Нұсқаулар Пәні: Клиникалық патофизиология Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»


Тақырыбы № 5. Бүйрек патофизиологиясы



бет17/18
Дата27.12.2022
өлшемі267 Kb.
#164606
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Практика-СД-4курс-каз

Тақырыбы № 5. Бүйрек патофизиологиясы.
Мақсаты: бүйрек функциялары бұзылыстарымен байланысты жағдайлардың патофизиологиялық анализін жүргізуді үйрету;
Бүйрек зақымдануының дамуындағы негізгі синдромдар механизмін анықтау;
Өткізу формасы: тәжірибелік жұмысты орындау
Тақырыбы бойынша тапсырма :
1. Ауызша сабақ тақырыбына жауап беру.
2. Ситуациялық есептерді жауаптарымен құру.
3. Тест есептерін шығару.
Тарататын құжаттар:
1. Тест тапсырмасы.
2. Ситуациялық есеп.
3. Кесте.
4. Схема.
Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Шумақтық фильтрация бұзылыстары қандай?

  2. Диурез бұзылыстары, түрлері, патогенезі қандай?

  3. Натрий балансы және калий экскрециясының бұзылыстары қандай?

  4. Көмірсу және амин қышқылдары реабсорбция бұзылыстары қандай?

  5. Бүйректік түтікшелік ацидоз, түрлері қандай?

  6. Бүйрек экскреторлық емес функцияларының бұзылыстары қандай?

  7. Бүйрек жетіспеушілігі, түрлері қандай?

  8. Уремиялық синдром немен сипатталады?

  9. Бүйректік тастардың түзілу механизмдері қандай?

Ұсынылған әдебиеттер:
негізгі:
1. Нұрмұхамбетұлы Ә. Клиникалық патофизиология . 2009 ж.
2.Нұрмұхамбетұлы Ә. Патофизиология: оқулық. Алматы. - 2007. -648с.
қосымша:
1. Нурмухамбетов Ә., Ахмет-төре М. Патофизиологиядағы медициналық атаулардың сөздігі – Алматы. – 1998. -80.
2. Нурмухамбетов Ә., Есенқұлов Ә., Әбисатов Қ., Ахмет-төре М. Медициналық атаулардың орысша-қазақша шағын сөздігі. Алматы.-1998-128.
3. Жаутикова С.Б. «Патологиялық физиологияның жалпы курсы». Оқу құралы.-Қарағанды, 2000.-105.
Тесттік тапсырмалар
1. Пиурия – бұл ... .

  1. зәрден лейкоциттердiң көп мөлшерде шығарылуы

  2. зәрдiң меншiктiк тығыздығының азаюы

  3. зәрде нәруыздың бiраз мөлшерде пайда болуы

  4. зәрде көп мөлшерде цилиндрлердiң пайда болуы

  5. зәрде эритроциттердiң пайда болуы

2. Созылмалы бүйрек жеткiлiксiздiгi патогенезiнде ... негiзгi механизм
болып табылады.

  1. бiртiндеп жұмыс iстейтiн нефрондар санының азаюы

  2. бiртiндеп гипертрофияланған және дилатацияланған нефрондар санының артуы

  3. қанның онкотикалық қысымының жоғарылауы

  4. шумақтарда фильтрациялық қысымның төмендеуi

  5. бүйрек iшiлiк қысымның жоғарылауы

3. Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің терминалды сатысы … сипатталады.

  1. уремиямен

  2. полиуриямен

  3. гиперстенуриямен

  4. шумақтарда гиперфильтрациямен

  5. бүйрек өзекшелері эпителиінің гиперсекрециясымен

4. Бүйректен пайда болған зәрдің патологиялық компоненттері:

  1. өзгерген эритроциттер.

  2. цилиндрлер.

  3. гиалиндік цилиндрлер.

  4. өзгермеген эритроциттер.

  5. билирубинурия.

5. Уремия кезінде тіршілік сақталынған:

  1. нефрондардың 10 %-нан төмені.

  2. нефрондардын 70 %-дан көбі.

  3. нефрондардың 50 % .

  4. нефрондардың 30 %-дан көбі.

  5. нефрондардың 75 % .

6 Қауырт гломерулонефриттегi протеинурия ... түсiндiрiледi.

    1. шумақ қылтамыры өткiзгiштiгi артуымен+

    2. шумақ қылтамыры қабырғасының электр заряды азаюымен

    3. бүйрек қанағымының азаюымен

    4. шумақ қылтамыры өткiзгiштiгi төмендеуiмен

    5. шумақтардың гиперперфузиясымен

7 Реналдық олиго-, анурия ... дамиды.

  1. ауыр металдардың тұздарымен жедел уланғанда

  2. несеп-тас ауруы кезiнде

  3. қуық асты безiнiң аденомасы кезiнде

  4. несеп ағардың тарылуы кезiнде

  5. жедел тамырлар жеткiлiксiздiгi кезiнде

8.Жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң пререналдық себебi болып ... табылады.

  1. шок

  2. бүйректi алып тастау

  3. бүйрек артериясының тромбозы және эмболиясы

  4. зәр шығаратын жолдардың обструкциясы

  5. бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы

9 Жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң постреналдық себебi болып табылады:

  1. зәр жолдарында тастардың пайда болуы.

  2. жедел гломерулонефрит.

  3. бүйрек iсiгi.

  4. организмнiң сусыздануы.

  5. шок.

10. Жедел бүйрек жеткiлiксiздiгiнiң реналдық себебiне ... жатады.

  1. бүйрек паренхимасының жедел зақымдануы

  2. организмнiң жедел сусыздануы

  3. несеп ағардың стриктурасы

  4. шок

  5. несеп тас ауруы

11. Жедел бүйрек жеткіліксіздігін шақыратын пререналдық факторларға ... жатады.

  1. жаншылу синдромы

  2. жедел гломерулонефрит

  3. қорғасынмен ауыр дәрежеде улану

  4. сулемамен улану

  5. жедел пиелонефрит



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет