Нуржігіт Алтынбеков
білдіру; 2) Мұрнын тыржиту –
мазақ қылу, жаратпау; 3) Қабағын шыту –
біреуге күш көрсету, ренжу, қатты ашулану, көңілі толмау.
5. Тиімді өзара қарым-қатынасқа қол жеткізу үшін дәрігердің сөздік
қарым-қатынас құралдарын пайдалануы
Қарым-қатынас
– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін
туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп
адамдардың арасындағы танымдық
немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе,
білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас
тұлғалар мен топтар
дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас
барысында
адамдардың
танымдық
хабарлармен,
ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен
алмасуы және өзара
түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым-қатынастың
интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро,
микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады.
Достарыңызбен бөлісу: