Об особенностях организации образовательного процесса в общеобразовательных школах республики казахстан в 2016-2017 учебном году


«Казахская литература» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения



бет27/39
Дата23.08.2017
өлшемі6,64 Mb.
#24814
түріИнструктивно-методическое письмо
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39

«Казахская литература» для школ с русским/узбекским/уйгурским/ таджикским языком обучения


«Қазақ әдебиеті» пәнін оқыту арқылы қазақ тілді емес мектептердегі оқушыларды қазақ халқының төл туындыларымен таныстыра отырып, олардың бойында мемлекеттік тілді құрметтеу мен отансүйгіштік сезімін қалыптастыру көзделеді. Білім мазмұны қазақ тілінде еркін, жетік сөйлей алатын мәдениетті тұлғаның қалыптасуы мен дамуына сай қажетті туындылардан құрылған. Білім мазмұнын іріктеуде көркем шығармалар ықшамдалып берілген және әдебиеттiң теориялық мәселелерi, көркем шығармаларды талдау жүйесi, көркем туындының стильдiк ерекшелiктерi тұтастай емес, әр тақырыптың өзіндік ерекшелігіне қарай талданып қарастырылған.

10-11-сыныптарда оқушылар «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша ХІХ және ХХ ғасырдағы әдебиет үлгілерімен танысады. Олар сол кезеңнің көрнекті ақын- жазушылары туралы мәлімет алады. Сонымен қатар, оқушылар қазақ тілінде өз ойларын ауызша, жазбаша баяндауды үйренеді.

«ҚР бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 бұйрығына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық бағыттарындағы «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағат;

11-сыныпта аптасына 1 сағаттан, барлығы – 34 сағатты құрайды.

Мазмұндама– оқушының өз ана тілі мен әдебиетінен алған білімін тексерудің негізгі нысандарының бірі. Мазмұндама арқылы баланың өз ойын жазбаша жүйелі баяндай білу қабілеті мен тіл байлығы, сауаттылық деңгейі айқын көрінеді (1-кесте).


1-кесте – Мазмұндама мәтінінің көлемі төмендегідей болады:


Мазмұндама мәтініндегі сөз мөлшері

Сынып

Сөз мөлшері

10

180-200

11

200-220

Көркем мәтiндi меңгертуде жиi қолданылатын жазу жұмыстарының бiрi – мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтiндi қабылдап, сол қабылдағандарын қайта еске түсіруге тиiс және естерiнде қалған мәлiметтердi өз сөздерiмен жазып беруге дағдыланады, сөз тiркесiн құру, сөйлем құрау шеберлiгiне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бiрқатар сөз тiркесi мен сөйлемдер, бейнелi сөздер оқушының есiнде қалады, оқылған мәтiндi қайта жаңғырту үшiн сөздер мен сөйлемдердi бiр-бiрiмен байланыстыруға жаттығады.

Қазақ әдебиеті пәнінен қолданылатын мазмұндама түрі - дайын мәтiн

бойынша мазмұндама жаздыру. Дайын мәтiн бойынша мазмұндаманың өзiн бiрнеше түрге бөлуге болады:



  • мәтiнге жуық немесе толық мазмұндау;

  • мәтiннiң мазмұнын сақтай отырып, бiрақ баяндалу формасын өзгертiп баяндау;

  • қысқарта баяндау;

  • толықтырып мазмұндау.

Шығарма мен мазмұндама екі бағамен бағаланады:

1-шісі: жұмысының мазмұны мен көркемдік сапасы, тіл байлығы үшін: мазмұны мен идеясы,



  • ой - пікірдің жүйелілігі;

  • стилі;

  • грамматикалық сауаттылығы;

  • әдеби материалдарды пайдалануы.

2-шісі: грамматикалық сауаттылығы үшін:

  • оқушы жұмысының мәтін мазмұны мен негізгі ойға сәйкестігі тақырыптың толық ашылуы, баяндау жүйесі;

  • сөздік қорының деңгейі;

  • сөйлем құрылысы, мәтіннің стильдік біртектілігі, сөз шеберлігіне назар аударылады;

  • орфографиялық, пунктуациялық және грамматикалыққателіктері бойынша сауаттылығы бағаланады.

Мазмұндама, шығарма екі бағамен бағаланады.Баға дәптердің сол жақ шетіне қойылады.

Бақылау жұмысының бағасы жазба жұмысы өткізілген күнгі журналдағы бағанға қойылады.

Шығарма жазу әдістемесі

Шығарма – оқушылардың тілдік және әдебиеттік білімдері мен өзінің таным, түйсік, көзқарасының тәжірибелеріне сүйене отырып өз ойын жүйелі, әдеби тіл мен жеткізуге машықтандыратын жазбаша тәжірибелік жұмыстың бірі.

Шығарманы оқушының тілдік мәдениеті, сөздік қоры, теориялық білімі, әдеби ұғым - түсінігі, жазуға икемі мен ойлау деңгейін аңғаруға болады.

Шығарма жазу және оған жоспар құру - оқушылардың ой –өрісін дамытады.

Шығарманың негізгі мақсаты – оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастыру.

Шығарманың түрлері:



  1. Оқушының өз тәжірибесіне, алған әсеріне байланысты.

  2. Еркін тақырыпқа жазылған шығарма.

  3. Әдеби тақырыпқа жазылған шығарма. Шығарманың құрылымы:

І. Әңгіме түріндегі шығармалардың сызбасы

1. Кіріспе

2.Негізгі бөлім:

3. Қорытынды

ІІ. Талдау түріндегі шығармалардың сызбасы


  1. Кіріспе

  2. Негізгібөлім:

а) Тақырып бойынша көтерілген мәселе ә) Ұсынылған дәлелдер

б) Дәйексөз түріндегі мысалдар в) Өзіндік ойлар



  1. Қорытынды

Шығарма жазу үшін оқушы мынаны білген жөн:

  1. Ұсынылған шығармалардың тақырыбынойланыпалып жазу.

  2. Жоспардың тақырыпқа сай, нақтыболуы.

  3. Эпиграф тақырып пен негізгі идеяғасәйкестігі.

  4. Шығарма мазмұнының тақырыпқа сайжазылуы.

  5. Негізгі пікірлер шығарманың негізгі бөліміндеболуы.

  6. Келтірілген мысалдар, салыстырулар негізгі пікірге байланысты болуы қажет.

Мұғалім шығарманы тексергенде мыналарға ерекше назар аударған жөн:

  1. Логикалықжағынан:а) тақырып пен идеяның ашылуын; ә) пікірдің молдығын;б) дәлелдің дұрыстығы.

  2. Пікірдің жүйелілігі:а) жоспардың жүзеге асуы; ә) әрбір бөлімнің мөлшері.

  3. Грамматикалық сауаттылығы: а) емлелік жағынан;ә) синтаксистік жағынан;

  4. Стилі:а) сөйлемдердің дұрыстығы; ә) көркемдігі.

Эссе жазу әдістемесі


Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірибе, лат.т. exagium – құрау ) –автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе құрылымы

Кіріспе – берілген тақырыпты негіздеу, ол логикалық және және стилистикалық байланысқан компоненттер қатарынан тұрады. Бұл кезенде өз зерттеу барысында ашқалы отырған тақырыпқа қойылатын сұрақты дұрыс қою керек. ”Мен алған тақырып неліктен маңызды?”, “ Менің тұжырымдауымда қандай түсініктер қолданылуы мүмкін?”, “Мен тақырыпты кішкене тақырыпшаларға бөле аламын ба?, т.б. сұрақтарға жауап іздеген жөн.



Негізгі бөлім. Тақырыптың теориялық негізі мен сұрақтың мазмұнын жазу. Бұнда эссенің негізгі мазмұны жазылады, бірақ ол біраз қиындық тудырады. Сондықтан негізгі бөлімді шағын тақырыпшаларға бөлуге болады. Әр тақырыпшаларды аргументті түрде тұжырымдау негізгі сұраққа жауап беруге көмектеседі.

Қорытынды – жалпыланған және аргументі бар, қолдану аймағы

көрсетілген және т.б.түрде болуы мүмкін. Эссенің қорытынды бөлімінде негізгі бөлімде айтылған сұрақтың мәнін қорытындылайды және мазмұнының маңыздылығын ашады. Қорытынды бөлімінде қолданылатын әдістер: қайталау, иллюстрация, цитата, әсер беретін тұжырым (2-кесте).


2-кесте. Эссені бағалау критерийлері.

Критерийлері

Қойылатын талап

Тақырыпты түсінуі

  • мысалдар келтіре отырып, түсініктерді анық және толыққарастыра алуы ;

қолданылған түсініктері тақырыпқа сай болуы;

жұмысты өз бетінше орындауы.



Мәселені бағалай білуі

  • сауатты талдай білуі;

  • салыстыру және жалпылау әдістерін түсініктер мен құбылыстарға өзара байланыста бере алуы;

қаралатын мәселеге өзіндік көзқарасының болуы;

қолданатын ақпараттар диапазонының кеңдігі;

мәтінді графиктер мен диаграммаларға сала алуы;

мәлелені өзі бағалай білуі;



Ой- толғау жасай білуі

мазмұнының анық және ашық болуы;

дәлелдеу логикасын құрастыра білуі;

ұсынылған тезистерге сауатты аргумент келтіре білуі;

әр түрлі көзқарасты келтіре отырып, оны бағалай білуі.

мазмұндаудың жалпы формасының мәселеге сейкес келуі.


Жұмысты орындауы

жұмыс цитаталарды қолданудың талаптарына сай;

лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық, стилистикалық нормаларға сәйкес болуы;

орфографиялық және пунктуациялық талаптарға сәйкес болуы

талап формасына сәйкес болуы


Дәптерлерді тексеру тәртібі:

10-11 - сыныпта жұмыс дәптерлері аптасына 1 рет тексерілуі қажет (3- кесте).
3-кесте. Оқушы дәптерлерінің саны:

Пән

Жұмыс дәптері

Жазбажұмыс дәптері

Сөздік дәптері

Барлығы

Қазақ әдебиеті

1

1

1

3

«Қазақ әдебиеті» пәнінен дәптердегі жазба жұмыстарын келесі тәртіп бойынша орындау ұсынылады:



  • дәптерге ұқыпты, түсінікті жазу;

  • көк сиялы қаламмен жазу және қажет кезінде қара қарындаш пайдалану;

  • қазақ әдебиеті пәнінен жазба жұмыстарына арналған дәптері (бұл дәптерге мазмұндамалар, шығармалар, эсселер, бақылау жұмыстары орындалады);



    • «Қазақ әдебиеті» пәнінен сөздікке арналғандәптері;

Дәптерлердегі барлық жұмыстар төмендегі талаптарды, ережелерді сақтай отырып жүргізілуі керек:

    • ай аты мен күн реті жазбаша жазылады;

    • күн реті мен жұмыс түрінен соң нүкте қойылмайды. Дәптердің басынан, жол тасталмай, барлық жазбалар бір деңгейде жазылады.Үлгі:

Қазанның тоғызы Сынып жұмысы

Сабақ тақырыбы жазылады. 10-жаттығу



    • үй жұмысы сынып жұмысының жалғасы деп есептелінеді де, күн реті жазылмайды;

    • мәтін азат жолданбасталады;

    • сынып жұмысы мен үй жұмысының арасында 2 жолқалдырылады.

«Қазақ әдебиеті» пәнінен сабақтан тыс іс-шаралардыұйымдастыруда келесі мерекелерді ескеру ұсынылады:

    • 2қараша - ағартушы, педагог, фольклоршы, этнограф, жазушы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175 жыл(1841-1889 жж);

    • 5қыркүйек – қазақтыңақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы,түркітанушы, публицист,педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 145 жыл (1872 -1937жж);

    • Исатай Таймановтың 225 жылдығы (1791-1838 жж) - халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры;

    • 5-наурыз - қазақтың көрнекті қоғам қайраткері, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы (1866-1937 жж);

    • Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығы - қазақ халқының XVII – XVIII-ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері (1659-1765 жж).

Әдістемелік бірлестіктің жұмысы. Жыл ішінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті мұғалімдерінің арасында 4 әдістемелік отырысты өткізу және де ұстаздардың ынтасы мен сұранысын, олардың кәсіби машығы мен дағдысын ескере отырып, қәсіптік біліктілігін жетілдіру, шығармашылық жұмысты ұйымдастыруды қарастыру қажет.

Жас мамандармен жұмыс ерекше назарда болуы тиіс. Олардың кәсіби бейімделуіне, кәсіби шеберлігін жетілуіне, пән күнтізбелігін, сабақ жоспарын құруға, үнемі біліктілігін арттыруға бағыт-бағдар беруіміз керек.

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестік отырысында пәнді оқыту әдістемесі мен теориясы бойынша мына мәселелер қарастырылады:


    • маман ретінде кәсіби құзырлықты жетілдіру; факультатив сабақтарды ұйымдастыру түрлері;



      • «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;

      • бейіндік оқыту бойынша жаңашыл ұстаздардың озық тәжірибелерін тарату;

      • «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша зерттеу жұмысында іздену тәсілін іс жүзінде қолдану;

      • оқыту сапасын арттыру мақсатында келесі электрондық оқыту ресурстарын қолдану ұсынылады:

      • http://nao.kz - Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ресми сайты;

      • http://adebiportal.kz- әдебиет порталы; http://old.abai.kz/node/5315 әдебиет әлемі сайты http://u-s.kz/Ұстаздар сайты u-s.kz;

      • http://bilimdiler.kz/kazakh_tili/3861-adebiet-aleminde.htmlӘдебиет әлемінде»Білімділер порталы;

      • http://sabak.ucoz.org/news/2013-08-27-92 сайт творческих учителей Казахстана;

      • http://plani.kz/ «Планы.kz» планирование для учителей Казахстана;

      • http://agartu.com/Просвещение"–казахстанскийпедагогический интернетжурнал;

      • http://obrazovanie.kz/ Каталог Казахстанских ресурсов;

      • http://www.abiturient.kz/Сайт о современном образовании в Казахстане;

      • www.sluh.freenet.kzРусско-казахский словарь;

      • http://ustaz.kz/sait-bolimderi/file/1111-tusibek-g-adebiet-alemi Ашық сабақтар сайты.



«Абаеведение»

«Абайтану» курсы ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы оқыту жүзеге асырылады.

Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған.

Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия сайтына (www.nao.kz) орналастырылды.

Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті есебінен жүргізу ұсынылады.

Курс жүктемесінің көлемі:

10-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағат;

11-сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында – 34 сағатты құрайды.

Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет