Нуржігіт Алтынбеков Омп диф зачет


Коммуникативті дағдылар туралы түсінік



Pdf көрінісі
бет2/41
Дата22.10.2023
өлшемі0,87 Mb.
#187381
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41
Байланысты:
ОМП дифф зачет

 
 1.Коммуникативті дағдылар туралы түсінік. 
 Коммуникативтік дағдылар
– дәрігердің жұмыс барысына байланысты 
басқа субъектілермен, адамдармен, науқаспен, оның жақындары және 
туысқандарымен, әріптестерімен және тағы басқа тиісті дәрежеде қарым-
қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларьшың тиімділігі мен 
нәтижесін арттыру. 
Коммуникативті дағдылар – науқастар мен олардың туыстарының және 
ұжымдастарының тарапынан берілетін кері байланыс пен олардың өзіндік 
бағалауы негізгі құрал болып табылады.
Ортақ әрекетттесудің қажетті шарты- арақатынас жанасу бекітіліп, дамуы, 
ақпарат алмасуы, бірін-бірі тануы және қоса әрекеттесуі. 
Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым-
қатынас, сұхбат, байланыс орнатуы. Дәрігер мен науқас адамның қарым-
қатынасының жоғарғы дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына әкеледі. 
Коммуникативтік дағдылар
- науқастың вербалды және вербады емес 
қимылдарын жақсырақ тануға және дұрыс жауап қайтаруға, пайдалы 
клиникалық ақпарат беруге; 
Тиімді диагностика жүргізуге; Түрлі жағдайларда дәрігерлерге тиімді әрекет 
етуге, науқасқа оның жазылмайтын ауру екеніне немесе науқастың 


Нуржігіт Алтынбеков 
туыстарына оның ұзаққа бармайтынын жеткізуде және тағы басқа 
жағдайларда каммуникативтік дағдының көмегі тиеді. 
2.Коммуникативті процесс туралы түсінік 
Коммуникация дегеніміз – қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың 
өзара түсінуге байланысты: бір-бірімен ақпарат, мәліметтер алмасуы болып 
келеді.
 Коммуникативтік процесс
– бұл екі немесе оданда көп адамдар 
арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті 
болуын қамтамасыз етеді. Ұйымдағы ақпаратпен алмасу күтілгендей 
әрдайым тиімді бола бермейді. Көп жағдайда берілетін хабарлама дұрыс 
түсінілмейді, демек ақпаратпен алмасу тиімсіз болады. Ақпаратпен алмасу 
процесінде 4 негізгі элементті ажыратуға болады: 
1) жөнелтуші - ақпаратты жинап, өзгелерге тапсыратын тұлға
2) хабарлама - символдар көмегімен кодталған ақпарат; 
3) арна - ақпаратты жеткізу құралы; 
4) алушы - ақпарат бағытталған тұлға. 
Ақпаратпен алмасу кезінде жөнелтуші мен алушы бірнеше өзара байла-
нысқан кезеңдерден өтеді. Олардың мақсаты хабарламаны құру және екі жақ 
та бастапқы ойды түсіну мен бөлісу үшін оны жеткізу арналарын пайдалану. 
Аталмыш өзара байланысты кезеңдер мынадай: 
1) ойдың туындауы; 
2) кодтау және арнаны таңдау; 
3) жеткізу; 
3. Дәрігердің кәсіби қызметіндегі коммуникативті дағдылардың маңызы 
Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым 
қатынас, байланыс, сұхбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде – науқаспен, 
оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен. Дәрігер мен 
сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби 
дамуына үздіксіз әсер етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет