82
Ісқағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
Қазір ҚБТУ, Қаржы-экономика факультетінің 2-курс студенті.
Университет қабырғасында білім алу барысында Әсия өзін өте салмақты,
ойлы, талапты да жинақы студент ретінде таныта білді. Мінезі біртоға,
сабырлы, барлық нәрсеге сын тұрғысынан қарайды, жас та болса өзіндік
көзқарасын белсенді түрде байқата алады. Өз курстастары арасында бедел
мен құрметке ие.
Әсияның жауапкершілік
сезімі өте жоғары, өзіне тапсырылған істі
жан-жақты ойластырып, шығармашылық қатынаспен атқаруға тырысады.
Оны «Іскерлік қазақ тілі» сабақтарындағы өздік жұмыстарды орындау
барысында байқатты. Еңбекқорлығы,
талмай ізденгіштігі, табандылығы
арқасында орындаған жұмыстары топ алдында жоғары бағаланды.
Университет қабырғасында 24.11.2006 ұйымдастырылған «Competitiveness
in Kazakhstan on Contemporary Stage of Market Reforms’ Realization»
тақырыбындағы конференцияға белсене қатысып, сертификатқа ие болды.
«Іскерлік қазақ тілі» пәні бойынша практикалық сабақтарды жүргіз-
ген
оқытушы ретінде, Мұстағұлова Әсияның алға қойған мақсатына
қол жеткізуге барлық күш-жігерін салатындығына,
келешекте еліміздің
экономикалық өрлеуіне өзіндік үлесін қосатындығына сенемін. Сондық-
тан, Елбасының ұсынысымен тағайындалған «Болашақ» стипендиясы
бойынша шетелде білім алуға лайық деп сенім білдіремін.
Тілдер
кафедрасының
ассоциативтік профессоры, п.ғ.д.
1 маусым, 2009 жыл _____________________________
К. Құрманбай
Достарыңызбен бөлісу: