О-65 Орақбаев Аслан Мұқатайұлы Толеш Темирлан Нурлыбекұлы



Pdf көрінісі
бет40/50
Дата04.05.2023
өлшемі13,65 Mb.
#176073
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50
Байланысты:
Mumkindik x Asik

ТАБАНДЫЛЫҚ ТАНЫТ!


МҮМКІНДІК
140
Табандылық таныт!
«…намазға сабырлық пен
табандылық таныт». [20:132]
Б
ұл түнде аяғы ісігенше нәпіл намаз оқыған 
сүйіктісіне бәрін білуші Алланың бұйрығы еді. 
Жаратқан құлдарының арасынан таңдаулы құл ғана өз 
мойнына адамзатқа намазды жеткізу міндетін алады. 
Алла Тағала ардақты пайғамбарымыздың намазға 
ерініп қалғанын көріп оған әмір етті ме?
Әрине, олай емес. Намаз оның жан рахаты мен 
көзінің нұры еді.
Парыз, сүннет, нәпілдің қайсысы болмасын үнемі 
намаз оқитын еді.
Жолда, сапарда, ұйықтар алдында, оянғаннан кейін 
де намаз оқитын. Ол шүкіршілігі, сабыры, қуанышы, 
қайғысы, берекесі, қиыншылығын да намазбен 
білдіретін, намазбен қарсы алатын еді. Алла Тағала 
iqup


iqup
141
соған қарамастан оған: 
«Намаз оқығанда сабырлық пен 
табандылық таныт»
деп әмір етті. Неге?
Бұл жердегі табандылық дегеніміз – намаздың 
нәтижесі мен оның жемістеріне сабыр сақтау. 
Намаз – кез келген мұсылманның өміріндегі ең жиі 
атқарылатын құлшылық. Намазды Жаратушы өзгеріс 
құралы етті. Намаз оқитын адам мінез-құлқы мен ой-
өрісін өзгерте алады. Бірақ бұл өзгеріс бір-ақ түнде 
болмайтынын ескеру керек. Сондықтан намаз оқуда 
табандылық таныту қажет. Пайғамбарымыз өз міндетін 
сабырлық және табандылықпен орындады. Тіпті Омар 
ибн Хаттаб, Халид ибн Уалид сияқты мінезі қатты 
жандарды Алланың әміріне бағындыра алды.


МҮМКІНДІК
142
Наполеон Хилл
Н
аполеон Хилл – атақты американдық жазушы, 
1938 жылы шыққан ең әйгілі кітабын (Think &
Grow Rich/Думай и Богатей) оқымаған кәсіпкер жоқ. 
Ол кітап әлі күнге дейін сатылып келеді және тарихтағы 
бестселлерлердің қатарына енген. Зерттеулерге, 
бақылауға, ақпарат жинауға және идеяларды 
жазуға негізделген бұл кітапты жазуға Наполеон 
Хилл 25 жылдан астам уақыт жұмсады. Сонымен 
ол бай адамдардың ортасындағы ортақ байланыс 
пен ерекшеліктерді білу үшін түрлі саладағы қырық 
миллионермен сұхбаттасты.
20 ғасырдың басында Шотланд миллиардері Эндрю 
Карнеги жас журналист жазушы Наполеон Хиллге 
олардың құпияларын біліп, кітап етіп шығару үшін сол 
кезде өзі бастаған көптеген миллионерлермен сұхбат 
жүргізуді тапсырады. Себебі бұл миллионерлер нөлден 
бастап көтерілген еді. Сонымен қатар олардың байлыққа 
қол жеткізулері жәй ғана сәттілік пен кездейсоқтық 
емес еді. Осылайша ол сол кездегі табысты адамдар мен 
миллионерлер тобымен кездесуге бет бұрды. Автокөлік 


iqup
143
өнеркәсібінің патшасы Генри Фордпен, темір және 
болат миллионері Чарльз Швабпен, сол дәуірдің ең 
бай адамы Джон Рокфеллермен, Американың бұрынғы 
президенті Теодор Рузвельтпен және мыңдаған 
өнердің иесі лақап атымен танылған кәсіпкер Томас 
Эдисонмен байлық пен ақша саласындағы пікірлері 
мен көзқарастарын білу мақсатында кездесті. Бұл табыс 
жолындағы күрес, сол жолдың нәтижесі және жеке 
даму жоспарлары туралы әңгімелер еді. Осы құпиялар 
мен қағидалардың барлығы «Ойлан да байы» (Think & 
Grow Rich) кітабында баяндалған.
Наполеон Хилл табандылықты өзінің кітабында 
сәттіліктің негізгі принциптерінің бірі деп атап өтті 
және табандылық іс жүзінде осы миллионерлердің 
бәріне тән қасиет болды. Бірақ таңқаларлық жайт, 
Наполеон Хилл пайғамбарымыз Мұхаммедті мысал 
ретінде келтіріп, оған жеке бір бөлім арнаған, ол оны 
The Last Great Prophet – «Пайғамбарлардың ұлы мөрі» 
деп атаған.
Ол арнайы ілім алмаса да бұрынғы пайғамбарлар 
секілді ғажайыптарды дін тарату құралы ретінде 
қолданбаса да ардақты пайғамбар адамзатқа осы 
өзгерісті қалай әкелгені туралы айтты. Сонымен қатар 
ол бай, ықпалды немесе қолында билігі бар адам да 
емес еді. Бірақ біраз жылдар ішінде бүкіл араб түбегі 
асыл пайғамбардың Алла тарапынан келген әміріне 
бағынды. Соның бәрі дінді жаю мен өз мақсатын жүзеге 
асырудағы табандылығының арқасында болатын.


МҮМКІНДІК
144


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет