НұСҚаулар дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану


Дәріс 10. Білім және әлеуметтік теңсіздік



бет14/21
Дата30.11.2023
өлшемі157,94 Kb.
#194245
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
2023-2024 Лекция курсы

Дәріс 10. Білім және әлеуметтік теңсіздік.
1.Жаһандық перспективадағы білім беру.
2.Білім беру әлеуметтік институт ретінде. Ресми білім берудің қызметтері.
3.Білім беру: әлеуметтік тап, жыныс, этникалық айырмашылықтар. Білім берудің қолжетімділігі, мәдени капитал және теңсіздік.
4. Білім берудің әлеуметтанулық перспективалары. Білім беру мен білімді дәріптеу.
Білім — жеке тұлғаньң әлеуметтік-саяси көзқарасын дамытып, дүниетанымының аясы кеңейтетін маңызды факторлардың бірі. Ол жекс тұлғаның әлеуметтік мәртебесін айқындауда, сондай-ақ қоғамда саяси келісім мен ішкі тұрақтылықты орнықтырып, саяси кұрылымды дамытуда үлкен рӛл атқарады. Білім - біздің қоғамымыздың XXI ғасырдағы басым бағыттарының бірі, елдің барлық қоғамдық-саяси өмірін демократиялық және зиялы кұруында басты стратегиялық даму бағытын анықтайды.. Ендеше, мемлекетіміз ӛз бағытын айқындаудың стратегиялық мақсат-міндеттері қатарына жас ұрпақтың білімі мен тәжірибесін алға шығаруы — заңды құбылыс. Жастарға білім беруді, оның ішінде саяси білім беруді қоғамның әлеуметтік-экономикалық кұрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бӛле жара қарауға болмайды. Саяси білім азаматқа ӛмір сүріп отырған қоғамдық және саяси құрылыста, мемлекеттегі ӛз орны мен ролін құқығы мен міндеттерін дұрыс ұғындыруына, жете түсінуіне кӛмектеседі. Бүгінгі таңда кімнің қандай кәсіппен айналысқанына карамастан, саяси және күқыктық білім әр адамға қажет. Ӛйткені қоғамда тұрып, тіршілік еткендіктен, басқа адамдармен, ұйым, мекемелермен және мемлекетпен қатынаста болады. Ал құқыктық-саяси білімі жоқ адамдар қандай да бір саяси істерде амал-айла, қулықтың жетегінде кетеді. Адамдардың саяси сауаттылығына қоғам да мүдделі. Саяси сауаттылық қоғамды деспоттық басқарудан, адамгершілік құндылықтарға қарсы негізделген жүйеден сақтандырады. Қазіргі қоғамдық сұраныс ӛз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын жеке тұлғаны тәрбиелеуді талап етеді. Адамның қоғамдық мәні — ӛмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі, санасының жоғары немесе тӛмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің, түрлері де алуан түрлі: жас бала ӛмірге келгеннен бастап, ӛмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру - әрқайсысының ӛзіндік ерекшеліктері бар. Адамның саяси жұмысқа саналы түрде және ӛз ерімен қатысу деңгейіне байланысты саяси әлеумсттенуді ғалымдар әдетте алғашқы (немесе бірінші) және екінші деп екі түрге боледі. Алғашқы әлеуметтенуге бала кездегі және бозбала. Экономикалық әлеуметтану экономиканы зерттеудің басты мәселесі ретінде экономиканы ӛз алдына жүйе деп қарайды. Ғылыми тілмен айтқанда, ол тауар айналымының ӛрісі, сатып алу мен сату ісінің жиынтығы. Тауарларды ұсыну және оған" деген тӛлеу қабілеті бар сұраныс. Нарық теориясы ұдайы ӛндіріс (воспроизводство) теориясының құрамды бір бӛлігі. Нарық тауар ӛндірісі туып ӛсуімен қатар пайда болып, дами бастайды, әсіресе, ол қала мен ауылда натуралдық шаруашылық ыдырап, қоғамдықеңбек бӛлінісі тереңдей түскен кезде етек алып кеңейеді. Әлеуметтік зерттеуде бұл екі процесс. яғни сұраныс пен ұсыныс қатар қолданылады, ӛйткені, зерттеуші әлеуметтанушының басты назары ең алдымен мұндағы алуан түрлі адамдардың, олардың топтарының мінез-құлқына аударылады. Адам және оның топтары-жұмысшы, қызметкер, тұтынушы, айырбастаушы, сатушы, сатып алушы, т.б. ретінде қарастырылады. Экономикалық дамудың әлеуметтік аспектілерін жан-жақты ескеріп, талдап отыру керек.. Осыларға орай, экономикалық әлеуметтану еңбектің мазмұны мен түрлерін, яғни жұмысшылар мен қызметкерлердің білім деңгейі мен мамандығы, саналылығы, әді-леттілігі, белсенділігі, жауапкершілігі, т.б. қасиеттері еңбек процесіне қалай әсер ететінін де зерттейді. Экономикалық әлеуметтанудың бір ерекшелігі сол, ол экономикалық құбылыстар мен процестерді жеке адамның, топтың, оның ішінде жіктің экономикалық жағдайы, материалдық әл-ауқаты, одан туатын сана, ойлау және мінез-құлқымен тығыз байланыстырады. Сӛйтіп ол экономиканы реттеудің, басқарудың әлеуметтік механизмдерін ашады да экономикалық сананы, экономикалық ойлауды, экономикалық ынта, ықылас, мәдениет т.б. мәселелерді зерттейді. Міне. осылардың бәрі экономиканы әлеуметтік тұрғыдан зерттеудің ең басты мәселелері. Қазіргі уақытта біздің еліміз нарықтық экономикаға ӛтуде. Ал, нарыктық экономика деп нарықтық қатынастарға негізделген шаруашылық ӛмірін ұйымдастыру, оның белгілі бір деңгейдегі құрылымы мен шартты жағдайын айтамыз. Нарықтық қатынастар-бұл экономикалық қатынастар. Нарықтық қатынастарға ӛтуге байланысты жаңа экономикалық кұбылыстар мен процестср (жекешелендіру, акционерлендіру, аренда, фирма, корпорация, аукцион, биржа, т.б.) өмірге келіп, жаңа ұғъмдар, түсініктерді туғызды. Бұл құбылыстарды, оларды бейнелейтін ұғымдарды экономикалық теория тікелей зерттейді. Ал, әлеуметтану осындай экономикалық мәселелерді қарастырғанда, ең алдымен, адамның, әлеумсттік топтың, жіктің экономикалық мінез-кұлқын қарайды. Сондықтан экономикалық әлеуметтану қандай да бір экономикалық құбылыс, процесс болмасын, оларды талдау, жинақтауда әр уақытта нақтылы жеке адамнан, оның топ-жіктерінен, олардың ӛмір тіршілік ерекішеліктерінен, жағдайынан бастайды. Сонымен, экономикалық жүйедегі адам, оның нысана бағыттары, тәртібі — міне экономикалық әлеуметтанудың экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің басты бағыттары мен мәселелері. Дәлірек, адамның ӛмір сүріп отырған ортасы қазіргі экономикалық жүйеге қатынасы, ондағы алуан түрлі жүріп жатқан өзгерістерге (ой-пікірлері, кӛзқарастары), нарықтық қатынастарға, ондағы экономикалық реформаларға қатынасын зерттейді. Алғашқы кезде кӛпшілік халық нарықтық қатынастарға, экономикаға кӛшкісі келмей оған бӛгет жасады. Елде мұндай жағдайдың болуы ескі стереотипті ойлаудың, болып жатқан іс-әрекеттің сол уақыттағы кертартпалылығымен түсіндіруге болады. Тек қана кейінгі 2-3 жылдарда ғана халық нарықтық экономиканың қай жағынан болсын, пайдалы, тиімді екенін түсініп, мойындайды. Сӛйтіп қазіргі халықтың басым нарықтық экономикалық қатынастарды жақтап, оның ілгері дамуына күш салуда. Яғни олар ерлер мен әйелдердің арасындағы жіктелу мен айырмашылықты биологиялық әртүрлілікпен түсіндіруге болмайтынын, мәдени аумағында басым болып отырған еркектік пен әйелдік идеялары шын мәнінде жаттандылық екенін, олардың ақиқат шындыққа салыстырмалы ғана қатысты барын дәлелдеуге тырысты. Жыныс – гендерге, сондай-ақ еркектер мен әйелдердің рӛліне қатысты астасып жататын кӛп мәдени нұсқалар бар екені дәлелденді. Ұлдар мен қыздардың әлеуматтану үрдістерінің нәтижесінде – жастарды тәрбиелеу білім беру, мәдени дамыту, ӛндірістік қатынастар мен отбасы идеологиясы арқылы ересек ерлер мен әйелдерге айналуы саласында зерттеулер жүргізіліп жатыр. Құрылымдық деңгейде үй шаруасындағы еңбектің тіпті еркек пен әйелдің екеуі де үйден тыс жұмыста болса да, олардың арасында тең бӛлінбейтіні зерттелді. Сондай-ақ жұмысқа орналасқанда да жеке бастың қабілеті мен біліктіліктен гӛрі жыныстық нышан басып кетіп, әйел затына қалған қызметі тимей немесе жұмыс бабымен ӛсе алмайды. Кейінгі кезде мәдени деңгейде гендердің құрылымдық ӛзгерістеріне ынта-ықылас білдіріле бастады. Кейде кәсіптік жұмыспен қамту құрылымында ерлер мен әйелдерге жұмысты тең бӛлмеуге қатысты проблемалар да туындап жатады. Гендерлік теңдіктің дамыған жері бұл Скандинавия мемлекеті болып табылады. Атап айтқанда Дания, Финляндия, Норвегия және Швецияда 1905-1920 жылдарынан бастап әйелдерге сайлауларға қатысып және өздері де таңдаулы болуына мүмкіндік жасалды. Барлық скандинавиялық мемлекеттерде әйелдер мен еркектер ӛздерінің құқықтары, саясатқа араласу, кез-келген жұмыс істеу мүмкіндігі жағынан тең құқылы болды. Ұлттық әркелкілікке қарамастан гендерлік теңдік бұл елдерде бірдей болды. Бұл елдер басқа елдерден айырмашылығы олардың өкімет басқарушыларына үй шаруашылығы және отбасы жайындағы проблемаларды шешуге жол берілген. Швецияда 1960 жылдары әйелдердің саясат жағында мемлекетке қызмет етуі 29% жеткен ал 1998 жылдары бұл жағдай 48% -ке ӛсті. Гендерлік теңсіздігіне қарамастан қыз балада, ұл балада орта оқуды бірдей тең дәрежеде білім алуға тиіс, ӛйткені ол білімін одан әрі жалғастыруға мүмкіндік алады. 1992 жылғы Швецияда қабылданған заң қызмет бабындағы теңдікті одан әрі күшейте түсті. Мемлекет осылайша одан әрі дами түсті. Ал енді Ботсвенде, Чилиде бақылау халықтық жиналыстарда, митингілерде белсенділік кӛрсету дәрежесін зерттеуде, тыңдаушылардың дәрістерге, жиналыстарға қызығушылығын зерттеуде, олардың әр түрлі шаралардағы мінез-құлқын зерттеуде қолданылуы мүмкін. Бақылау іске қосылған немесе қосылмаған болады. Іске қосылған бақылау кезінде бақылаушы барлық бақыланушылармен бірге болады, мысалы, топта, еңбек ұжымында, т.б. ішінде. Іске қосылмаған бақылау кезінде бақылаушы сырттан бақылайды. өз орнына байланысты бақылаудың бірнеше түрлері болады. «Далалық» деп аталатын бақылау табиғи жағдайда, «лабораториялық» бақылау арнайы ерекше жағдай жасалған кезде жүргізіледі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет