Оқыту әдістері: тәжірибелік жұмыстарды орындау (зертханалық жануарларда сы-намалар
орындау, физиологиялық әдістерді игеру, құрал-жабдықтармен жұмыс жа-сау, зерттеу
нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу), тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді
шешу, шағын топтарда жұмыс жасау (SGL), сабақ барысында модуль бойынша клиникалық
жағдайды оқыту.
Әдебиеттер: 1. В.В. Новицкий, Е.Д. Гольдберг, О.И. Уразова; қазақ тіліне аударылған оқулықтың жалпы
редакциясын басқарған Б.А. Жетпісбаев. Патофизиология 1 том 2018ж. Оқулық
2. В.В. Новицкий, О.И. Уразова; қазақ тіліне аударған және редакцияланған С.Б. Жәутікова
Патологиялық физиология. 2014ж. Оқу құралы. қазақ-орыс тілінде
3. Жәутікова С.Б. Патологиялық физиология бойынша ситуациялық есептер жиағы.2013ж. Оқу-
әдістемелік құрал.
Электронды ресурс: Патологиялық физиология: Учебник: в 3-х т. Эверо,2022
http://
//elip.kz/
Бақылау: Тесттік тапсырмалар: Жағдайлық есептер: Тақырып: Альвеоло-капиллярлық мембрананың диффузиялық қабілеті бұзылысының
патогенездік механизмдері. Кіші қанайналым шеңберінің гипертензиясы.
Мақсат: альвеоло-капиллярлық мембрананың диффузиялық қабілеті және өкпеде вентиляция-
перфузиялық бұзылыстар дамуымен байланысты үлгілі және клиникалық жағдайларының
патофизиология тұрғыдан талдауды жүргізуін үйрету.
Оқыту міндеттері: Студент білу тиіс:
тыныс алу жеткіліксіздігі диффузиялық түрінің туындау және даму заңдылықтарын;
тыныс алу жеткіліксіздігі перфузиялық түрінің туындау және даму заңдылықтарын;
вентиляция-перфузиялық бұзылыстар кезінде спирометриялық ауытқуларын;
тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық және перфузиялық түрлері кезінде қанның физика-
химиялық өзгерістерін;
ұрықтың және жаңа туылған нәрестенің өкпедегі қанайналымының ерекшеліктерін;
жаңа туылған сәбилерде және ересектердегі респираторлық дистресс-синдромының
айырмашылығын;
тыныс жеткіліксіздігінің диффузиялық түрі кезінде клиникалық көріністерінің патогенезін;
тыныс жеткіліксіздігінің перфузиялық түрі кезінде клиникалық көріністерінің патогенезін;
тыныс жеткіліксіздігі кезінде вентиляция-перфузиялық бұзылыстарды емдеу ұстанымдарын
және тәсілдерін.