ОқА ректоры з.ғ. д., профессор



бет51/54
Дата24.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#133250
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Акмеология негіздері (1)

2.10 Глоссарий





Ұғымдар

Мазмұны

1

Даму психологиясы пәні

әр қилы психикалық процестердің табиғи негізі мен үнемі дамып отыратын азаматтық қасиеттерін, психологиялық сапаларын, адам психикасының жас ерекшелігі динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезін зерттейді.

2

Психика дамуы

уақыт шеңберінде психикалық құбылыстардың сандық, сапалық және құрылымдық ерекшеліктерінің заңды өзгерістері

3

Онтогенез

Құрсақта пайда болғаннан өмір соңына дейінгі адамның жеке дамуы

4

Филогенез

Биологиялық эволюция барысында түрдің психикалық құрылымдардың қалыптасуы

5

Рекапитуляция концепциясы

онтогенез (индивидуалды даму) бұл филогенездің (түрдің тарихи дамуы) қысқа да тез қайталануы

6

Жас

нақты психикалық дамудың уақытпен шектелген сатысы. Ол физиологиялық және психологиялық өзгерістер заңдылықтарының жиынтығымен, жалпы адамның жеке даму айырмашылықтарымен байланысты еместігімен сипатталады. Жас психологиялық ерекшеліктер нақты-тарихи жағдайлармен шарттасқан: тұқымқуалаушылықпен, әрекет ерекшеліктері, индивидтің қарым-қатынасы.



7

Дамудың қозғаушы күштері

Жеке бас өз өмірінде ішкі қайшылықтардың әсері негізінде дамиды. Олар жеке бастың қоршаған ортамен қарым-қатынасына, оның жетістіктері мен сәтсіздіктеріне, қоғам мен индивидтің тепе-теңдігінің бұзылуына байланысты. Қарама-қайшылық жаңа қасиеттердің және жеке сапалардың тууына байланысты шешіледі. Кейбір қарама-қайшылық жаңа қарама-қайшылықпен ауысады. Егер олардың шешімі табылмаса, дамудың тежелуіне, дағдарысқа әкеп соқтырады. Дамушы жеке бас жаңаша өмір сүру жағдайларына, қоғамдықмаңызды әрекетке қарай ұмтылады, осы мақсатты жүзеге асыруда өз дамуының жаңа қайнар көздерін табады.

8

Дамудың әлеуметтік жағдайы

әр жас кезеңінің өзіне ғана тән және сол кезеңдегі психикалық дамуға әсер ететін сыртқы жағдай. Әр жастағы балалардың өмірі олардың спецификалық өмір мазмұнына толы: қоршаған адамдармен өзара қарым-қатынасы, белгілі бір жас кезеңіндегі жетекші әрекеттер: ойын, оқу, еңбек. Сонымен бірге әрбір жас кезеңінде бала орындайтын белгілі бір міндеттер және бала орындауға тиісті міндеттер болады. Дамудың әлеуметтік жағдайы- бұл бір жас кезеңіндегі ішкі процестердің дамуымен және сыртқы жағдайлардың үйлесімділігімен сипатталады

9

Жас дамуындағы дағдарыстар.

бұл бір жастан екінші жас кезеңіне өту кезінде психикада өзгеріс болып, даму секірмелі сипатта болатын өтпелі кезең. Дамудың жас дағдарыстары кейбір жалпы ерекшеліктермен сипатталады. Бұл кезеңде бала өзін қоршаған адамдармен жиі кофликтіге түседі, ашуланшақ, қырсық болып келеді.

10

Жетекші әрекет

адамдардың белглі бір жас кезеңінде пайда болатын және қалыптасатын, негізгі психикалық жетістіктерді анықтайтын әрекет.

11

Жетістіктер

белгілі бір жас кезеңінде ғана пайда болып, сол кезеңдерді басқа кезеңдерден ажыратуға көмектесетін психикалық процестер мне жеке бастағы сапалы өзгерістер

12

Хронологиялық жас

Жеке адамның құрсақта пайда болғаннан бастап өмірінің соңына дейінгі аралықтағы жасы

13

Биологиялық жас

Әр адамның ағзасында пайда болатын генетикалық, морфологиялық, физиологиялық және нейрофизиологиялық өзгерістер

14

Әлеуметтік жас

Адамның психикасында пайда болатын оның дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын білдіретін өмірлік және жастық өзгерістер

15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет