НұРСҰлтан назарбаев тәуелсіздік дәуірі әож 23 (574) кбж 66. (5Қаз) н 19 н 19


Жаңа индустриаландыру: бағдарлама және бағдар



Pdf көрінісі
бет164/293
Дата14.05.2022
өлшемі3,95 Mb.
#143242
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   293
Байланысты:
38c124e6864be4e165f7b53504281d9e

Жаңа индустриаландыру: бағдарлама және бағдар
Күрделі экономикалық жағдай туындаған 1991, 1997 және 2009 жыл-
дарда да – мен алдағы күндерді ойлауға, мұнан кейін болатын оқиғалар-
дың алдын алуға тырыстым. Бар ойым экономиканың келешегі және ха-
лықтың әл-ауқатын жақсарту төңірегінде болды. Сондықтан 2009 жылғы 
Жолдауда дағдарысқа қарсы бағдарлама ғана емес, дағдарыстан кейінгі 
даму жоспарлары да сөз болады.
Екі айдан кейін, 2009 жылдың мамырындағы «Нұр Отан» партиясының 
XII съезінде, Үкіметтің ең басты міндеті – жаңа өндіріс орындарын құру 
және бұрынғы өндіріс орындарын жаңа заманға сай жаңғырту екеніне ай-
рықша тоқталған едім. Шикізат экономикасын әртараптандыруға ешқандай 
балама жоқ. Елімізге жаңа сипатты өндіріс орындары керек. Тек осындай 
өндірістерде ғана жұмыс орындары заман талаптарына сай болады, соған 
байланысты халықтың әл-ауқаты да артады.
Съезде бірқатар нақты күрделі жобалар туралы айттым. Бұлардың бәрі 
қаржы және кадр ресурстарымен қамтамасыз етілген нақты жобалар бо-
латын. Бұның айналасында осы жобаны іске асыруға қатысатын жүздеген 
бизнес-құрылымдар жұмыс істейді. Дағдарыстан кейінгі қатаң бәсекеге 
қарсы тұрып, экономикалық және саяси тәуелсіздігімізді сақтай аламыз ба, 
жоқ па? Мұның бәрі осы жоспарларды қалай орындайтынымызға байла-
нысты болады. 
2020 жылғы стратегиялық жоспардың негізгі өзегі – 2010 жылдың 
19 наурызында бекітілген «Қазақстан Республикасының 2010–2014 жыл-
дарға арналған үдемелі индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мем-
лекеттік бағдарламасы» еді.
Жаңа бағдарламаның басты нысанасы – жалпы ішкі өнімді 2008 жылғы 
деңгеймен салыстырғанда, 50 процентке өсіру, өңдеуші секторда еңбек 
өнімділігін 50 процентке көтеру, шикізаттық емес экспорт үлесін 40 про-
центке жеткізу болды.
Ең бастысы – Қазақстан өндірісін жаңғыртуды индустрия мен инновация 
ажырамас бірлікте болатындай жаңа сапалық деңгейге көтеруді жоспарладық. 


254
ТӘУЕЛСІЗДІК ДӘУІРІ
2010 жылдың сәуірінде Үкімет республикалық маңызы бар – 101 жо-
бадан және 136 аймақтық жобадан тұратын Индустриаландыру картасын 
бекітті. Индустриаландыру картасы аймақтық-экономикалық жоспарлау-
дың сенімді құралына айналды. Карта мемлекетке бизнеспен бірігіп оңтай-
лы инвестициялық шешім қабылдауға және жеке сектор жобаларын ин-
фрақұрылымды дамытумен ұштастыруға мүмкіндік туғызды.
Біздің табыстарымыз әлемде жоғары бағаланды. Дүние жүзіндегі ең ірі 
«JP Morgan» инвестициялық банкі төрағасының орынбасары Робин Рен-
вик 2010 жылдың маусымында былай деп мәлімдеді: «Қазақстанның бо-
лашағы жарқын. Өзге елдердей емес, Президент републиканы жаһандық 
дағдарыстан абыроймен алып шықты. Тұрақтылықты қамтамасыз етті. Ал 
бүгінде Қазақстанда жеделдетілген индустриаландыру басталды».


ҚИЯҒА ҚҰЛАШ СЕРМЕУ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕКІНШІ ЖАҢҒЫРУЫ
255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   293




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет