О. Б. Мазбаев география ғылымдарының докторы, профессор


Қайталау-қорытындылау сабақтары



Pdf көрінісі
бет20/92
Дата14.02.2022
өлшемі4,9 Mb.
#131760
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92
Байланысты:
Географияны оқыту әдістемесі. Оқу-әдістемелік құралы by Акашева А.С. (z-lib.org)

Қайталау-қорытындылау сабақтары
Негiзiнен, 1-курстың бiр тарауы немесе бөлiмi аяқталғанда, 
тоқсан соңында және жыл соңында өтiледi. Бұл сабақтардың 
мақсаты – оқушылардың бiлiмiн жинақтау, жүйелеу, қорытынды-
лау. Ерекшелiгi оқушы тақырыпты теория жүзiнде бiлумен қатар 
оны атлас картадан көрсетiп, кескiн картамен де жұмыс жасай-
ды, кейбiр географиялық есептердi шығарып, арасында жұмбақ, 
сөзтiзбе шешедi, сызба, график профильдi талдап, ауызша салыс-
тырып, сипаттама беруге үйренедi. Сабақты ұйымдастырудың 
ұтымдылығы оқушыларды түрлi iскерлiктерге баулиды. Мысалы, 
6-сыныпта «Гидросфера» тарауын қорытындылағанда оқушылар 
өзен, көл, теңiз, шығанақ, бұғаз, мұхит, мұздық, жер асты сулары, 
тоң туралы алған бiлiмдерiн қайталап, картамен жұмыс жасайды. 
Ойын сабақтары
1. Интеллектуалды шоу сабағы. 
2. Ойын сабақтары. 
3. Айтыс сабақ. 
4. Саяхат сабақ. 
5. Жұлдызды сағат сабағы. 
6. Сайыс сабағы. 
Оқушылардың алған бiлiмдерiн одан әрi толықтыруға, түсiнiк-
терiн тереңдетуге, ойлау қабiлетiн арттыруға, ұшқыр ойлануына, 
мүмкiндiк бередi. Қазiр сабақтарда әртүрлi ойындар қолданыла ды. 
Мысалы, «Жұлдызды сағат» ойынында оқушылар қойылған сұ-
рақ тарға әрi қысқа, әрi жылдам жауап беруге дағдыланса, «Сая хат» 
сабақтарда карта арқылы әртүрлi жерлерге саяхат жасайды. Ин-
теллектуалды шоу сабақтарында қазақтың ұлттық ойындары көп 
қолданылады. Мысалы, «Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», «Жорға», 
«Алтын сақа», т.б. Бұл ойындар арқылы оқушыларды ұлттық сипат-
та тәрбиелесек, екiншi жағынан ұлттық нәрмен сусындатамыз. 


37


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет