Ұсынылатын әдебиеттер: 8,11,16,19,26
14- дәріс тақырыбы. Кемелдену кезеңіндегі дағдарыс
30 жастағы дағдарыстың ең алғашқы зерттеушісі Д.Левинсон еді. Бұл сатыдағы толық даму және бейімделу «басталу перодына байланысты» екнін анықтады. Бұл кез – жастық шақтың дау-жанжалын шешу уақыты, ересектердің дүниеде өз орнын табу, өз міндетін сезіну, тұрақтануды сезіну уақыты. Бұл период үшке бөлінеді:
Ерте кемелдену кезеңі (17-22 жас);
Ересектер өмірін игеру кезеңі (22-28 жас);
30 жасқа көшу кезеңі (28-33).
Бұл жасты зерттеген зерттеушілер бойынша, адам 30 жастағы дағдарыста, өзінің өткен 10 жылдық өмірін қарастырып, тұрақтануды, жаңа қажеттіліктерді, дұрыс шешім қабылдау керектінгін қарастырады, ойланады.
Бұл дағдарыста «бірдеңе қабылдау» керек деген сезімдер пайда болады. 30 жастағы дағдарыстан өткеннен кейін адам өзін сол кезеңнің мүмкіндіктеріне бейімдеп, өз мәртебесін тұрақтандырады, жақсы, тұрақты жұмыс іздейді, қауіпсіз өмірге талпынады. Адам өз арманына жету үшін еңбектенеді.
Г.Шихидің Д.Левинсон. теориясына сүйене отырып жасаған зерттеулері қызықты. Ол келесі жағдайларды ескереді: 28-32 жаста адам жастық шақтағы дау-жанжалдарды шешіп, өмір құндылығын бағалап, өзіне сол қоғамнан өмір іздейді, жаңа міндеттерге ие болады.
Д.Левинсонмен Г.Шиихи бойынша, келесі 10 жылдық өмірдің жақсы, қалыпты өтуі 30 жастағы дағдарысқа байланысты.
Б.Лихевуд өтпелі кезеңді жиырма жастың соңы мен отыз жастың ортасын қамтитын кезең, алғашқыға қарағанда өзгеше фаза деп қарастырады. Бұл кезеңде тұрақтылық әр түрлі жақтарда болады. Мамандығын ауыстырмайды, енді олар сол мамндық бойынша алға жылжып, ойластырған жоспарын іске асыруды қарастырады. Барлығын ақыл-ой басқара бастайды.
Ал Э.Коуэн болса, 30-35 жасты дағдарыс кезеңі деп қарастырады. Бұл кезеңде бағалау, қажеттіліктер мен мүмкіндіктер, ата-аналық рөл, адамдардың мәнділігі, қажеттілігі не деген сауалға байланысты өзгерістер болады деп қарастырады. Осы жаста қарым-қатынасқа, жұмысқа, өмір сүру стиліне байланысты жаңа шешімдер мен бағалау басталады, білім мен дағдыны кең түрде ойластыра бастайды.
Э.Коуэн бұл дағдарыстан шығуды былай қарастырған: адам жаңарады, яғни «арманға» жету сезімі болады, бұл шабыттану қорытынды тәрізді, ал дағдарыстан өтпей қалғанда көбінесе жабығу сезімі болады.
Сонымен, бұл жастағы даму жанұяға, жұмысқа, достық қарым-қатынастарға байланысты. Осылайша, 30-35 жас жекебастың дамуының дағдарысы болып табылады, ол өмір жағдайларындағы өмірді бағалауға, стратегиясының, позициясының өзгеруіне байланысты болады. Алғашқы кемелдену кезеңінің тұрақтануына әкелетін кезең осы уақыт аралығы болып есептеледі. Қалыптасқан жекебас ішкі және сыртқы дүниелерді ойластырады, ары қарай бағыттауға байланысты шешімдер қабылдау керектігін сезінеді. Бұл дағдарыс дүниетаным дағдарысы деп қарастырылғандықтан, көптеген зерттеушілер бұл кезең қалыпты өтеді дейді.
40 жас дағдарысы – «өмір ортасының дағдарысы».
Бұл кезеңді Б.Лихевуд өзінің еңбектерінде қарастырады. Ол отыз жастың екінші жартысынан басталады дейді. Көптеген адамдар үшін отыз жастың бірінші жартысында болған өмірге көзқарасы мен өз-өзіне сенімділігі сол қалпы қалады. Кейбір адамдар бұл жаста еш нәрсені, жаңаны күтпейді, зейнеткерлікті тосады, ал кейбіреулеріне өзінің ортасы, жұмыстағы жетістіктері, жанұясы ұнайды. Көп уақыт балаларымен оның достарымен болып, шулы жерлерде көп болғандықтан, оған бәрі жақсы көрінеді. Кейбір кездерде қалыпты өмір жағдайында олар өзінің дағдарысын, жасын түсіне бастайды.
Құндылық дағдарысын анықтау үшін көптеген ұғымдар қолданылады. 30 жаста құндылықтар жүйесі өзгере түседі. Осы жүйе әрекетте болғанға дейін дұрыс жүреді. Бірақ бұл жүйе шатынады, яғни адам өз қойған мақсатына жете алмады. Оны еш нәрсе қанағаттандырмаса және ешқандай өзгерістер болмаса, әрине, ол өзінің аяғының астынан жердің тағанын сезінеді. Бұл жерде қорқыныш пайда болады да, ол бірнеше жағдайларға созылуы мүмкін. Бірақ адам өзінің әлсіздігін жеіуге болады. Бұл дағдарыста біз көбінесе жекебас құндылықтарына көп көңіл бөлеміз.
Дж. Холлис бозбала парадигмасындағы өмір ортасы дағдарысына көңіл бөледі. «Орта жастағы дағдарыс» атты еңбегінде, өз ойларын келесі сауалдардан бастайды: «Неліктен орта жаста біздің хәліміз нашарлай бастайды? Неге біз оны дағдарыс деп атаймыз? Дағдарыстың мәне неде?
Орта жастағы дағдарыс кезеңін мен орта жолда деп айтамын, бізде өмірді қайта қарастыру мүмкіндігі пайда болады, кейде ол қорқынышты, ал кейде біз жеңілдеп қаламыз: «Маған өмір сүру барысында мен рөлімді орындамасам, кім боламын?» деген сауал көп қойылады. Бұл сауалдағы орта жолда жекебастың өзін анықтау мен бағдарлауын қарастыруды айтамыз.
Дж. Холлистің пікірі бойынша, бұл кезеідерді көп адамдар өзі танитын адамдармен өткізеді. Сонымен, орта жас дағдарысы жеке бастың басқаларымен бірдей болмауымен, өмірдің ағашқы жартысында даму жолын табуға көмектесетін, мәнін ашатынын анықтау керек, ал ол жай жерде қолданбайды, мұнда құндылықтар ревизиясы, мәндерді бағалау жүреді. Әр адам өзінің «Менін» біліп, шешімды өзі үшін ғана қабылдау керек.
Қарттық кезең дағдарысы.
Бұл дағдарыс кемелдену мен қарттық кезеңдер арасында байқалады. Бұл дағдарыс екінші кемелдену кезеңінен қарттық кезеңге көшумен байланысты.
Қарттық кезеңде ішкі әрекет маңызды рөлді алады. Э.Эриксон сүйентін болсақ, қарттық-өмір сүруді аяқтау кезеңі болып табылады. Қарт адам өз өмірінің мәнін ойлайды. Эриксонның анықтауы бойынша, даналық дегеніміз ұрпақтар байланысының бірізділігінен тұрады. Даналық қарттық кезеңнің ең жоғарғы шыңын көрсетеді. Қарттық кезеңдегі дағдарыс әлеуметтік өмірдегі белсенділіктен бас тарту дағдарысы болып табылады. Мұның бастысы жаңаны қабылдау емес, керісінше өз бойында ескіні сақтау болып саналады. Қарттық шақтың негізгі – өлімге дейін өз өмірін сол қалпы қабылдау. Дағдарыс нақты объективті өзгерістермен байланысты: қарт адмдар жұмыс істемей, зейнеткерлікке шығады, басшы болудан, ұжым мүшесі болудан, бала болудан бас тартады, өз ата-аналарын жерлеп, өздері ата-ана болмайды, балалары өсіп, өздері жеке бөлек жанұя құрайды, жыныстық өмірі, денсаулығы өзгереді, серуендеуді қойып, өлімнің жақындығына келісіп, тосады. Бұл – дағдарысты зерттеу даму психологиясында болашақтағы бағыттардың бірі.
Тұрақты кезеңдер аралығында ересек кезеңі, яғни әрбір кезең арасында дағдарыс болады. Өтпелі кезеңдерге байланысты эмпирикалық мәліметтер көп. Дағдарыстың психологиялық мазмұны мен құрылысы зерттеу құмысының тақырыбы болып табылады.
Геронтогенез кезеңі.
Геронтология (қарттықты зерттеу туралы ғылым) XIX-XX ғасырларда пайда болды. Қарттық – адам өмірінің соңғы кезеңі, адам ұоғамдық өмірден бас тарта бастауымен байланысты. Геронтогенез халықаралық жіктеме бойынша үш кезеңге бөлінеді: ер адам үшін 60-74 жас, әйел адам үшін 55-74 жаста кәрілік кезең, қарттық 75-90 жас аралығында; көп өмір сүретіндер – 90 жас және одан көп. Әр кезеңнің шегі бар, оларға индивидуалды ерекшеліктер, қоғамдық-тарихи даму, мәдениет әсер етеді.
Негізгі мінездеме:
Ағзаның функционалды қабілетінің төмендеуі;
Денсаулықтың әлсіреуі;
Дене күшінің жойылуы.
Қарттық кезеңде көптеген стереотиптер мен бұрмаланған түсініктер кездеседі. Кәрілік кезеңге соматикалық, интеллектуалды, психологиялық проблемалар тән. Қарттық кезең төрт он жылдықты қамтиды: 60-тан 90-ға дейінгі жас аралық. Өз ата-аналарына қарағанда 60 жастағы адмдар өздерін белсенді, дені сау деп сенеді. 70 жаста болғанда олар достарымен, жанұяларымен тығыз қарым-қатынаста болады, ал кейбіреулері достары мен жақындарын және дене күштерін жоғалта бастайды; 70 жастан асқанда адамдар көптеген ауруларға шалдығады. 80-90 жас аралығында дүниеден бөліне бастайды, созылмалы аурулармен жиі ауырып, әлсірейді. Қарттық кезеіде морфо-функционалды өзгерістер болады (терілері, тұрысы, бұлшық еттері, қаңқалары бұзылады). Сенсорлы функциялары, есту мен көру төмендейді. Стохастикалық теория бойынша, ағза ескіреді немесе ағза жасушалары зақымданады, соның әсерінен қартаю басталады. Зерттеушілердің айтуы бойынша, қартаю аспектілерінің бағдарлануы генетикалық болады. Бағдарлан генетикалық жасушаларға байланысты болады.
Кемелдік-шақ ең ұзаққа созылатын адам дамуын кезеңі (30-60 жас аралығы) көптеген арсында бұл кезеңді қалыпьтастыру мәселесі талас туғызып жатады. Біреулер бұл кекзеңді (зейнетке кету кезеңі ) деп анықтаса , енді біреулері “нағыз қоғам өмірін гулдендіретін” кезең деп анықтама береді. Э.Эриксонның пікірінше , кемелдік шақ 25-тен 65- жасқа деін созылады, яғни өмірдің 40 жыл уақтын алады деген сөз. Кемелдік жақта, жастық шақтағыдай өмірінің маңызды бөлігін кәсіби қызмет пен жанұялық қатынастар алып отырады. Бірақ та олардың әлеуметтік даму жағдайы өзгеріп отырады: Бір кәсіпті таңдау мен өмірлік жарды таңдау орын алса, яғни өмірдің маңызды жақтарын ұйымдастыру болса, онда кемелдік шақта өзінің “менін ” толық аша білу жағдайы жүзеге асады, яғни кәсіптік қызметпен жанұяда өзін толық аша білуі маңызды болып табыылады Э.Эриксонның ойынша , кемелдік шақтың негізгі мәселесі бұл даму жолының прогрессивтілігі мен регрессифтілігі арасындағы таңдау болып табылады. Бұл жерде ересектің көзқарасында өнімділік ұғымы мынадай түсінікке ие: шығармашылық және кәсіби өнімділік болып табылады.
Кемелдік шақтың негізгі ерешелігінің бірі өзінің және өзгелер өмірі үшін жауапкершілікті сезіну. Кемелдік кезеңдегі жеке бастың дамуынан ақталмаған максимализмнен құтылуды талап етеді, бұл әсіресе жас өспірімдік пен жастық шаққа тән . Бұл кезеңдегі ойладырытын мәселелеор- өмір мәселелеріне салмақтылықпен қарау , әсіресе кәсіби қызметтің жан-жақтылығына назар аудару болып табылады.
Кемелдік кезеңдегі көптеген адамдардан “жоспарланбаған ” кризис болады, яғни тұрақты екі кезең шекарасынан икемделу емес, нақты кезеңнің өзіне тұрақталу болып табылады. Бұл “40 жас кризисі” деп аталады. Бұл кризис кейбіреулерінде ерте басталады,ал кейбіреулерінде кеш басталып ұзаққа созылуы мүмкін. Бұл 30 жастың кризисінің қайталануы болып сияқты, яғни өмірдің мәнін іздеу кризисі. 30 жастағы кризис кезінде адам белгілі бір нақты шешімге келе алмаса, 40 жаста бұл кризистің қайталануы сөзсіз. 30 жастағы кризис кезіндегідей, бұл кезде де адам қаттыуайымға түсіп, өзінің өміріне деген қанағатанбаушылық, өмірлік жоспарлары мен оның жүзеге асуы арасындағы алшақтықты сезінүін басыныа кешіреді.
Кәсіби қызметтегі мәселелерге қоса , бұл кезеңде жанұялық қатнастарда да қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл кезеңде, әдетте, балалары өзіндік-дербес өмір сүре бастайды , кейбір өзінен үлкен туысқандары өмірден өтіп жатады. Жақын адамдарынан айырылу, жанұяда болатын келіспеүшіліктер, барлығы кризистік жағдайды одан да тереңде те түседі .
40 жастағы кризистің туындау кезінде адам өзінің өміріне қайта үңіліп, өмір мәнін іздестіре бастайды, “Я-концепциясын” жаңадан құра бастайды бұл крезиспен көптеген маңызды өзгерістер байланысты, мәселен , кәсібін өзгертуіне жаңа басқа жанұя құруына дейін баруы мүмкін. Кемелдік кезеңнің жаңа орталық шағы- бұл оның өнімділігі болып табылады. Яғни Э.Эриксон бойынша интегралды білім жүйесі, кәсіби өнімділік пен болашақ ұрпақ өміріне өз қорын қалдыру мәселесі болып табылады. Осыменен жастық шақта – орталық жастық жаңа білім бағыты болып, біріншіден, жанұялық қатынастар, ата-ана болу, екіншіден, кәсіби қабілеттілігі болса, онда кемелдік кезеңде осы екеуінің біріккен білім жүесі , алдағы меңгерілген дағдылар нәтижелерін бекіту ьолып табылады.
40- жастық кризис жағдайындағы аса маңызды мәселе - өмір жоспарының қайта түзілүімен байланысты “Я- конссепсиясының” өзгеруі болып табылады.
2. “Акмә” және “акмеология” туралы ұғым.
Көптеген психолгтардың пікірінше кәсіби өнімділіктің поблемалары “акмэ”-гулдену өсудуң биік шыңы , кезеңдерімен түсіндіреді . ол антикалық заманның өзінде –ақ пайда болған. Ежелгі гректердің түсінігінше , “амеэ” деген ұғымы даму психологиясында кемелдік шақты зеттейтін сала болып табылған. Бұл саланы “акмэология” деп атамыз.
Көптеген зертеушілер, оның ішінде швейцарлық психолог Э. Клапаредтің, ойынша кемелдік кезеңдегі өзінің гүлдену - өсінуіне өзінің кәсіби шыңына жеткенде өзінің шыңына жеткенде адам өзінің дамуын тоқтатады, жеткен нәтижесінде тоқтап , өзінің шығамашылық потециялына қанағаттанады. Кемелдік кезеңдегі “акмэнің” бөлінуі- бұл кемелдік кезеңге әркелкі көзқарстардың пайда болуы, осыдан өмірлік елсенділікпен энергияның төмендеуі болып табылады. Г. Кайктің анықтауы бойынша , кемелдік бұл- жанұялық өмірдегі гулдену, өсу болып табылады. Бұл кезеңде көптеген адамдарды - өзінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мәселелері, өзінен кейінгі ұрпаққа белгілі бір шеберлікті қалдыру қажеттілігі жүзеге аспай қалған жоспарлары мен назардан тыс қалған мүмкіндіктер уайымдатады, өзінің жақын-туыстарымен жақын қатынастарды қалай сақтау мәселесі ойландырады.
Кемелдіктің ерте және ортаңғы кезінде бірінші фаза сақталады, ортақ функциялар сапаларының прогрессивті даму фазасы жүзеге асады. Бірақта, екінші фаза да туындайды, бұл кәсіби қызмет процесіндегі арнайы психмкалық функциялар мен байланысты прогрессивті даму болып табылады. “АКМЭ” туралы түсінікті жақтаушылардың пікірінше акмеологияның негізгі міндеті-осы өнімді кемелдік кезеңнің туындау заңдылықтарын орналастыру болып табылады.
Бір қатар мамандықты меңгеруге қолайлы кезең өнімділік Даму шыңы өздерінің мінез-құлқына негізделген. Барлық кәсіпкерлерінде шеберлік, білім мен тәжірибе физикалық және фунуционалды дайындықтың жоғары деңгейі жауап бере алуы тиіс. Сыналушы ұшқыштар, -кәсіби спортшылар, -әртістер өзінің “акмэсіне” кемелдік щақтың алғашқы кезеңінде жетеді, одан кейін біршама басылаады. Басқа кәсіптерде мәселен, хирург-дәрігері, авиадиспетчер және т.б “акмэ” кемелдік шақтың ортасында немесе соңына қарай жетуі мүмкін.
Мұндай жағдайлардың барлығында да кәсіптік өнімділік шыңы шеберлік, білім, тәжірибе деңгейлерінің қажетті оптималды үйлестілігіне байланысты, бір жағынан, функциональды дайындыққа негізделсе, екінші жағынан, физикалық дайындыққа негізделген.
“Акменің” мерзімі мен ұзақтығына адамның жеке тұлғалық ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, кез келген спорттың түрлерінде жас шағы ерекше маңызға ие.
“АКМЭ” мәселесі, әсіресе шығармашылық кәсіптегі адамдарда қызығушылық туғызады- оқымыстыларды, жазушыларда, ақындарда, крмпозиторларда, суретшілерде және т.б өте айқын мысалдарды келтіруге болады, А.Н.Верстовский өзінің шығармашылық өнімділік шыңына “Асколдова могила” 36 жасында жеткен одан кейінгі 27 жыл уақытында осы секілді шығармаларды шығара алмады.
3. Ересектердің отбасындағы рөлі.
Кемелдік шақ- өмірдің барлық сапасында өнімділік пен тиімділікке жететін. Ересек адамның маңызды міндеттерінің бірі- өзінің балаларын өсіріп- жетілдіру. Өсіп келе жатқан балалар мен ата-аналардың қатынасы әр түрлері болады бұл жерде әр түрлі жағдайларкға байланысты қалыптасады. Ең маңызды, шешүші жағдай- әр бір ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынастар базасына байланысты болып келеді. Психологияда мұндай қатынастардың үш вариянты қарастырылады: Эмоционалдықтың негізі болып табылатын шартсыз сүйіспеншілік, негізделген сүйіспеншілік және баланы қабылдамау.
Аналық шартсыз сүйіспеншілікті Э.Фроле былайша сипаттаған: “Аналық сүйіспеншілік-бұл баланың өмірі мен мұқтаждықтары үшін өмір сүру, өзін-өзі құрбан ете біледі. Альтруистикалық сипаттағы ана сүйіспеншілігі махаббаттың ең жоғарғы түрі болып табылады. Жанұяда сүйіспеншілікке ие баланың уайым-қайғылар мен сүйіспеншілігін” деген түсінікте бірігеді. “Мен әдемімін, мен қайталанбас адаммын, сондықтанда сүйіктімін. Мен сүйіктімін, өйткені анам маған мұқтаж деп ойлайды. Мен сүйіктімін, өйткені бұл менмін. Мен сүйікті болуым үшін еш нәрсе істеудің қажеті жоқ”.
Баланың әдемілігінен немесе ұсқынсыздығына, қабілеттілігіне қарамастан сүйеді. Балаға осындай сүйіспеншілік қажет.
Негізделген сүйіспеншілік-шынайы махаббат емес. Баласы мұндай жағдайда ата-анасының талап-үміттеріне жауап берген жағдайлардағана сүйеді. Егер бала ұқыпты, тәртіпті, тіл алғыш, проблема әкелмейтін, жақсы оқитын, ата-анасының жолымен жүрген жағдайда ғана сүйіспеншілікке ие болады.
Негізделген сүйіспеншілікбала бойында өзіне-өзі сенімсіздік, мазасыздық сенімін туғызады, сондай-ақ өзін-өзі бағалау деңгейін төмендетеді.
-Кемелдік кезеңдегі даму, әдетте, оның психологиялық жасының динамикасы мен байланысты болып келеді. Бір-бірі мен тығыз байланысты, бірақ бір-бірі мен сәйкес емес жастың үш түрін топтастыруға болады:
Хронологиялық (паспорттық)
Физикалық (не биологиялық)
Психологиляқ
Физикалық жас паспорттық жастан онша ерекшеленбейді. Мысалы, 40 жаста 20 жасар болып көрінүге болады және бүкіл ағза денсаулығы да сәйкес келүі мүмкін, нмесе кәріліктің белгілеріне де ие болуға болады.
Психологиялық жас, бұл адам өзін-өзі қалай сезінүді қалай қабылдайды саған байланысты. Бұл жас ерекшелігі көбіне физикалық жасқа әсер етеді.
Психологиялық жас-бұл Даму идентификация, яғни өзін-өзі қабылдаудың әр түрлі деңгейіне де тәуелді болуы мүмкін.
Психологилық жас, Даму идентификация-уақыт ұғымдары туралы түсініктер мен байланысты өзіндік сана аспекті болып табылады.
Уақытты қабылдау, жас туралы түсініктердің қалыптасуын жеке тұлғаның ес процесінің қосылуына тәуелді болып келеді. Мәселен, үш жасқа дейін бала “қазірғі нақты уақытпен” өмір сүреді, қазіргі мезетте қабылданған заттарға ғана эмоционалды қатынас жасайды.
Кемелдік кезеңде психологилық жас көбіне жеке-тұлғалық ерекшеліктеріне тәуелді болып келеді, сондай-ақ оның тұлғалық бағыт-бағдарына өмірлік мақсаты мен оны жүзеге асыруды спецификатсына да байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |