ОСОБЕННОСТИ ОРГАНИЗАЦИИ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОГО ПРОЦЕССА ПО ОБНОВЛЕННОМУ СОДЕРЖАНИЮ ОБРАЗОВАНИЯ В 5, 7 КЛАССАХ
ОБРАЗОВАТЕЛЬНАЯ ОБЛАСТЬ «ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»
«Қазақ тілі мен әдебиеті»
Оқыту орыс тіліндегі мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқыту кіріктірілген білім беру бағдарламасы бойынша іске асырылады. 5,7- сыныптарда оқу процесі жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасымен (оқыту орыс тілінде) жүзеге асырылады. Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша қамтылатын шығармалар, сағат саны, оқу мақсаттары нақты көрсетілген.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
5-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
7-сынып – аптасына 5 сағат, оқу жылында – 170 сағат;
Оқыту мақсаттары арқылы мұғалімдер сөйлеу қызметінің төрт дағдысын(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) қалыптастырады, сонымен қатар, оқушылардың жетістігін бағалайды және оқытудың келесі кезеңі туралы ақпарат береді жәнеолардың жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған.
Оқыту пәнінің мазмұнын 5 бөлім құрайды:
тыңдалым;
айтылым;
оқылым;
жазылым.
сөйлеу нормасын сақтау.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің 5-сыныптағы білім мазмұны бойынша білім алушылар:
тыңдалым дағдысы бойынша тірек сөздер арқылы болжайды, негізгі мазмұнын түсінеді, нақты ақпаратты анықтайды, күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты сөздердің мағынасын түсінуді, көркем әдеби мәтіндердің мазмұнын түсінуді, негізгі тақырыпты анықтауды, сұрақтарға жауап беруді үйренеді.
айтылым дағдысы бойынша жаңа сөздерді олардың синонимдерімен, антоним, омонимдерімен қатар қолдануды, ойын жеткізе білуді, амандасу мәнері мен ұлттық этикет формаларын, қазақ тіліндегі төл дыбыстар мен үндестік заңын, мәтіндердің мазмұнына жоспар құруды, берілген сұраққа лайықты жауап беруді, шағын диалогке қатысуды, иллюстрацияларды сипаттауды үйренеді.
оқылым дағдысы бойынша негізгі ақпаратты анықтайды, хат, хабарлама, жарнама мазмұнын түсінеді және стильдік ерекшелігін анықтауды, көркем әдеби шығармаларды түсінуді, тақырыбын анықтауды,
мәтіндердің тақырыбын, мазмұндық құрылымын салыстыруды, қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білуді, тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз көзқарасын білдіруге дағдыланады.
жазылым дағдысы бойынша ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарына сай хабарлама, хабарландыру, хат жазу, эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу, жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу, мәліметтерді жинақтай отырып, тақырып бойынша постер жасау, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдануға дағдыланады.
тілдік бағдар дағдысы бойынша сөз таптары: жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау, заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, сан есім (бірліктер, ондықтар, жүз, мың) атауларын білу, жіктеу, сілтеу, сұрау есімдіктерін орынды қолдану, болымды және болымсыз етістіктер, мекен және мезгіл үстеулер, ыңғайластық қатынасты білдіретін және қарсылықтық қатынасты білдіретін жалғаулықтардың қызметін білу, сөйлем: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің жасалу жолдарын білу, құрастыру туралы білімдерін кеңейтеді.
«Қазақ тілі» пәнінің 7-сыныптағы білім мазмұны бойынша білім алушылар
тыңдалым: мәтін үзінділері арқылы оқиғаның дамуын болжау, мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау, әлеуметтік
мәдени тақырыптарға байланысты қажетті сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсіну, повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардың тақырыбы мен идеясын талдау,сөйлеушінің дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы негізгі ойды анықтау, өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап беру.
айтылым: мақал-мәтелдер, терминдер мен неологизмдерді орынды қолдану, мәтін мазмұнын дамыту, кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап, ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу, екпін түрлерін сөз және сөйлем ішінде орынды қолданып айту, шығармадағы кейіпкерлерге автор берген мінездеменің тілдік құралдарын талдау, коммуникативтік жағдаяттың талаптарына сай «сөйлеуші →тыңдаушы» позицияларын еркін ауыстыру, кесте, диаграмма, шартты белгілер, суреттер мен сызбаларда берілген ақпаратты сипаттау.
оқылым:кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде берілген ақпаратты түсіну, ресми -іскерлік (өтініш, нұсқаулық, ресми құттықтаулар, ұсыныстар) салаға қатысты мәтіндердің тілдік ерекшелігін талдау, прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдау, мәтіндердің идеясын, мақсатты аудиториясын салыстырып талдау, қосымша ақпарат көздерінен алынған
мәліметтерді кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілер түрінде ұсыну, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.
жазылым:мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, өтініш, түйіндеме, ресми құттықтаулар жазу, эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу, жазба жұмыстарында теңеу мен метафораны қолданып жазу, тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, презентация түрінде ұсыну, тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (күрделі сөздер), оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.
Тілдік бағдар:
сөз таптары: мәтіндерден көмекші есімдерді ажырата білу, салыстырмалы, күшейтпелі, асырмалы шырайлардың қызметін білу, топтау сан есімдерін, одағай түрлерін орынды қолдану, етістіктің шақтары (бұрынғы және ауыспалы өткен шақ, мақсатты және болжалды келер шақ) мен қалау райдың қызметін білу, мақсат және себеп-салдар үстеулерді орынды қолдану, септеулік шылаулардың қызметін білу.
сөйлем: жазба жұмыстарында ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінің мазмұны көп тілді, көп мәдени тұлғаны қалыптастыруға; мәтіндік материал негізінде, соның ішінде әртүрлі стильдердегі аутентті мәтіндердің мазмұны арқылы сөздік қорды кеңейту арқылы коммуникативтік құзіреттілікті жетілдіруге бағытталған, бұл оқушылардың әлемді қабылдауының және дүниетанымының әлеуметтік- мәдени байытылуын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқу рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, өз Отанына, өз халқына патриоттық қарым-қатынасты және басқа мәдениет өкілдеріне төзімді қарым-қатынасты тәрбиелеуге, сондай-ақ құрдастарымен, мұғаліммен, сол тілді тасымалдаушымен қарым-қатынас кезінде әлеуметтік- мәдени материалды пайдалана білуін дамыту арқылы отбасында, мектепте тұлғаралық қарым-қатынас әдебін тәрбиелеуге бағытталған.
Қазақ тілін деңгейлік оқыту әдістері. Оқыту әдістерінсіз алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. Әдіс алға қойған мақсат пен нәтижені біріктіретін, оқу үдерісінің жүрегі болып табылады. Оқыту үдерісі кезінде есту, айту, оқу және жазу секілді сөйлеу қызметінің білімі, дағдылары мен машықтарын дамытуға бағытталған коммуникативтік әдіс қолданылады
1. Коммуникативті әдіс шет тілін оқытудағы ең белсенді әдістемелерінің ішінде жетекші орын алады. Ағылшын тілі үшін әдістің өзге атаулары – «оксфордтық» немесе «кэмбридждік» – қолданылады. Коммуникативті әдіс жанды ерікті қатынас үдерісінде негізгі тілдік дағдыларды (жазбаша және ауызша сөйлеу, грамматика, оқылым мен тыңдалым) бір мезгілде дамытуға бағытталған. Оқушыны басқа тілде сөйлесуге үйрету – мұғалімнің басты міндеті. Шет тіліндегі лексика, грамматикалық құрылымдар, сөз тіркестері оқушыға оқып жатқан материалдың тез және берік бекінуіне септігін тигізетін шынайы
эмоционалды жағдай контексінде ұсынылады. Коммуникативті әдісте оқушы мен мұғалім арасындағы психологиялық тосқауыл жойылады. Білім алушылар өздері мен мұғалім арасындағы қашықтықтың жоқтығын сезіне бастағанда, олармен қатынас қызықты, көңілді болса, оқушыларға өзге тілде сөйлей бастау оңайға түседі. Оқытудағы көптеген ойын элементтері сабақты жандандырады, оқушылардың эмоционалды көңіл-күйін сақтап отырады, олардың уәжін күшейтеді. «Жұптық», «үштік», «топтық» жұмыстар, тілдік ойындар, рөлдік ойындар, оқушыларға қызық тақырыптардағы пікірсайыстарға қатысу – осының барлығы мұғалімге оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге, сабақтарды шығармашылық және қызықты етуге және де сол мезетте мұғалім оқушыға сездіртпей, оқыту үдерісіне толыққанды бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
–коммуникативті болып табылады, себебі олардың қатынастың 3 белгісі бар: ақпараттық бос кеңістік, таңдау және кері байланыс.
–түрлі әлеуметтік контекстер мен рөлдерді, қатынастарды түсінуге мүмкіндік береді.
– Жұптық және топтық жұмыстар – жиі қолда нылатын әрекет. Психологтердің анықтауынша, кез келген адам естігенінің – 10%, көргенінің
50%, істегенінің – 90%-н жадында сақтап қалады екен , сондықтан қатысымдық бағыттағы ойындар мен басқа тілдесім әрекеттері білім алушыны қарым-қатынасқа түсуге бар қарқынымен ұмтылушы, ізденуші, белсенді әрекет иесі ретінде рөл атқаруына ынталандырады. Коммуникативтілікке бағыттылған ұстаным – тіл үйренушінің ауызша және жазбаша түрде қарым-қатынас жасай алуы үшін қажетті коммуникативтік мүмкіндіктерін тудыруға бағытталған оқыту болып саналады.
Шетел (АҚШ, Германия, Франция) әдістемесінде тіл оқытуда креативті ойлауды дамытудың келесі әдістері кеңінен тараған: креативті жазылым; креативті оқылым; креативті тыңдалым; креативті сөйлесім;
Креативті ойлауды дамытудағы оқыту әдістері белгілі дидактикалық жүйе түрінде көрінеді, бұған сәйкес оқу мақсаты – жүйе құрушы фактор.
Креативті жазылым. Кез келген тілде тілдік қатынас жасау деңгейін жетілдіруде, әсіресе жазылым әрекетін дамытуда арнайы қарастыруды қажет ететін мәселелер бар. Жазылым сөйлеу әрекеті өнімді түрі болып есептеледі. Ал креативті жазылым бұл аудиторияның ерекше бір көңіл-күйде, шығармашылық еркіндікте болғанда ғана іске асуы мүмкін. Креативті жазылымның негізгі мақсаты жазылым әрекеті кезінде оқушының осы жазылым әрекетінен қуаныш пен көтеріңкі көңіл – күйде болуы болып табылады. Өнімді креативті жазылым тіл үйретудің алғашқы деңгейінде-ақ қолданыла бергені дұрыс. Алғашқы кезеңде визуалды тіректің болғаны абзал, мысалы: суреттер, фотолар,тұрмыс заттары, аудио тіректер: аудиомәтіндер, әндер, аспапты музыкалық шығармалар, жазбаша тіректер: өлеңдер, әңгімелер, цитаталар, мақал-мәтелдер.
Жаттығулар жүйесі:
Құрманғазының «Сарыарқа» күйін тыңдай отырып, көз алдыңызға не келеді, соның бәрін жаза беріңіз;
Е. Хасанғалиевтің «Атамекен» әнінің музыкасына туған еліңізді суреттейтін мәтін жазыңыз;
3)суретке қарап 11 буынды өлең шығарыңыз;
4) топтарға бөлініп, шытырман оқиғаға толы қызықты әңгімелер жазыңыз;
5)керемет бір қызықты жерінде үзілген әңгімені аяқтап, түпнұсқамен салыстыруыңыз;
6)бір рөлге кіріп, рөл иесін сипаттаңыз;
7)ойдан шығарылған кейіпкерлерге хат жазыңыз .
Креативті оқылым. Оқуды игертудің алғашқы кезеңдерінде білім алушылардың меңгерген шектеулі сөздік қорларын қолдану арқылы еліміздегі түрлі саяси, әлеуметтік, мәдени, экономикалық проблемалар туралы мағлұматтар беруге болады. Ол үшін дидактиканың «жеңілден ауырға қарай» ұстанымын бағытқа ала отырып, білім алушыларға шағын мәтіндер беріліп,ол мәтіндер күн сайын күрделеніп отыруы тиіс. Оқылым үдерісін бастапқы кезеңінің негізгі міндеті – дауыстап және іштей оқу механизмдерін қалыптастыру. Білім алушылар күнделікті тұрмыста қолданылатын белсенді сөздерді тез қабылдап, дұрыс айта білуге міндетті.. Мәтінді оқу – мәтінді аудару емес.
-мәтін мазмұнын түсіну үшін мәтіндегі барлық сөзді түсіну шарт емес;
-мәтінді түсіну барысында адамда болатын білім қоры (фоновое знание) өте маңызды орын алады;
-мәтінді оқып бастамай-ақ, мәтіннің мазмұны туралы өзіңіз ойлағаннан да көбірек білуіңіз әбден мүмкін.
Жарнама мәтіні, газет мақаласы, күнделік мәтіні,ертегі әлде өлең жолдары ма?
Мәтіннің қосымша элементтері болуы мүмкін (сурет, диаграмма, схема, кесте т.б.) бұлар мәтінді түсінуге көмектеседі.
3) Креативті тыңдалым. Тыңдалым бойынша жүргізілетін жұмыстардың алдын ала мәтіндерді тыңдатудан бастаған жөн. Тапсырма түрі де қарапайым: Тыңдаңыз, түсінуге тырысыңыз. Тыңдалымға үйретудің нәтижелі болуы мәтіннің дұрыс тыңдалуына да байланысты. Оның көлемі үйренушінің қабылдауына әсер етеді. 2-3 минуттық материалды І деңгейде үйренуші есінде толық сақтай алмауы мүмкін. Тыңдалым дағдысын қалыптастыру тілдің табиғи қолданысына, табиғи темпіне негізделуі қажет, ауызекі сөйлеу тілі стиліндегі мәтіндерді ұсыну; бақылау жұмыстарында әртүрлі тестерді ұсыну. Тыңдалым әрекетіне арналған тіл үйренушілердің креативті ойлауын дамытатын жаттығулар түрлері:
Дыбыстарды естіп, ажыратуға арналған жаттығулар:
[ә] дыбысы бар сөздерді естігенде қолдарыңызды көтеріңіздер;
дыбысты естіп, әріп түрінде жазыңыз ;
Сөздерді түсінуге арналған жаттығулар:
мәтінде аталған жануарлардың суреттерін салыңыз;
тыңдалған мәтіндегі кейіпкерлердің мамандығын анықтаңыз;кейіпкерлердің әуестігін атаңыз т.б.
Логикалық ойлай білу қабілетін арттыратын жаттығулар:
бірнеше сөзді тыңдап, осы сөздің бәрін бірақ сөзбен түсіндіріңіз;
диалогті тыңдап, түпнұсқалық қалпына келтіріңіз;
тыңдалым мәтінінде қате айтылған сөйлемдерді дұрыс ретімен айтыңыз; мәтінде естіген оқиғаны рөлге бөлініп ойнап беріңіз.
Жазылым әрекетін дамыту жаттығулары:
1) мәтінді тыңдап, түсіп қалған сөздерді жазыңыз; бір қатар сөздер тыңдап, тек қана мағынасы бір-біріне жақын сөздерді жазыңыз.
Монологті сөйлеуді машықтандыратын жаттығулар:
мәтінді тыңдап, сұрақтарға жауап беріңіз;
мәтінде кездескен сөздердің көмегімен өз досыңызды сипаттаңыз.
4) Креативті сөйлесім. Тіл – сөйлеу құралдарының бүтін жүйесі. Сондықтан сөйлеу құралдарымен сөйлеу әрекетін, олардың түрлерін жан- жақты игермей тұрып, белгілі бір бөтен тілде ойды жеткізу мүмкін емес. Сөйлеу әрекетін дамыту – күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға байланысты адам өз ойы мен пікірін тұжырымдау, ойды сөзбен бейнелеудің, сөйлем арқылы түсінікті түрде жеткізудің амалдарын игеру. Тіл үйренушінің сөйлеу әрекеті оның барлық түрлерін қатар игеріп, ойды дұрыс жеткізуге әсері бар барлық негізгі және қосымша құралдарды пайдаланған кезде жүзеге асырылады. Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту барысында креативті ойлау технологиясын енді сөйлеу әрекетінің маңызды бір түрі-сөйлесімді дамытқанда қолдану жолдары нақты жаттығулар арқылы сипатталмақ. Сөйлесім әрекетінде қолданылатын креативті ойлауды дамытатын тиімді әдістің бірі – қазақ тіл сабағында видео материалдар пайдалану (қысқа фильмдер, классикалық фильмдерден үзінділер, мультфильмдер т.б.). Фильмді көруді бастамас бұрын, бұл фильм не жайында болуы мүмкін деген сұрақпен тіл үйренушілердің өз болжамын тыңдап алыңыз да, фильмді көру барысында сол болжамдарын тексеріңіз.
Шағын метражды фильммен сабақта жұмыс жасауға арналған материалдар:
1.Фильмге дейінгі тапсырма. 2.Фильм барысындағы тапсырма. 3.Фильмнен кейінгі тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |