Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет250/292
Дата05.02.2022
өлшемі6,93 Mb.
#4779
түріБағдарламасы
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   292

 Ф. Оңғарсынова

Дүние сұлық


http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=3246&Itemid=23

Ойларға жүкті жұмыр Жер жатыр
ай-күні толған күйінде
заманның барлық ауыртпалығын
жалғыздан-жалғыз арқалап.
Тыныштықта да болады екен-ау
үрейіңді алар сұстылық:
соғардай қазір дүлей бір дауыл ышқынып.
Ақтарылардай қатал өмірдің
қатыгездігінен қалған ыза-кек
көкірегіңді кернеп шыға алмай жатқан қыстығып.
Шындықсыз жерде шыдай алмайтын біздің
ұрпақтар секілді
тұла бойларында жататын тылсым күш бұғып.
О, қайран ана - қара Жер!
Жатасың неге түндерде тынып,
қайғылы жандай күрсініп?
Егіліп іштен жылайтындайсың
жадырағанша Күн шығып -
балғын жесірдей тәтті күндері өзегін өртеп, өксіктен
жастығын құшып зар илеп жатқан көздің жасына тұншығып.
Әлде сен мынау перзенттеріңе өкпелісің бе - өзара
келіспей кейде таптағаны үшін
төсіңді тұрған гүл шығып?
Ожар жандардың қанқұйлы қылықтарынан
жылай ма екенсің түндерде ғана,
әлем алдында қымсынып?..
Амалың құрып,
өз қолыңды өзің кесе алмай,
сәріден сонсын жатасың ба екен
қайғысыз жандай тағы да
қайратыңды жиып құлшынып?
Сеземін сенің нәзік жаныңды
қаншалық жаралайтынын
мезгілсіз сынған бір шыбық.
...Тегінде,сені күрсінтіп қойған
ләззатты тымық түндерде
қуанышы мен қайғысы бірдей
мазасыз мынау тіршілік.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   246   247   248   249   250   251   252   253   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет