Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнын іске асыру Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында,
Міндеттері: - баланың өмірін қорғау және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны құру;
- мектепке дейінгі білім берудің сабақтастық және үздіксіз ұстанымдарын қамтамасыз ету;
- балалардың дене, зияткерлік, адамгершілік, эстетикалық, коммуникативтік дамуына бағытталған білім беру салаларын кіріктіру;
- әр жас топтарында бағдарлама материалының мазмұнын игеру бойынша мониторингті ұйымдастыру;
- мектепке дейінгі ұйым мен отбасының өзара ықпалдастығы.
Бағдарламаның мақсаты:балалардың жас ерекшеліктері мен жеке мүмкіндіктеріне, қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес білім, білік және дағдыларын қалыптастыру, рухани-адамгершілік құндылықтарын, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясына негізделген сәйкес жалпыадамзаттық құндылықтарды, патриотизм мен төзімділікті тәрбиелеу