8 ғылыми емес сұрақтарды ажыратады және ғылыми тұжырымға дәлелдер келтіре
алады.
2 Тиісті ғылыми білім негізінде таныс жағдайларда мүмкін болатын түсіндірмелер
береді; қарапайым зерттеулер негізінде қорытынды жасайды; тікелей байланыс
орнатады және ғылыми ізденістің немесе технологиялық мәселелерді шешудің
нәтижелерін тура түсіндіреді; ғылыми түсіндірмені тану, деректерді түсіндіру
үшін күнделікті мазмұнды және негізгі процедуралық білімге сүйене алады,
сонымен қатар қарапайым эксперименттік зерттеу арқылы шешілетін тапсырманы
тани алады; қарапайым мәліметтер жиынтығынан жеткілікті қорытынды алу үшін
базалық немесе күнделікті ғылыми білімді қолдана алады; ғылыми
жаратылыстану әдістермен зерттелетін мәселелерді тани отырып, негізгі
танымдық дағдыларды көрсетеді.
1 Олар қарапайым ғылыми құбылыстың түсіндірмесін тану үшін күнделікті
мазмұнды және процедуралық білімді қолдана алады; қолдау көрсеткен жағдайда
берілген процедура бойынша айнымалысы екеуден аспайтын зерттеулерді
орындай алады; қарапайым себеп-салдар немесе корреляциялық байланыстарды
көре алады, төмен деңгейлі дағдыларды қажет ететін графикалық және басқа да
визуалды мәліметтерді түсіндіре алады.