НұСҚаулар дәріс Әлеуметтік әлемді түсінудегі әлеуметтану



бет11/21
Дата30.11.2023
өлшемі157,94 Kb.
#194245
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
2023-2024 Лекция курсы

Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі әдебиет:

  1. Әбдікерова, Г.О. Әлеуметтану, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 132б.

Әбдірайымова Г.С. Жастар социологиясы, Алматы, Қазақ университеті, 2012, 166б.

  1. Джаманбалаева Ш.Е. Социология девиантного поеведения, Алматы

  2. Джаманбалаева Ш.Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведения, Алматы 2014.



Дәріс 8. Дін, мәдениет және қоғам.

  1. Мәдениет әлеуметтануы түсінігі, оның құрылымы мен мазмұны.

  2. Мәдениеттің негізгі элементтері. Субмәдениет түсінігі және түрлері.

  3. Мәдениеттің әлеуметтік функциялары. Мәдениет әлеуметтануының мәдениеттанумен және басқа ғылымдармен байланысы.

  4. Социологиялық әдістерді мәдениет саласында қолдану ерекшеліктері.

“Мәдениет” термині латын сөзінен шыққан, алғашында мәдениет деп табиғи себептерден туындаған өзгерістерге қарағанда, адамның әсер етуімен болатын табиғи объектідегі барлық өзгерістер түсіндірілді. Кейінірек “мәдениет” сөзі жинақталып, қорытылды, сөйтіп онымен адам қолымен жасалғанның барлығы атала бастады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, мәдениет алғашқыда жаратылыста табиғаттың үстіне адам қолымен жасалған “екінші табиғат” ретінде көрінеді. Мәдениет материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін қамтиды. Бұл - мәдениетке жалпы философиялық көзқарас.
Әлеуметтануда мәдениет сөзі кең мағынада өзіндік ерекшелігі бар, генетикалық жолмен берілмейтін, адамның өмір сүру ортасы мен өзара әрекеттесуінің құралдары, амалдары, нысандары, үлгілері мен бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі. Тар мағынада мәдениет әлеуметтануда адамның нақтылы бір тобына тән, ұжымдық қолдауға ие болатын құндылықтар, сенімдер, мінез-құлық үлгілері мен нормалар жүйесі ретінде түсіндіріледі.
Әлеуметтану тұрғысынан зерттеудің объектілері деп қазіргі қоғамда өмір сүретін меңгеру нысандары мен әдістерінің нақтылы бөлінуі, мәдениет объектілерін жасау мен жеткізу, мәдени өмірдегі тұрақты және өзгермелі процестер, әлеуметтік факторлар мен механизмдердің байланыстырушылары айтылады. Бұл тұрғыда әлеуметтану кең таралған, тұрақты және әлеуметтік қауымдастықтың, топтың, табиғи және әлеуметтік қоршауларымен жалпы қоғам мүшелері қатынастарының уақыт бойынша қайталанып отыратын көп түрлі нысандарын, қауымдастық мәдениетінің даму деңгейін анықтайтын мәдениеттің даму серпінін зерттейді.
Мәдениет әлеуметтануы көптеген қызметтер атқарады, олардың негізгілері: ғылыми-танымдық, білім беру және тәжірибелік қызметтер. Ғылыми-танымдық қызметі арқасында мәдениет әлеуметтануы мәдени процестердің өзгерісіне немесе қолдауына, нәтижесіне әсер ететін әлеуметтік факторлар мен механизмдер, қазіргі жағдайдағы мәдени серпін заңдылықтарының өзіне тән ерекшелігі туралы шынайы білімді қамтамасыз етеді.
Мәдениеттің екінші аса маңызды құрамдас бөлігі құндылықтық-танымдық жүйе болып табылады. Құндылық - бұл осы немесе басқа қоғамдық заттардың қасиетін, қызығушылықтарын, ниеттерін, қажеттіліктерін қанағаттандыру құбылысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет