Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет99/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   292
Киімге қатысты
тыйымдар мен ырымдар

  • Киімді оң қолдан бастап киіп, сол қолдан бастап шешеді. Оң қолдан бастап кию жақсы ырым саналады.

  • Киімді желбегей жамылмайды, өйткені екі қолы жоқ адам ғана киімді желбегей жамылып жүреді.

  • Кір киімді киюге болмайды. Киімді әрқашан таза және ұқыпты ұстаған жөн.

  • Көпшіліктің алдында жалаңаш-жалпы жүруге болмайды. Бұл әдепсіздік болып саналады.

  • Өте ұзын немесе қысқа киім киюге болмайды. Бұлай киіну адам жұмыс істеген кезде қолайсыздық тудырады.

  • Шалбар мен етікті тұрып киюге болмайды. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киетін болған.

  • Киімнің жағасын басуға болмайды. Киім жағасын басу жаман ырым саналады.

  • Жастық орнына шалбарды жастанбайды. Шалбарды жастану настықтың белгісі.

  • Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. Жақсылықтың бәрі адамның маңдайына жазылады, сондықтан да бас киімнің орны ерекше. Бас киімді әрқашан таза, ұқыпты ұстап, босағаға емес, төрге ілу керек.

  • Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. Өйтсе, адамның жолы болмайды, жаманшылыққа ұшырайды.

  • Қыз басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара –қайғының белгісі болып саналады.

  • Бөтен адамға бас киім бермейді және айырбастамайды. Адам басы кемиді деп санайды.

  • Садақаға киім берсе, оның түймесін қиып алады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет