Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»



бет26/58
Дата15.12.2016
өлшемі6,93 Mb.
#3880
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58

Арыстар айтады

М.Жұмабаев


Өнер-білім қайтсе табылар

 Ер жігіт өнер табар ерте қуса,

Ерініп шаршамастай, белін буса,

Ыртың-жыртың, жоқ-барға көңғіл мбөлмей

Періште боп анадан қайта туса!

Жақын туған, бауыр деп айналмаса,

Қатын-сатын дегенге байланбаса,

Тынықпай, дамыл алмай ерте де кеш,

Ізденсе, кідірмесе, жайланбаса.

Дүниенің қайғысына зарланбаса,                                                           

Көз қысып күлгеніне алданбаса,

Қақ жарар қара қылды тура бөліп

Айтылған сөз жайынан жалғанбаса.

Өсектен ат-тонымен алыс қашса,

Естісе, ұялғаннан бетін басса,

Жамандық - аты өшкірге жақын жүрмей,

Аяғын күндік жерден байқап баса.

Өзінен басқа жанды кем көрмесе,                                                             

Құтыртып, шабыстырып, жел бермесе,

Табылмас аузына су тамызушы,

Өзінің тар етігін кең көрмесе!

Көзі ашық адамдарға жақын жүрсе,                                                        

Олардың әрбір сөзін үлгі көрсе.

Естіген сөз, көргенді бос тастамай,

Құлақ тігіп, көз салып, жиып-терсе.

Көңіл көзі ашық жанды дос деп білсе,

Мылқау, меңіреу, наданды қас деп білсе,

Бейнеттің мұнарланған шөл даласын

Ұжмақта хорлар тіккен қос деп білсе.

Білімсіз қатқан жансыз тас деп білсе,                                                   

Өнер-білім - қарны ашқа ас деп білсе,

Дүниенің теңізінде адасқанға

Тура жол көрсететін бас деп білсе.

Осы оймен тура жүрсе, бұлтармаса,                                                      

Басқаға мойын бұрса, көз салмаса -

Өнер-білім жер астында болса-дағы,

Бір жетер, жалықтым деп тастамаса.

 

Балалық шағы


Білімге жүгір,

Жоқ ойдан түңіл -

Ерікке қоймай, ентелеп.

Қайтпас уақыт,

Қал дәмін татып,

Бос өткізбе еркелеп!

Жастық деген бағасыз,                                                                  

Қадірін білмес санасыз.

Жастық - алтын,

Құрып қал салтын,                                                                                

Салты оның - үйрену,

Өнер қуып,

Бел бекем буып,

Надандықтан жирену!

Тұрма, қарғам, ұмтыл!

Аты өшкірден құтыл!

Білімсіз - есек,

Опасыз десек,

Сөйлеп, күліп жүрсе де.

Өлікпен тең,

Ит-құсқа жем,

Тірі боп ғұмыр сүрсе де.

Сондай болма, қарағым,

Даяр болсын жарағың!

Білген жан - көсем!

Сөйлесе - шешен,

Жұртты аузына қаратар.

Істегені - өрнек,

Қор қылмас ермек,

Нәрсені іске жаратар.

Білімдінің сөзі - ем,

Мейірімі көп, етек - кең!

Жұртына мақтаулы,

Сыбаға сақтаулы,

«Пәлі!» деп қарсы алар.

Іс қылар тежеп,

Жан-жүрек өжет,

Бет келгенді арсалар.

Қайда барса - сыйымды,

Білімі - мал, бұйым-ды!

 

 А. БАЙТҰРСЫНОВ



Тәні саудың – жаны сау
Тән мен жан – сабақтас, екеуі бірінен-бірі айырғы-сыз. Тәнсіз жан жоқ, жансыз тән тұра алмайды. Сондай біріне-бірі байлаулы, айырғысыз нәрсе болған соң, бірініңжайына бірі қарайды, біріне келген кемшілік біріне білінбей қалмайды. Тән кемшілігі жанға білінеді, жан кемшілігі тәнге білінеді. Тәнге батқан ауру көңілге, ойға қандай эсер ететіні, жанға батқан қайғы-қасірет тәнге қандай эсер ететіні қазақ сияқты оқымаған халыққа да мәлім. «Қайғысыз қара суға да семіреді» деген сөзді қазақ қайғы-қасірет тәнге қандай эсер ететінін білгендіктен айтқан. «Бір күн ашыққаннан қырық күн ақыл сұрама» деген сөзді де қазақ тәннің ашығып, қиналғаны ақылға қандай әсер ететінін білгендіктен айтқан. Қыс-қасынан айтқанда, мысалы, жақсы қымызды жаман сабаға құйсаң, қымыз бүлінетіні, жаман қымызды жақсы сабаға құйсаң, саба бүлінетіні сияқты. «Тәні саудын, – жаны сау» деген, «жақсы сабанын, қымызы да жақсы бо-лады» деген мысалды сөз.

Енді айтылған сөз – тән саулығына не керек деген сауалға жауап болу керек.

Тән саулығын қазақтың бәрі де жақсы көреді, бірақ тән саулығына керек істі қазақтың бәрі де істемейді де-сек, өтірікші болмаспыз. Сондықтан қазақтың ауру-сыр-қаудан аманы аз болады.

Тән саулығына керек нәрселер не?



  1. Тән өзіне керекті нәрселерді мезгілімен тиісті күйінде, керек мөлшерімен алып тұру (ауа, тамақ, сусын сияқты нәрселерді).

  2. Ағзамыз әр түрлі қызметін мезгілімен дұрыс бас-қарып, дұрыс атқарып тұру, мәселен, тамақ қарында қайнап пісуі, бойға сіңуі, қан мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер.

3) Тәнге зиян келтіретін ауру құрты, у, суық сияқты нәрселерден тәнді қорғау.

Бұл үш шартты орнына келтіру үшін, әуелі, дем ала-тын ауа, жейтін тамақ, ішетін сусындардың жай-мәнісін білу керек. Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нәрсе, істейтін жұмыс, тән тәрбиесіне керек толып жатқан нәрселер бар – олардың жай-мәнісін білу керек. Үшінші, тәнге зиян келтіретін нәрселердің тәнге кіретін жолдары бар, ауру құрттардың өсетін, көбейетін орын-дары бар – оларды білу керек. Тән саулығына керек нәрселердің ішінде тегіні – күннің жарығы мен ауа, арза-ны – су. Басқасының бәрі оңай қолға түспейтін нәрселер. Ақылды айту оңай, алу да ауыр емес, орнына келтіру қиын кезде қымбатқа айналып кетеді. Ең тегіні – ауа мен жарық. Адам далада жүргенде бұларды тегін пайдалана-ды, үйде отырғанда тегін пайдалана алмайды. Өйткені үйдегі ауа мен күннің жарығы даладағыдай болу үшін үй жақсы болу керек.

«Бірінші байлық – денсаулық» деп қазақ біліп айтқан. Байлықтың негізі денсаулық екені рас. Мал табу үшін еңбек ету керек, еңбек ету үшін ден сау болу керек. Солай болған соң, әркім, әуелі, дүниеніңбәрінентәнсаулығын қымбат деп білу керек, екінші, оған керек істерді, шарттарды қанша қымбат болса да, орнына келтіруге тырысу керек.

Ауру құрттары адам тәніне дем алғанда ауамен кірмек, я жеген тамақ, ішкен сусынмен кірмек, яки тән жараланып, тері жалаңаштанған жерінен кірмек. Қай жерде тазалық аз болса, сол жерде ауру құрты көп болмақ. Мұның мәнісі тән саулығының негізгі шарты тазалық деген болып шығады, тазалық жоқ жерде ауру көп деген болып шығады.

Ең әуелі, бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл! Тән саулығының тамыры тазалықта...



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет