
Үйге келген кісінің аяқ киімін тазалап, ол кетерде алдына қою керек.
Үйге келген үлкен кісіге төрден орын беру керек.
Ырымдар
Шөбересінің алақанына су құйып ішкен қарт жұмаққа барады.
Сәбидің аяғын тез басып жүріп кетуі үшін тұсауы кесіледі.
Үйге кіріп келе жатқан бала есік алдына құлап қалса, үйге береке, ырыс, байлық келеді деп қуанады.
Бала тілін шығарса, тіл келеді яғни хабар келеді деп жориды.
Бөбек алақанын шапалақтаса, қуанышты хабар келеді.
Сәби қолындағы заттарын «шашу» деп шашса, ол үйде той болады.
Достарыңызбен бөлісу: |