Об утверждении Типовой учебной программы дошкольного воспитания и обучения



бет12/29
Дата20.07.2020
өлшемі286,49 Kb.
#63372
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Параграф 6. II -жарты жылдық
60. Тілдік емес дыбыстау:

  1. дыбыстаудың сипатын айтады;

  2. есту және естіп-көру негізінде 4 дыбыстаулардың санын анықтау;

  3. жануарлардың дауыстарын ажырату;

  4. есту арқылы 4-тен таңдау бойынша музыкалық ойыншықтардың дыбыстауларын ажырату;

  5. әр түрлі дыбыстаулардың сипатын ажырату (қарқыны /темпі, биіктігі, ұзақтығы, күші, саны);

  6. таныс әндерді тану.

61. Тілдік дыбыстау:

  1. есту арқылы тапсырмалар мен нұсқауларды орындау;

  2. есту арқылы қысқа сөз тіркестерін тану;

  3. есту арқылы толық сөздер мен сөз тіркестерін тану;

  4. ересектер мен балалардың дауыстарын тану;

  5. дыбыстың шығу орнынан ара қашықтығы тұрақты арттырылған тілдік материалды тану, ажырату (дыбыс күшейткіш құралмен және жалаң құлақпен);

  6. есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін ажырату;

  7. буынды бірқатардан бір буынды бөлу.

62. Ауызша сөйлеу тілін қалыптастыру:

  1. буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  2. буындар мен сөздер материалында дауыссыз дыбыстарды машықтандыру (автоматтандыру);

  3. жағдаятты, дауысты дыбыстар, қарапайым буындармен қоса дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсету (А_, О_, ПАПАПА, ТАТАТА);

  4. буындар мен сөздер материалында дауысты дыбыстарды айыру (дифференциациялау);

  5. 4-тен кем емес дауысты дыбыстарды айту;

  6. 7-тен кем емес дауыссыз дыбыстарды айту;

  7. сөздерді айту (толық, жақын және толық емес);

  8. сөйлеудегі тыныс алуды және ұзақ ауызбен дем шығаруды бақылау;

  9. сөздік екпінді сақтау;

  10. көру арқылы бірбуынды сөздерге ырғақтық сипаттама беру білігі.

Сөздік: Тыңда. Сөйле. Қайтала. Ойна. Тарсылдат. Қыз ән салады. Анам (әкем) үйде. Гуля мұнда, балық жүзеді, ұшақ ұшады, үйді бер, күректі алып таста, допты бер, допты алып қой.

63. Күтілетін нәтижелер:

  1. дыбыстаудың сипатын айтады;

  2. есту арқылы нұсқаулар мен тапсырмаларды орындайды;

  3. жағдаятты дене қимылымен, мимикамен, табиғи ым-ишаралармен көрсетеді;

  4. есту арқылы толық сөздерді, сөз тіркестерін қысқа сөйлемшелерді ажыратады;

  5. есту және естіп-көру негізінде 4 дыбыстаулардың санын анықтайды;

  6. кемінде 4 дауысты, 7 дауыссыз дыбыстарды айтады;

  7. сөздерді толық, жақын айтады;

  8. ересектердің, балалардың, жануарлардың дауыстарын ажыратады;

  9. тұрақты ара қашықтығы арттырылған тілдік дыбыстауларға реакция білдіреді;

  10. есту арқылы таңдау бойынша 4-тен музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратады;

  11. есту арқылы 2-ден таңдау бойынша қысқа сөз тіркестерін айтады;

  12. әр түрлі дыбыстаулардың сипатын ажыратады (қарқыны /темпі, биіктігі, ұзақтығы, күші, саны);

  13. сөздегі екпінді сақтап айтады;

  14. таныс әндерді таниды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет