НұСҚаулар 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»



бет1/8
Дата25.12.2022
өлшемі56,41 Kb.
#164383
түріНұсқаулар
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ПЕД ПРАКТИКА ҚҰЖАТТАРЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ЕУРАЗИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ИНСТИТУТ


Педагогика кафедрасы


ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕНІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН НҰСҚАУЛАР


5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандық студенттеріне арналған
(күндізгі және сырттай оқыту түрі)


Астана

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

Осы ережелердің мақсаты студенттердің жоғары оқу орындарындағы кәсіби практикасын ұйымдастырылуын регламенттеу мазмұның анықтау болып табылады.


1.1 Жоғары оқу орындарында кәсіби практика окыту процесінде алынған, теориялық білімді бекітуге, практикалық дағдысы мен құзыреттілігінің қалыптасуына, сонымен қатар озық тәжірибені игеруге бағытталған.
1.2. Оқыту барысында педагогикалық мамандықтар бойынша студенттері, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, кәсіби практиканың бірнеше түрлерінен өтеді : оқу; педагогикалық; өндірістік;

    1. Білім алушының жолдамасы практиканың барлық түріне, практиканың өту мерзіміне, практиканың жетекшісі және практиканың өту базалары жоғары оқу орнының басшысының бұйрығымен рәсімделеді.

    2. Практикалардың жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер, мамандықтың спецификасын жақсы білетін және практика базасының қызметін білетін тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.

1.4.4 Практикадан бір жетекші тағайындалған жағдайда (оқу, оқу-танысу, далалық және т.б.) баға қорытынды есеп қорғауы және көрсетілген білімдері бойынша қойылады.
1.4.2 Практикадан екі жетекші тағайындалған жағдайда (педагогикалық, өндірістік және т.б.) қорытынды баға практика базасының жетекшісі тарапынан қойылған баға (40%) және ЖОО тарапынан тағайындалған жетекшісі қойған (60%) бағасының нәтижесінен қойылады.

    1. Практика жетекшісі практика алдында білім алушыларды қажетті дайындыққа ұйымдастырады, практика бағдарламасына сәйкес консультациялар өткізеді, практиканың өтілу барысына бақылау жүргізеді, практика бойынша білім алушылардан есеп қабылдайды, кафедраға жазбаша түрінде пікір тапсырады, практика жөнінде есепті қабылдау жүргізеді.

    2. Білім алушы практика барысында міндетті:

      1. жоғары оқу орнымен тағайындалынған нысаны бойынша, практика бағдарламасын толық орындауға, практика күнделігін жүргізуге;

      2. практика базасына сәйкес ішкі тәртіпке бағынуға;

      3. еңбекті қорғау, техникалық қауіпсіздікті және өндірістік санитария ережелерін оқып, қатаң түрде сақтауға;

      4. кафедра тапсырмаларына сәйкес оперативтік қызметіне қатысуға;

      5. практика жетекшісіне, практика базасы жетекшісінің барлық практика тапсырмаларының орындалынған туралы, қолы қойылған, тағайындалынған нысаны бойынша жазбаша түрде есеп, күнделік тапсыруға.

    3. Сырттай немесе кешкі оқу формасының білім аушылары өз мамандықтары бойынша қызмет атқарған жағдайында, оқу практикасынан босатылады. Бұл жағдайда білім алушылар жұмыс орнынан қызметін растайтын анықтама және мінездеме тапсырады

    4. Оқу практикасының қорытындысы бойынша оқушылар кафедраға есеп тапсырады, оны практиканың ғылыми жетекшісі тексеріп, және кафедра

менгерушісінің бұйрығымен құрылған комиссияның алдында қорғайды. Есепті қорғау қортындысы дифференциалдық сынақпен сандық балды– рейтингтік әріптік баға жүйесімен бағаланады.

    1. Іс-тәжірбиені өтпеген немесе қанағаттанғысыз деген баға алған студенттеркурсты бітірді деп есптелмейді және келесі оқу жылына қалдырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет