Нұсқаулар Пәні: Клиникалық патофизиология Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



бет16/18
Дата27.12.2022
өлшемі267 Kb.
#164606
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Практика-СД-4курс-каз

Ситуациялық есептер.
Тапсырма 1.
28 жастағы пациент клиникаға мынадай шағымдармен түсті: тоқтаусыз оң қабырға астының ауырсынуы; диспепсиялық бұзылыстар, тез шаршағыштығы, әлсіздік. 3 жасында этиологиясы белгісіз сары ауруды басынан кешкен.
Объективті: тері жамылғысы және склерасы сарғыштанған; бауыры ұлғайған, пальпация жасағанда жұмсақ, ауырсынбайды. Талағы едәуір ұлғайған. Үлкен дәретінің түсі қалыпты.
Лабораториялық зерттеулер нәтижесі:
Қанның жалпы анализі: Нb 92 г/л, эритроциттер 3,15х1012/л, ретикулоциттер 15%, айқын анизоцитоз, пойкилоцитоз, микроцитоз, сфероцитоз, эритроциттердің осмостық резистенттілігі төмендеген; лейкоциттер 3,7х 109/л, лейкоцитарлық формула өзгеріссіз, РОЭ 6 мм/сағ.
Қанның биохимиялық анализі: жалпы белок 8 г%, альбумин 5,2 г%, жалпы билирубин 5,8 мг%, тікелей билирубин 0,25 мг%, АСТ, АЛТ 12 МЕ, холинэстераза қалыпты жағдайда, глюкоза 115 мг%.
Несептің жалпы анализі: тәуліктік диурез 1450 мл, тығыздығы 1,028, түсі күңгірт; белок, қант анықталмайды; Нb-ға реакциясы оң мәнді, өт пигменттері (уробилиноген) – жоқ.
Инструменталды зерттеулер нәтижесі:
УДЗ: бауыр аздар ұлғайған, өт қапшығы өзгеріссіз, холестаз белгілері жоқ.
Сұрақтары:
1. Бауыр ауруындағы диспепсиялық бұзылыстары шығу тегінің сипаттамасы қандай?
2. Терінің сары түске боялуы тері қышуымен қабаттаспауы мүмкін бе?
3. Диспепсиялық бұзылыстардың, сарғыштанудың, бауыр ұлғаюының патогенездік байланысы бар ма? Барлық кезде бұл бауырдың тікелей зақымдануына куә бола алады ма?
4. Пациентте бауыр функциясының бұзылыстары болуы мүмкін деп тұжырымдауға болады ма? Егер болса қандай?
5. Бауыр тінінің тікелей зақымдануын объективті көрсеткіштеріне қарай жоққа шығаруға болады ма?
6. Науқаста қандай сарғыштанудың түрі дамыды?
7. Шығу тегі қандай?
Тапсырма 2.
31 жастағы науқас клиникаға жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Түскен кезде: пассивті, тежелген, барлық уақытта сұраққа тез және адекватты жауап бермейді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Дене қызуы 36,5 0С. Тері жамылғысы және кілегей қабаты сарғыштанған денесінің жоғарғы бөлігінің терісінде телеангиэктазиялар анықталады, алақандырының эритемасы байқалады. Бауыр пальпациясын қиындата түсетін асциттік сұйықтықтың есебінен іші ұлғайған. Аяқтарының ісінуі байқалады. Сол қарынша шекарасы аздап ұлғайған. АҚ 160/95 мм с.б., ЖСЖ 90, пульсі ырғақты. Науқас созылмалы алкоголизмнен зардап шегеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет