НұСҚаулар мамандық: 6В10155-«Жалпы медицина»



Pdf көрінісі
бет12/28
Дата04.03.2023
өлшемі0,63 Mb.
#171066
түріНұсқаулар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28
Байланысты:
ТС әдістемелік нұсқаулары

Тақырып бойынша сұрақтар: 
1. Асқорыту физиологиясы. Асқорыту процесстері реттелуінің жүйкелік және гуморалдық 
механизмдері. 
2. Асқорыту жеткіліксіздігі, анықтамасы. Асқорыту мүшелері қызметтері бұзылыстарының 
этиологиялық факторы. Асқорыту бұзылыстарында энтероэндокриндік жүйесі гормондарының 
маңызы. 
3. Асқорыту мүшелері патологиясының синдромдары, олардың патофизиологиялық сипаттамасы. 
4. Жұтыну және астың оңеш арқылы қозғалысы бұзылыстарының себептері және даму 
механизмдері. Дисфагия. Оңеш ахалазиясы. Маллори-Вейсс синдромы. 
5. Асқазандық секрецияның түрлері, олардың сипаттамасы. Асқазанның сөлініс қызметі 
бұзылуының мөлшерлік және сапалық көрсеткіштері. Ахилия.
Ахлоргидрия. 
6. Асқазанның қозғалыстық қызметінің бұзылыстары. Кекіру, қыжылдау, лоқсу, құсу.
7. Гастриттер этиологиясы және патогенезі. Асқазан және 12-елі ішектің қышқылдық және 
пепсиндік ойық-жаралары. Симптоматикалық ойық-жаралар.
8. Асқазан және 12-елі ішекте ойық-жараның туындауында күйзеліс, тұқымқуалаушылык және 
Helicobacter pylori қоздырғышының маңызы. Ойық-жара процессінің хронизациясы. 
9. Асқазанның сөлініс, қозғалыстық және қорғаныстық қызметтерінің бұзылыстары. Себептері, 
даму механизмдері, салдарлары. 
10. Ішекте асқорыту бұзылыстарының механизмдері. Обстипациялар (іш қату), диареялар (іш өту). 
Асқынулары. 
11. Асқазан және 12-елі ішектегі ойық-жараның эксперимент жүзінде үлгісін алу. 
12. Балалардағы диспепсиялық ауытқуларының ерекшеліктері. Салдарлары және асқынулар. 
Оқыту әдістері: 
тәжірибелік жұмыстарды орындау (зертханалық жануарларда сы-намалар 
орындау, физиологиялық әдістерді игеру, құрал-жабдықтармен жұмыс жа-сау, зерттеу 
нәтижелерін талқылау, хаттамаларды рәсімдеу), тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді 
шешу, шағын топтарда жұмыс жасау (SGL), сабақ барысында модуль бойынша клиникалық 
жағдайды оқыту. 
Әдебиеттер: 
1. В.В. Новицкий, Е.Д. Гольдберг, О.И. Уразова; қазақ тіліне аударылған оқулықтың жалпы 
редакциясын басқарған Б.А. Жетпісбаев. Патофизиология 1 том 2018ж. Оқулық
2. В.В. Новицкий, О.И. Уразова; қазақ тіліне аударған және редакцияланған С.Б. Жәутікова 
Патологиялық физиология. 2014ж. Оқу құралы. қазақ-орыс тілінде 
3. Жәутікова С.Б. Патологиялық физиология бойынша ситуациялық есептер жиағы.2013ж. Оқу-
әдістемелік құрал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет