Бір бұтақтың алмасы
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1374&Itemid=23
Көптігі әні—өз әнің,
Жатады жыр алмасып.
Барлық жердің қазағы--
Бір бұтақтың алмасы.
Бір бұтада өскесін
Дәміміз бір, әрине.
Бір самал боп ескесін,
Әніміз бір, әрине!
Бір болады пошымы,
Бір болған соң бұтасы.
Түсіндік пе осыны,
Кеттік бірден тұтасып.
Көңіліңді нұр жатқан
Нұрлы көңіл мақұлдар.
Әр жақта ойлап,
Бір жақтан
Шығатұғын ақылдар.
Ағайынды қуған кім?
Ажырамас іргеміз.
Қызығында туғанның
Қай кезде де біргеміз.
Көкке жетер төбеміз,
Кемед ойды қастерлеп.
Бірге ұзатып келеміз
Балаларды әскерге.
Азаматқа сөзі өткен
Ақ бәйбіше табылып.
Қонақ келсе, Кезекпен
Қаламыз бір шабылып.
Ортақ жандай қазынаң,
Ортақ жандай табысың,
Бір-біріне Аузынан
Жырып берер абысын.
Қалай ғана алалар
Аласы жоқ көңілдер?!
Ортақ біздің балалар,
Ортақ біздің келіндер!
Аспан ашық көгілдір,
Арманы жоқ әз орта.
Отау - бөлек,
Көңіл - бір,
Өлім - бөлек -
Қаза - ортақ!
Елдің әні өз әнің,
Жатады жыр алмасып.
Барлық жердің қазағы -
Бір ауылдың алмасы!
Жігіт болсаң керек саған жеке ерлік.
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1914&Itemid=23
Жігіт болсаң керек саған жеке ерлік.
Жеке ерлікке жігерің де жетерлік.
Аулағырақ болсын сенен қашанда
Алаяқтың бойындағы мекерлік.
Адал жанда жоқ күреске даярлық.
Аңқаулығы әлсіздікке саярлық...
Азаматты араңдатар оп-оңай
Арамзаның бойындағы аярлық.
Мықтысың ба?
Күрескенді жығасың.
Милысың ба?
Тірескеңді ұғасың.
Неге бірақ
Түк қиянат істемей,
Дос алдында кінәлі боп шығасың?
Байқаймысың адамдардың аласын?
Жазықсыздан шырқыратар жала - сын.
Өсегің жоқ,
Төсегің жоқ былғанған.
Бірақ неге ұятты боп қаласың?!
Қонағына сатып берер кім асын?!
Біле алмайсың арамдардың ықласын.
Өзі қызып, Өзі бұзып барлығын,
Бүлк етпестен саған артар кінәсін!
Күлкі қайда?
Күлер жерде күлмейсің.
Қулық - патша,
Сен - кәдімгі күндейсің.
Көз алдыңда көріп тұрған жауың жоқ,
Кіммен қалай күресерге білмейсің.
Бөрік дейміз.
Астында оның жатыр кім?
Айыбы не сотталардай пақырдың?!
Айқасып-ақ өлетұғын, шіркін-ай,
Ашық майдан -
Арманы ғой батырдың!
http://www.adebiet.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1378&Itemid=23
Аранға түскен бөрідей
Аспанға қарап ұлыған.
Көңілім менің ауылда,
Көлбеген жазық далада.
Көндігіп дүлей дауылға,
Көндікпей қойдым қалаға.
Адырда,
Белде,
Ылдида
Ат мініп түлкі қусам ба?!
Көңілім менің ылғи да
Қазоты менен жусанда.
Арманым менің ықпайды
Айтқанмен ақпан боранды.
Есімнен әлі шықпайды
Ебелек пенен тораңғы.
А ралап ойым жүреді
Ауылдың қора, албарын.
Аранға түскен бөрідей
Аспанға қарап ұлыған.
Көңілім менің ауылда,
Көлбеген жазық далада.
Көндігіп дүлей дауылға,
Көндікпей қойдым қалаға.
Адырда,
Белде,
Ылдида
Ат мініп түлкі қусам ба?!
Көңілім менің ылғи да
Қазоты менен жусанда.
Арманым менің ықпайды
Айтқанмен ақпан боранды.
Есімнен әлі шықпайды
Ебелек пенен тораңғы.
Аранға түскен бөрідей
Аспанға қарап ұлыған.
Көңілім менің ауылда,
Көлбеген жазық далада.
Көндігіп дүлей дауылға,
Көндікпей қойдым қалаға.
Адырда,
Белде,
Ылдида
Ат мініп түлкі қусам ба?!
Көңілім менің ылғи да
Қазоты менен жусанда.
Арманым менің ықпайды
Айтқанмен ақпан боранды.
Есімнен әлі шықпайды
Ебелек пенен тораңғы.
|