Нуржігіт Алтынбеков Омп диф зачет


Сұхбаттасудың функциялары



Pdf көрінісі
бет17/41
Дата22.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187381
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41
Байланысты:
ОМП дифф зачет

 Сұхбаттасудың функциялары. 
1.Диагностикалық 
2.Терапевтік 
Олар бірге, параллелді түрде жүзеге асу керек, себебі тек үйлесу 
жағдайында, ғана медициналық мақсатына жетеді. Көбінесе науқас өзінің 
шағымдарын, мәселелерін және жағдайын сипаттап түсінікті түрде айта 
алмайды. Сондықтан, науқастың айткан мәселелерін дәрігердің тыңдай білуі-
сұхбаттың бір кезеңі болып табылады. 
Сұхбаттың принциптеріне келесілер жатады

1.
Қойылған сауалдарға медициналық қызметкердің жасаған тұжырымы дәл, 
ашық, сәйкес және түсінікті болуы. 
2.
Бірізділік және адекватты, біркелкі болуы. 
3.
Алынған мәліметті тексеру мүмкіншілігі болуы. 


Нуржігіт Алтынбеков 
Медициналық қызметкердің қойған сауалдары мен тұжырымдары дәл және 
тиісті, науқастарға түсінікті, арнайы терминсіз болуы керек. Олар аурудың 
тілі мен мәдениетіне, біліміне сәйкес келуі қажет. Сондықтан науқастың 
әлеуметтік статусы, білім дәрежесі, мәдениеті мен сөйлесу мәнері 
анықталады.
Сұхбаттасудың бірізділігі
дегеніміз, алдымен науқастың шағымдарына 
негізделіп, дерттің белгілерін құрастырып, онан соң бұзылыстарды және 
олардың себептерін анықтау. Ол үшін медициналық дерттің белгілерін, 
психологиялық әрекеттесу түрлерін және бұзылыстарын білу керек. Әр 
ауруда көптеген клиникалық белгілер болуына байланысты, олардың 
барлығының бар жоғын сұрастыру медициналық қызметкердің білгірлігінің 
төмен дәрежеде екенін көрсетеді, науқасты жалықтырып, шаршатады. 
Бірізділік принципі
бойынша науқасты ұқыпты түрде сұрастырып, аурудың 
белгілерінің даму ретін, оларға байланысты себептерін анықтау керек. 
Мұнда, аурудың баяндауын тәптіштеп, егжей-тегжейіне дейін толық тыңдап 
қадағалау, оқиғалардың соңғы нәтижесі, науқастың ойлары және олардың 
талқылауы маңызды роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет