http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6698&Itemid=23
Жермен жексен, шаң басқан төмпешіктен
Көз ала алмай тұрмыз біз көп кешіккен,
Құдіркт ақын басында бір құлпы тас
Аптап дала, айдала көкке өшіккен
Әркім толқып, томсарып әр ойда тұр.
Әр жүректе от жырдан арай да тұр.
Ерлік пенен қылмыстың куәсіндей,
Мың қызарып- бозарған Қарой жатыр.
Буғандай тілін көптен шер,
Шешіле қалды өктем жел:
- Осы Қарой, "осы жер-
Батырдың қанын төккен жер:
«Буырын мұзға тайған» жер;
«Бура атанға шөккен» жер;
Арыстан ақын Махамбет
«Бармағын шайнап өткен» жер;
Қанжығаға басы байланып,
Барымта болып кеткен жер...
Жоқ, біз емес Қаройға назалы адам,
Елге естілді егестің азаны одан.
Жерге тиме, желеке,- жазығы жоқ,
Жүз жыл бойы ақынын азалаған.
Құлақ тосқын, достым жел,
Осы Қарой, осы жер-
Махамбетті көрген жер;
Маржандай жырды терген жер;
Ер соңынан ерген жер;
Атой да атой, «аттан» жер;
Атанға отын артқан жер;
«Адырасын аңыратып»,
Асынып садақ тартқан жер;
Осы Қарой, осы жер-
Арулап ұлын жуған жер;
Ата жауын қуған жер;
Хан ордасын ойрандап,
Өлгені қайта туған жер...
Жермен жексең шөп басқан төмпешіктен
Көз ала алмай тұрмыз біз көп кешіккен,
Құдірет ақын басында бір құлпы тас...
Аптап дала, айдала көкке өшіккен...
Қарой жатыр, қасында төмпелері,
Көңіл шіркін біреуін төңкереді,
Көрсем дейді иілмей өткен басты,
Жыр боп, ту боп бастаған өңкей ерді.
Деген де бар: басы оның көмілмеген.
Қалған мәңгі бастас боп өмірменен.
Зираты оның- кеудесі әр қазақтың,
Қалай өлсін ұлы ерлік, өмірлі өлең!
Әркім толқын, томсарып әр ойда тұр.
Әр жүректе от жырдан арай да тұр.
Жырдың басын алатын күш жоқтығын
Көзбен көріп көгерген Қарой жатыр.
Түсімде көрдім
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6716&Itemid=23
Түсімде көрдім, анажан,
Түімде көрдім түімде!
Анажан, сені түнде мен
Аппақ боп мәрмәр мүсіндей
Алдымда тұрдың үндемей.
Семгісін сусыз мақтадай,
Қиын-ау сірә көр деген!
Қандай бір қатал шақта да
Қайысқаныңды көрмеп ем.
Түсіндім, ана, бүгін де:
Сенделсе сендей періште,
Жақсы мен жаман-бір інде.
Жалған боп шықты пейіш те.
Мұңайып тұрсың маған кеп,
Қиналу бар-ау түріңде.
«Шаршады-ау, ұлым, мамам» деп.
Шағынған жоқ ең піріңде.
Айтқандай сиқын жалғансыз:
«О дүние қараң екен» деп,
Өтсін деп ұлың армансыз,
Жер бетін жақсы мекендеп...
Сағындым сені, ақ мама,
Сырым көп саған, сөзім көп.
Түсімде, осы шақта да,
Бір құшып кетші «қозым» деп.
Сол сөзге, саған болам зар,
Сүйсе де мені жар ізгі.
Анасы тірі адамдар
Жүзде де бала тәрізді.
Білемін желеп-жебейсің,
Өлмейтін жүрек күшіндей.
Неге тек ләм-мим демейсің?
Мылқаусың мәрмәр мүсіндей.
Тіл қатшы, бір сөз жолдашы,
Қозыңның осы жанын ұқ.
Тоқташы, ғайып болмашы,
Қолымды создым жалынып...
Ояна келсем сол сөзден,
Көрпені құшып жатырмын.
Үй ішін тегіс өргізген
Жарқын таң, жазғы жалтыр күн.
Жастығым ылғал басымда,
Жуғандай шығы даламның.
Көзімді сүртіп, қасымда
Шешесі отыр баламның.
| Тек қана туған жерден айырмай
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6706&Itemid=23
Бұл тағдыр бабын алсын, бағын алсын,
Тілесе тілі мененен жағын алсын
Тек қана туған жерден айырмасын!
Тұл қалған тіршілікті жалын алсын.
Мейлі бір аяз төнсін қасқа шұнақ,
Қажетсіз басқа пана, басқа шуақ.
Өткенмен жол-сапарда жарты ғұмыр,
Қиын-ау шекарада қоштасу-ақ.
Теңіз кез не шарықта өр аспанда,
Өзіңнің босағаңнан төр асқан ба?
Үйіңнің сыртқы есігі сарт еткендей,
Паспортқа «жол болсын» деп мөр басқанда.
Мәңгілік айрылғандай жыр көзінен,
Жаутаңдап жан-жағыңа нұр көзіңмен,
Осынау туған жердің бір кесегін
Келеді ала кеткің бірге өзіңмен...
Шат жанар, шадыман көңіл қайта келдің
Өзгеше жарқырайды ай, таңы елдің.
Түсесің самолеттен не поездан
Бір өзің қожасындай байтақ елдің.
Теңіз кез не шарықта өр аспанда,
Өзіңнің босағаңнан төр асқан ба?
Еліңнің барша есігі ашылғандай
Паспортқа «Қош келдің» деп мөр басқанда!
Жер-көкте шөкім бұлт жоқ, жел ыққандай,
Еркіндік-елің қандай, елдік қандай!
Шіреніп көсілесің, керілесің,
Жер басып тұрғаныңды енді ұққандай.
Оранып сақ-сақ күлкің, баяғы үнің,
Тірліктің қызықтайсың бай ағынын.
Тек кейін білінеді шаршағаның.
Жүргендей ұшымен кіл аяғыңның.
Бұл тағдыр бабын алсын, бағын алсын,
Тілесе тіпті тіл мен жағын алсын.
Тек қана туған жерден айырмасын,
Әйтпесе кімге еркелеп, шағынасың.
| |
Б. Соқпақбаев
Шығармашьшық жолын өлеңмен бастап, 1950 жьшы "Бұлақ" атты жыр жинағын шығарған. Кейін балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман кітаптарын ұсынды. "Менің атым Қожа", "Балалық шаққа саяхат", "Бозтөбеде бір қыз бар", "Өлгендер қайтып келмейді" және "Қайдасың, Гауһар" секілді туындылары КСРО халықтарының және шетелдердің көптеген тілдеріне аударылып, сахналық, экрандық нұсқаға айналған. 1967 жылы Балалар мен жасөспірімдерге арналған фильмдердің Канн қаласында (Франция) өткен халықаралық фестивальінде "Менің атым Қожа" фильмі (Б.Соқпақбаевтың сценарийі) арнаулы жүлдеге ие болды.
Арбасу (әңгімесінен)
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=6534&Itemid=23&limit=1&limitstart=1
Достарыңызбен бөлісу: |