... Сен менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын.
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға асатын.
Сен менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп-төгем.
Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нөрсе сол жүректен сүйікті екен?
Сен мені өскен сайын ойландырып,
Заңдарын табиғаттың ойға алдырып.
Бір қадам басқан сайын өзің мені,
Барасың шежіреге айналдырып...
КДүние қандай жап-жарық
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4465&Itemid=23
Дүние қандай жап-жарық!
Осындай ма еді бұрын да?!
Байқамаппын аңғарып
Ойдың тапшылығында.
Дүние қандай жап-жарық!
Көңілім неге жабырқау?
Көкірегіме дақ салып
Кетті ме соғыс, япырмау?!
Дүние қандай жап-жарық!
Жырдың алтын бұлағы,
Жалт-жүлт етіп жатшы ағып,
Жарқылдайын мен дағы.
|
|
|
| Ақшалық
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4568&Itemid=23
Конец формы
Махаббаты тұр сіңіп.
Ағам берген ақшалық
Жүрерімде майданға,
Қүнды зат ең қаншалық
Ой салғандай адамға?
Бір жапырақ былғары
Құрай салған әлдекім,
О, дариға, бұл дағы
Болды менің ермегім.
Төрт жыл болды, қалтамда
Келем сақтап, жоғалтпай,
Мені қорғар майданда
Тілсіз туыс болаттай.
Жанталаста жоғалып,
He қадірлі калды зат.
Тек осы бір ақшалық,
О, құдіретті махаббат!
Төс қалтамнан орын ап,
Жүр ілесіп жоғалмай,
Көкірегіме ұя caп,
Паналаған торғайдай.
Ағам берген ақшалық
Жүрерімде майданға,
Құнды зат ең қаншалық
Ой салғандай адамға?
Қолға аламын, қараймын,
Қараймын кеп күрсініп.
Сенде туған ағамның
Дауыл
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=4441&Itemid=23
«Дауыл! Дауыл!» дегенге,
Шықтық үйден дүркіреп.
Аспан тұрды төбемде
Аласұрып, күркіреп.
Дүние сол кез дүрілдеп,
Келе жатты бір дауыл.
Түндіктері желпілдеп,
Күтіп тұрды жарлы ауыл.
Шыр айналды шаңырақ,
Сықырлады сырғауыл.
Бұрқырады бар аймақ,
Соқты ышқына көк дауыл.
Көшті дауыл керуені,
Ілестім де мен кеттім.
Көк дауылдай кеуделі
Жігіт болдым, ер жеттім.
Мен дауылдың ұлымын,
Конец формы
Ақылдыға ұнасаң
Ақылдыға ұнасаң,
Ақымаққа жақпассың!
Ақылды боп сынасаң,
Айдалаға лақпассың.
Ақымаққа ұнасаң,
Онда құдай ұрғаны!
Кемдігіңді әрқашан
Ақылды айтсын тұлғалы.
Тұра алмаймын дауылсыз.
Қарсы алуға дайынмын,
Соқса да дауыл дамылсыз.
1940.
Достарыңызбен бөлісу: |